«Арқаласпақ» қазақтың ұлттық ойыны
Қазақтың ұлттық ойыны «Арқаласпақ»
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Асық ойыны туралы түсінік терін кеңейту.
Дамытушылық: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, тіл дамытуға көңіл аудару.
Тәрбиелік: Балаларды ұлттық ойынға деген қызығушылығын ояту.
Міндеті: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Қажетті заттар: Ребустар, ою-өрнектер.
Сабақ түрі: Ойын-сабақ
Сабақ барысы:
«Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда»,- дегендей ұйымдастырған оқу қызметі «Жарыс» ойын түрінде өтіледі және ең озық, ойлы топты анықтайды. Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. Балалар топтардың аттарын өздері қояды. «Жарыста» ұлттық ойындар, ребустар, сұрақ-жауаптар болады.
-Олай болса, жарысымызды бастайық.
1-тапсырма: «Аяқталмаған мақал — мәтелдер»
Отансыз адам, ормансыз…………. (бұлбұл)
Ата – ағаш, бала…………….. (жапырақ)
Туған жердей жер болмас.
Туған елдей ……………….. (ел болмас)
2-тапсырма: «Арқаласпақ» ойыны.
Жіліктен шыққан сүйек,
Ойнаймыз біз шертіп.
Бәрімізге таңсық
Аты оның — асық.
Балаларға «Арқаласпақ» ойынының ережесі түсіндіріліп өтеді (асықтағы нөмірлер бойынша сұраққа жауап беріледі).
1-сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазыр қыс мезгілі.
2-сұрақ: Қыстың қай айы?
Қаңтар айы.
3-сұрақ: Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін сәрсенбі.
4-сұрақ: Біздің Отанымыз қандай?
Біздің Отанымыз – Қазақстан.
3-тапсырма: Ребус шешу (балалар ребусты шешіп, шыққан сөзге байланысты өлең оқиды).
Бірінші ребус: Алма, тышқан, алмұрт – суреттері.
(сөздердің бірінші әрпінен сөз шығарады – АТА)
Екінші ребус: Әтеш, жапырақ, есік – ӘЖЕ
4-тапсырма: «Теңге алу» ойыны
Шарты: Шеңбер бойынша теңге (сурет) қою. Ішкі жағында жануарларға қатысты суреттер. Балалар шеңбер бойынша ән қимылдарын көрсетіп жүреді, музыка тоқтатылады. Балалар суретті алып, сөздерді қазақ, орыс тілінде атайды.
5-тапсырма: «Ою-өрнектер» құрастыру.
Шарты: төрт бөлікке бөлінген оюдан бүтіндей ою шығару. Ол үшін тапсырманы орындау керек.
«Сөйлем құрастыр»
1-топ: «Мектепалды даярлық топ» тақырыбы бойынша.
-Біздің бөлме үлкен, жарық, таза, әдемі. Менің мында достарым көп.
2-топ: «Ойыншықтар» тақырыбы бойынша.
-Менде ойыншық қоян бар. Ойыншық қоян әдемі, үлкен, түсі ақ.
6-тапсырма: «Тай жарысы» ойыны.
Шарты: Әр топқа тапсырма беріледі.
1-топ: «Көк пен қызыл түсті асықтарды жина»
2-топ: «Сары мен жасыл түсті асықтарды жина»
Қорытынды:
- Балаллар бүгін біз қандай ребус шештік?
- Қандай ұлттық ойын ойнадық?
- «Арқаласпақ» ойыны сендерге ұнады ма?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Логикалық ойындарды ойнауды біледі.
Нені меңгереді: Ұжыммен жұмыс жасауды, ептілікті, шапшаңдықты меңгереді.
Қорытынды: Балалардың білімін бағалау. Мадақтау.