О о дыбысы мен әрпі
Түркістан облысы
Арыс қаласы
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш пән мұғалімі:
Амантаева Гаухар Ералиевна
Сабақтың барысы
Пән: сауат ашу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: 21.02.2020 ж Сыныбы: 1 «А» |
Мектеп: Сәкен Сейфуллин Амантаева Гаухар Ералиевна
Мектебіме саяхат Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | О о дыбысы мен әрпі |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары | 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін қолдану(буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. 1.1.8.1Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
|
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: О о әрпін таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді. Оқу түрлерін қолданады. Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады.
О о әрпін каллиграфиялық талаптарға сай жазады. Көпшілік оқушылар: Сұрақтарға жауап береді. О о дыбысының дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. Кейбір оқушылар: О о дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Тиісті бояумен бояйды. |
Бағалау критерийлері | Әріптерді танып, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді. Берілген сурет бойынша әңгіме құрайды. Оқудың түрлерін қолданады.(буындап оқу). О о әрпін каллиграфиялық талаптарға сай жазады. О о дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасайды. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: мектеп ұғымына байланысты сөздік қорын ұлғайтады.
Пәнге қатысты лексика және терминология: Жол ережесі, жол қауіпсіздігі, автобус, троллейбус, метро, стадион, кресло, жол. Диалогқа қажетті тіркестер: — Сен мектепке қалай келесің? — Жолда қауіпсіздік ережесін сақтау керек пе? |
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық ынтымақтастық, өмір бойы білім алу |
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, жаратылыстану |
АКТ-ны қолдану дағдылары | |
Бастапқы білім | О о дыбысын таниды, буындап оқи алады |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір болу, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Стикерге жазылған сандар арқылы 3 топқа біріктіру. Бағалау түрімен таныстыру. Тапсырмаларды толық орындаған оқушыларға О әрпінің бас әрпін сыйға беремін. Жауап толық болмаған жағдайда о әрпінің кіші әрпін сыйға беремін. |
Стикерлер
О о әріптері |
||||
Сабақтың ортасы | Оқулықтағы мәтінді оқып, оқушыларға сұрақ қоямын. «Мерей мектепке қалай келеді екен?», «Ал Әли ше?» Әлидің мектепке баратын жолын мұқият қарайық. Ол бірнеше көлікке мінеді екен. Әлиге жолда жүру ережесін сақтау маңызды ма? Жауаптарды талдау.
Белсенді оқыту тәсілі: сұрақ қою және талқылауда-жабық және ашық сұрақтарым арқылы қабілеті жағынан әртүрлі оқушының пікірталасқа қатыстырамын. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық. О дыбысы қандай дыбыс? Мұғалімнің болжауы: Дауысты, кедергіге ұшырамай, еркін шығатынын айтады. 1-тапсырма. Топтық жұмыс Кеспе әріптерден топта буын, сөз құрау, оларды оқу. Қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмыс. Белсенді оқыту тәсілі: Оқушыларға үдеріс барысында әріптесімен топта бірлесе талқылату арқылы өз пайымдарын кеңейтуге ықпал етемін. Дескриптор: -Кеспе әріптерден буын құрайды; — Буындардан сөз құрайды, оларды оқиды. Қ.б: Дұрыс орындаған топ мүшелеріне О әрпін сыйлау. Сергіту сәті: Оқушылар орнынан тұрады. Хормен айтады: Тербеледі ағаштар, Алдынан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі. 2-тапсырма. Жеке жұмыс. Кеспе қағаздар таратылып беріледі. Суреттерге қарап, дөңгелектерге сөздер жазу. Ондағы дауысты дыбысты қызылмен, дауыссыз дыбысты көкпен бояу. (суреттері) Белсенді оқыту тәсілі:Көрсету және моделдеуде-берілген нақты сөздің дауысты және дауыссыз дыбыстардың орналасуын түсті дөңгелекшемен белгіленуін және сөздерді жазуын іске асырамын. Дескриптор: -Берілген суреттерге қарап сөз жазады; -Дыбыстық талдау жасайды. Қ. б: Дұрыс орындаған оқушыларға О әрпін тарату. 3-тапсырма. Дәптермен жұмыс.О о әрпін жазу жолына каллиграфиялық талаптарға сай жазу. Дескриптор: О о әрпінің бас және кіші әрпін калиграфиялық талапқа сай жазады. Қ. б: Дұрыс орындаған оқушыларға О әрпін тарату. |
Оқулық
Кеспе әріптер
Кеспе қағаздар
О о әріптері Жұмыс дәптері
О о әріптері |
||||
Сабақтың аяғы | Кім көп әріп жинады? Кімде бас әріп көп? Мадақтау сөздерін айту. Кері байланыс: «Менің сүйікті кейіпкеріме хат» әдісімен.
Балалар, сендер қандай мультфильмді жақсы көресіңдер? Өздерің жақсы көретін кейіпкерге хат жазыңдар. Сендерге екі бөлікке бөлінген парақ беріледі. Біз барлығымыз бүгінгі сабақтан үйренгенімізді мультфильм кейіпкеріне хат арқылы жазамыз. — Бірінші бөлікке О о әрпінің бас және кіші әрпін көркем етіп жазыңдар. — Екінші бөлікке оқып үйренген сөздеріңді жазыңдар
|
Хат түріндегі парақшалар
|
||||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Жабық және ашық сұрақтарым арқылы қабілеті жағынан әртүрлі оқушының пікірталасқа қатыстырып қолдау көрсетемін. Оқушыларды үдеріс барысында әріптесімен топта бірлесе талқылату арқылы өз пайымдарын кеңейтуге ықпал етемін.Көрсету және моделдеуде-берілген нақты сөздің дауысты және дауыссыз дыбыстарының орналасуын түсті дөңгелекшемен белгіленуін және сөздерді жазуын іске асырамын. Осы тапсырманы жеке жұмыс арқылы ұйымдастырып, оқушылардың тапсырманы орындау қарқыны бойынша саралаймын. Қолдауды қажет ететін оқушыларға уақыт беремін. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша дыбыстық талдау жасауға арналған тапсырма дайындап қоямын. | Әр тапсырмада дескриптордың екі қадамы орындалса О әрпінің бас әрпі беріліп бағалау жүргізеді;
Қалыптастырушы бағалау сұрағы беріледі; Қалыптастырушы бағалау жинағынан тапсырма алынады. «Менің сүйікті кейіпкеріме» кері байланысы алынады.
|
Қауіпсіздік
ережелерін үнемі естеріне салып отырамын. Партаға дұрыс отыру,сыныпта жүгірмеу. Оқу құралдарын қолданғанда сақ болу. Сергіту сәтінде бір-біріне күлімсіреп алақан жылуын сыйлайды. |
||||