Ғажайып пішіндер
Калабазарова Даригул Алсейтовна
Облысы: Ақтөбе
Қаласы: Ақтөбе
№41 «Назерке» МДҰ
Қызметі: Тәрбиеші
Тақырыбы: «Ғажайып пішіндер»
Телефон: +7 7054726071
Мақсаты: Балаларға геометриялық пішіндер, дөңгелек және сопақша пішіндердің айырмашылығын түсіндіру.Дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Айдың аттарын білесіңдер ме?
Бір аптада неше күн бар?
Сендер 5 – ке дейін санау білесіңдер ме? (кері, тура санау)
Ғажайып сәт: Қонаққа сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлем балалар, қалдарың қалай?
Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе, сайқымазақ.Бізде бәрі жақсы, өзің қалайсың?
Сайқымазақ: Менде бәрі жақсы.Сендерге қонаққа келдім.Бірақ бос қол келген жоқпын мен сендерге бірнеше тапсырмалар әкелдім.Өзім осы тапсырмаларды орындай алмадым.Маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?
Балалар: Әрине көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше біздің балалармен бірге отырағой.Бәріміз көгілдір экранға қарайықшы.Балалар қараңдаршы мыналар қандай пішіндер?
Балалар: төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш.
Тәрбиеші: Бүгін сопақша және дөңгелек пішіндердің айырмашылықтарымен танысамыз.
Дөңгелекті қолымыз бен дөңгелетіп айналдырғанда кедергілер болмайды.Дөңгелектің кедергілері болмағандықтан олар домалайды.
Ал, сопақшаның екі жаны түзу сызықпен екі шеті доға болып келеді.
Сондықтан оны сопақша дейміз.
Дөңгелектерге қандай заттар ұқсайды? (доп, шар, машинаның дөңгелегі, машинаның рөлі, күн)
Сопақшаға қандай заттар ұқсайды (шар, айна, жұмыртқа, батон нан, жапырақ)
Балалар біздерге Сайқымазақ ғажайып қобдиша алып келіпті.
- Тапсырма :Ойын: «Ғажайып қобдиша»
Бұл әдемі қобдишаның ішінде геометриялық пішіндер бар.Қазір мен бір баланы ортаға шақырамын.Сол бала мына жерден қолын салып, сипау арқылы мен айтқан геометриялық пішінді маған алып беру керек (балалар қобдишаның ішінен геометриялық пішіндерді сипау арқылы анықтайды)
Тәрбиеші: Балалар тақтаға қарайықшы қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар?
- Тапсырма : Ойын: «Ұқсас заттарды тап?»
Шарты: Дөңгелек, сопақша пішіндеріне ұқсас заттарды тауып, орналастырады.
3.Тапсырма: Ойын: «Жоғалған пішінді тап»
4.Тапсырма: Пішіндер туралы тақпақтар.( 2-3 бала )
Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық
Қолдан шеңбер құрайық
Дөңгелектей дөңгелеп
Шыр айналып тұрайық,
Қолды аспанға созайық,
Түзу болып тұрайық,
Бір – біріне қосылып,
Үшбұрышты құрайық.
5.Тапсырма: Ойын:«Көңілді сайқымазақ»
Балалар мына суретте көңілді сайқымазақ бейнеленген, сендер мына сайқымазақтың екі қолындағы шарды, телпегін, аяқтарының басына түстеріне сәйкес қалпақтарды тауып бұрауларың керек және неше қақпақты бұрағандарыңды санайсыңдар.
Тәрбиеші :Сайқымазақ көрдің бе, біздің балалардың ақылды екенін.
Сайқымазақ:Иә көрдім өте ақылды, алғыр балалар екен. Менің тапсырмаларымды орындады . Рахмет балалар (сайқымазақ шығып кетеді.)
Тәрбиеші:Бүгін қандай пішіндермен таныстық?
Дөңгелекте неше бұрыш бар ?
Сопақшада неше бұрыш бар?
Бағдаршамда неше көз бар?
Аспанда неше күн бар?
Жарайсыңдар, балалар.
Ұйымдастырылған оқу қызметті аяқталды.