«Ойнайық та ойлайық»
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№ 8 «Ақбөбек» бөбекжай – бақшасының
Тәрбиешісі: Бердатова Тазагуль Абдрахмановна
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметінің тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық
Оқу қызметінің мақсаты: заттарды санау, салыстыру, мысалдар шығару. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: 0 — ден 7-ге дейінгі сандар, кеспе қағаздары, слайд Психологиялық дайындық
Армысың, асыл Күн,
Армысың, асыл Жер.
Армысың, жан Досым,
Армысың, көк Аспан
Жылуыма жылу қос
Болайықшы жақсы дос
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Бүгінгі оқу қызметімізге қонақ апайлар қатысып отыр. Математикадан білімдерімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындаймыз. үш топқа бөлініп алайық:
1 топ: дөңгелек, 2 топ: үшбұрыш, 3 топ: төртбұрыш
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық:
1. Кім шапшаң?
2. Қандай сан жетіспейді?
3. Логикалық есептер
4. Келіңдер, есептейік
5. Кім жылдам?
1. Кім шапшаң.
0-ден 7-ге дейінгі сандар шашылып жатады. Сандарды рет – ретімен, қай саннан кейін қай сан тұратының қарап, жазып шығу.( 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.)
2. Қандай сан жетіспейді?
Сандар қатарындағы жоқ санды тауып, жазу. 0, 1,…, 3, 4,…, 6,….
3. Логикалық есептер.
1.Айгүлде үш мысық,
Айнұрда екі мысық.
Қосқанда барлығын,
Болады неше мысық? (3+2=5)
2. Жүзіп жүр 4 аққу
Ұшып жүр 2 аққу
Қосқанда екеуін
Болады қанша аққу? (4+2=6)
3. Алма ағашта 5 алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма? (5 — 5=0)
Сергіту сәті.
Сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
4. Келіңдер, есептейік.
Үш топқа үш түрлі есеп беріледі. Есептің шешуін қатесіз, шапшаң шығару.
1 – тапсырма:
Дөңгелек —— Үшбұрыш —— Тіктөртбұрыш
1+1= ————— 2+2 = ———— 2+1=
2+3= ————— 3+1 = ———— 3+2=
5 — 2 = ———— 4 — 2 = ———— 5 — 3 =
2 — 1 = ———— 4 — 1 = ———— 3 — 1 =
2 – тапсырма:
Ақша санауды үйренеміз. Сол жақтағы ақшаларды санап, оң жақтағы дөңгелектің ішіне цифрмен жаз
5. Кім жылдам?
-І-топ: Сана да жаз.(суреттер беріледі)
ІІ-топ:5 санының құрамын анықта
ІІІ-топ:3 қызыл машина
2 көк машина
Барлығы: 5 машина. 3+2=5
Тәрбиеші: Сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Сөз кезегін әділ – қазы алқаларына береміз. Үш топты мадақтау.