«Қысқы орманға саяхат»

Білім беру салсы:Таным.Шығармашылық.
Білім беру бөлімі:Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Мақсаты:Балаларға ормандағы аңдардың тіршілігі мен олардың қысқа бейімделуі туралы түсінік беру. Сөздік қорларын молайта отырып,өз ойларын жеткізе білуге баулу,табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Суреттер,аю,түлкі,қоян кейіпкерлер.Сиқырлы экран арқылы.
Блингвальды компонент:Қыс-зима,қар-снег,ақ-белый.
ҰОҚ-ның кезеңдері
Мотивациялық қозғаушылық кезең
Балалар,бүгін бізде ерекше күн.
Қане,орнымыздан тұрып қонақтармен амандасып алайық.
Қуанамын мендн,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан әр күнге!
Сәлеметсіздер ме,балалар!
-балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс
Қыста ауа-райы қандай болады?
-Суық болдады,қар жауады.
-Қардың түсі қандай?(ақ)
Қыс мезгілінде неше ай бар?
3ай бар
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Тәрбиеші: Балалар, сендер қысқы орманға саяхатқа барғыларың келе ме?
Ендеше,орманға саяхатқа бармас бұрын біз қысқы орманмен жане ондағы мекендейтін аң құстармен танысып алайық.
Экраннан қысқы ормандағы хайуанаттармен,ұстардың суретін көрсетеді.
Біз қысқы орманмен жане ондағы мекендейтін аң-құстармен таныс болған сияқтымыз.
Біз орманға бару үшін (көздеріңді жұмыңдар,айналыңдар).
(әуен ойналады)
Орманның даусы естіледі.
-Балалар,біздер орманға келдік,көздеріңді ашыңдар.Орманнан нелерді көріп тұрсыңдар?
Қар жамылған шыршаларды.
Балалар іздерді көреді.
Балалар біз мына іздермен жүрейік.
(Шыршаның түбінде жаурап,көңілсіз отырған қоянды көреді)
Қоян:Ой,сәлеметсіңдер ме,балалар.Орманда не істеп жүрсіңдер?
Қоян сен неге көңілсізсің?
Қоян:менің үйшігімді қасқыр құлатып кетті,ал мен болсам тоңып отырмын.
Қоян сен жылама,біз саған көмектесіп үйшігіңді тұрғызып береміз.
Дидактикалық ойын: «Қоянға үйшік жасаймыз»
Түрлі-түсті қорапшалардан үйшік жасайды.
Қоян:Рахмет балалар сендер болмасаңдар мен тоңып қалар едім.Сау болыңдар!
Балалардың назарын ұйықтап жатқан аюға аударады.
-Балалар,қараңдаршы мына апанда не бар?(Аю)
-Аю не істеп жатыр?
-Ұйқтап жатыр.
-Аю оянып кетеді.
Аю:сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?
-Біз қысқы орманға саяхаттап келгенбіз.
Аю:ендеше қош келдіңдер,бірақ,менің ұйқым келіп тұр.
Аю сен ұйқтама,оданда бізбен бірге сергіту жаттығуын жаса.
Музыка ойналып,балалар аюмен бірге сергіту жаттығуын жасайды.
Аю:-рахмет балалар,сау болыңдар.Орманға қонаққа келіп тұрыңдар!
-Балалар,тағы бір дыбыс естіледі,бұл кім болды екен?
(Аюға бал сыйлап кетеді)
Қасқыр:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар,сендердің дауыстарыңды естіп,сендермен бой сергітіп,ойын ойнасам деймін.
Балалар қасқырмен ойын ойнап жіберейік.
«Түстерін ажырат»
Шарты:жерде шашылып жатқан фигураларды түстеріне қарай қорапқа салу.
Рахмет балалар,бізге қонаққа келіп тұрыңдар.
Балалар,тоңған сияқтымыз,топқа оралайық,ақырын,көзімізді жұмып,сиқырлы қалмақ пен шапанның көмегімен топқа қайтайық,топқа барып қар жапқан ағаштың суретін салайық.
Міне,балалар біз топқа келдік.(балалар отырады)
-балалар,біз орманға бара жатқан жолдан не көрдік.
-дұрыс айтасыңдар,ендеше біз қоянның ізін салып берейі
Рефлексиялық-түзетушілі
-балалар біз орманда қандай аңдармен кездестік?
Қоян,Қасқыр,аюмен.
-қоянға қалай көмектестік?
Үйшік салып бердік.
-аю не істеді?
Бізбен бірге сергіту жаттығуын жасады.
-қасқырші?
Қасқырмен ойын ойнадық.
Топқа оралған сон не жасадық?
-қояның ізін салдық.
Жарайсыңдар балалар,сендер өте ақылды балаларсыңдар.мен сендерді риза болып отырмын.Енді қонақтармен қоштасайық.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі:қыс мезгіліне тән ерекшеліктерді біледі..
Түсінеді:қыстағы аңдардың тіршілігі туралы айта алады.
Қолданады: қарапайымматериялдар арқылы жұмыс жасай отырып, берілген сұрақтарға топпен ұжымдық жұмыс жасауға қалыптасты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *