Үй жануарлары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№8 «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының
Тәрбиешісі: Мамутова Гулзия Толесиновна
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта Тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты: Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту. Дамытушылығы: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойлау арқылы сөздік қорларын кеңейту. Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу. Әдіс- тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын. Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері . Тәрбиеші: Балалар, «Амандасу- адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері: Көкке қолды созайық, Күннен шуақ алайық Гүлге қолды созайық Алақанға салайық Жүректен жылу алайық Оны да соған қосайық Жиналған жылы шуақты бір-бірімізге шашайық.
–Балалар қазір жылдың қай мезгілі? — Қыс мезгілінде неше ай бар? — Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? — Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар? — Өте жақсы. Жарайсыңдар! — Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы? — Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық — ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит- жеті қазнаның бірі. — Балалар, сендер ата- әжелерің қандай сөздермен еркелетеді? — Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, ботам, еркем, кішкентай лағым, қошақаным. Сендерді ата- әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттымен еркелетеді екен, қандай тамаша?
—Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің төлі – бота, сиырдың төлі – бұзау, қойдың төлі — қозы, ешкінің төлі — лақ, жылқының төлі — құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы жануарлар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың , қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата-бабамыз да үй жануарларын өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
( Осы кезде есік ашылып әже кіреді) Әже: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер. — Бұл қай жер екен? — Балабақша. — Қандай балабақша? — «Ақбөбек» балабақшасы. – Естілмейді қандай балабақша? — « Ақбөбек» балабақшасы. — Мен, осында ойнап жүрген немеремді іздеп жүрмін, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдерме? Балалар — жоқ Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Әже төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі үй жануарлары туралы айтып жатыр едік. Әже: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен? Шөре, шөре, лағым, Тентек болма шырағым, Селкеңдемей құлағың, — деп нені айтамыз? (Лақ) Қара көзі мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүзі үлбіреп,- деп нені айтамыз? (Ботақан). Әукім- әукім әукешім, Енең әне келеді, Ақ мамасын береді. Әукешім- деп нені айтамыз? ( Бұзау) Басында екі таяғы бар. Төрт аяғы бар. Адам деуге болмайды, Сақалы тағы бар. Бұл не? ( Ешкі) Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Әже уайымдамаңыз, немереңіз табылады! Шаршаған шығарсыз, бәріміз бір сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Видеомен Әже: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп серігіп қалдым. Тәрбиеші: Қане, балалар Әжемізбен бірге «Төлдерін тап» ойынын ойнайық. ( Немересінің даусы естіледі) Тәрбиеші: Рахмет! Әже сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!
Қортынды.
— Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады? — Бізге қонаққа кім келді?
— Үй жануарларының төлдерін не деп атайды? — Малдың дыбыстарын қалай атайды? Жылқы- кісінейді. Сиыр- мөңірейді. Қой, ешкі — маңырайды. Түйе- боздайды.