Үй жануарлары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№8 «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының
Тәрбиешісі: Мамутова Гулзия Толесиновна
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойлау арқылы сөздік қорларын кеңейту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу. Әдіс- тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері .
Тәрбиеші: Балалар, «Амандасу- адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Көкке қолды созайық,
Күннен шуақ алайық.
Гүлге қолды созайық
Алақанға салайық,
Жүректен жылу алайық
Оны да соған қосайық,
Жиналған жылы шуақты бір-бірімізге шашайық.
–Балалар қазір жылдың қай мезгілі? — Қыс мезгілінде неше ай бар?
— Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
— Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
— Өте жақсы. Жарайсыңдар!
— Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
— Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық — ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит- жеті қазнаның бірі.
Балалар, сендерді ата- әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, ботам, еркем, кішкентай лағым, қошақаным. -Сендерді ата- әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттымен еркелетеді екен, қандай тамаша?
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің төлі – бота, сиырдың төлі – бұзау, қойдың төлі — қозы, ешкінің төлі — лақ, жылқының төлі — құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы жануарлар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың , қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата-бабамыз да үй жануарларын өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
( Осы кезде есік ашылып әже кіреді) Әже: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
— Бұл қай жер екен?
— Балабақша.
— Қандай балабақша?
— «Ақбөбек» балабақшасы.
– Естілмейді қандай балабақша?
— « Ақбөбек» балабақшасы.
— Мен, осында ойнап жүрген немеремді іздеп жүрмін, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдерме?
Балалар: жоқ.
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Әже төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.
Әже: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?
1)Шөре, шөре, лағым,
Тентек болма шырағым,
Селкеңдемей құлағың, — деп нені айтамыз? (Лақ)
2)Қара көзі мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүзі үлбіреп,- деп нені айтамыз? (Ботақан).
3)Әукім- әукім әукешім,
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Әукешім- деп нені айтамыз? ( Бұзау)
4)Басында екі таяғы бар.
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Сақалы тағы бар. Бұл не? ( Ешкі)
5)Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Әже уайымдамаңыз, немереңіз табылады! Шаршаған шығарсыз, бәріміз бір сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Видеомен
Әже: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп серігіп қалдым.
Тәрбиеші: Қане, балалар Әжемізбен бірге «Төлдерін тап» ойынын ойнайық.
( Немересінің даусы естіледі)
Тәрбиеші: Рахмет! Әже сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!
Қортынды.
— Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
— Бізге қонаққа кім келді?
— Үй жануарларының төлдерін не деп атайды?
— Малдың дыбыстарын қалай атайды?
Жылқы — кісінейді. Сиыр-мөңірейді. Қой, ешкі – маңырайды. Түйе-боздайды.