ИМАНИПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

ИМАНИПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығарма-ларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.Қазақ халқы-ның ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағлым болса, оның сана-сезімінің дамып, жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп ой түйіндеген. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейрімділікке, кішіпейлдікке сияқты қасиеттерді жастар ға түсінікті болатындай еңбектері арқылы жеткізе білді. Демек, келешек жас ұрпақ идеялы да берік, еңбек сүйгіш те ақжарқын, күрескер де батыл, абзал жанды имандылық, адамгершілігі мол мұрагер етіп, тәлім-тәрбие беру ісінде ақын өлеңдері құдіретті құрал ретінде қолданыла береді Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді бұрын-сонды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындаған. Өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, оның болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ы. Алтынсарин: «Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын»,- деп Н.И.Ильминскийге (1884 жылдың 14 сентябрі) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтармен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады.Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен-балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді: « Бірқұдайға сиынып,Кел, балалар, оқылық.Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.Істің болар қайыры,Бастасаңыз алда-лап… Оқу білген таниды,Бір жаратқан құдайды. Танымаған құдайды, Неғылғанда ұнайды…» деп, қазақ баласын оқуға, білімге шақырған алғашқы қоңырау үні күні бүгінге дейін,тіптен мәңгілік қазақ даласынан естіліп тұрады… Ыбырай бар қазақ баласын оқуға, білімге шақырып қана қойған жоқ, ол балалар оқысын деп мектеп ашты. Ол мектепті өз қолымен, өзінің жобасымен салды. Қазақ арасында бірінші болып мектеп оқушыларына арнап оқулық кітап та жазды. Ол ол ма, ақын Ғафу Қайырбековтың сөзімен айтқанда, қазақ даласындағы ең алғашқы өлеңдерін қағаз бетіне түсірген ақын, аудармашы және публицист. Алтынсарин жорналшы, экон-омист-финансист,құрылысшы, ұстаз ғана емес,ол тіпті, діндар. Ыбырай Алтынсарин, Ислам дінінің негіздерін терең түсінген, қалың қазаққа оны түсіндірген, ислам дінінің адам тәрбиесіне берерін әбден зерттеп білген діндар да, сол дінді насихаттаушы да. Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеумет-тік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады.Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мәні-еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебел-ендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу — кісіліктің басты белгісі» — деген. Адамдарға тиісті мінез туралы: «…дүниеде де ізгі құлықты адам һәм сүйкімді,һәм қадірлі »,«…Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе-бұлар адамгершілік қасиеттер.»-болады деген. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген бабамыз білім беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және интеллектуалдық аспектілерін ғана дамытп қоймай, ең алдымен баланың жоғарғы рухани-адамгершілік табиғатын ашу керек. Себебі бала шынайы адамдықты, танып білуді педагогикалық үдеріс кезінде үйренеді. Бұл жағдайда иманипедагогиканың классигі Ыбырай Алтынсариннің өзінің заманында жазған : «…Қазақ халқы азбаған, табиғи таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: ой-пікірі еркін;оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр» -деген тавмаша қағидаты бар. Білім сапасы мұғалімге байланысты. Оқыту мен тәрбиелеуде басты күш – ұстаз тұлғасы. Ыбырай айтқандай «Халық мектептері үшін мұғалім бәрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да тенесе алмайды».Ыбырай Алтынсарин өзінің ардақты борышын-халқының көзін ашу, қазақ балаларына өнер-білім беру — деп түсінген.Осы жолда 30 жылдай аянбай ағартушылық еңбек еткен. Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.Ол қазақ даласында татар молдалары таратқан діни оқуға, сондай-ақ патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген христиан дінін таратуға қарсы болды. Ы.Алтансарин қазақ тілінде кітаптар жазып , оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері-деп жазды ол -қазақтарға татар фанатизмнің ықпалын тигізбеу ғой.Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде , олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар татар кітаптарымен қатар,зор күш болар еді.»Ұлан байтақ қазақ даласында дүнияда мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол: «Орыс-қазақ мектептері-қазақтарға білім берудің басты құралы…біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір) білім беретін болсын.Ғылыммен қаруланған,әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар фанатизмнің де күлі көкке ұшады» деп дала халқына ағартушылық идеяның нұрын себе баста-ды».Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу керек деп қарады.Осы мақсатпен ол 1883 жылы өзінің “Мұсылмандық тұтқасы” атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен, өзінің досы Н. И. Ильминскийдің көмегімен бастырып шығарды. Ы.Алтын-сариннің “Мұсылмандық тұтқасы” кітабын жазып шығаруына екі түрлі жағдай себеп болды: біріншіден, сол заманда қазақ ауылдарында оқытылатын діни кітаптар (“Иманшарт”, “Кәлем шариф”,т. б.) араб тілінде жазылғандықтан,оның мазмұнын не молда, не оқушы түсінбей, құрғақ жаттаумен болды.Ал діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар дін-шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беретін.Ыбырай ислам дінінің аяттар-ындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарасарына негіздей отырып түсіндіруді көздеді. Ол діннің өзін тәрбиенің құралы деп қарады. Мысалы, Ыбырай осы кітаптың кіріспесінде:“…Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керекті-гіне көңілі дұрысталмаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды…” Құдай тағала ешкімді жамандық жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түссе де ықтияр береді”, — деп адамның жамандық, яки жақсылық іс-әрекетін Алла тағала істетті дейтін молдалар насихатына қарсы шығады. [ 1 ] Ыбырай Алтынсариннің «Шариат-ул ислам» (Мұсылманшылықтың тұтқасы) еңбегі ислам дінінің негізін терең түсіндіре отырып, ең басты көңіл бөлгені, жүрекке байлайтыны – «иман» екен. Ал, осы «иман» деген не? Оның мәні мен мағынасы не? Ол нені білдіреді? Қарастырған тақырыбымызға сай осы мәселені толық талдау жөн болмақ.Ыбырай бабамыз былай жазады:«… әрбір жақсы амалдардың да асыл түбі иманнан, яғни, инанудан келеді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды… Иманның екі мағынасы бар: бірі – тіл мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз – әркім тілмен айтып растамақ. Мәселен, мұсылманшыл-дығымызға бас куәлік – сөзіміз немесе араб тілінше шәһәда (куәлік беру). Яғни, «куәлік беремін: жоқты бір Құдайдан бөтен Құдай (жоқтығына) және куәлік беремін, Мұхаммед, оның құлы һәм елшісі екендігіне деп, шариғат мағынасын растағанда, ол иманды көңілмен растамақ. Бұл растамақ дегеніміз, жалғыз Құдай тағала бар… (5. 12 б.).Мұның арғы жағында нені болса да көңілмен, жүрегімен сеніп істеу керек. Себебі, әр адамға діннің ең басты берері де сенім. Адамның ең алдымен Құдайға, содан кейін өзіне деген сенімі жатыр.Ыбырай бабамыз айтқандай, Ислам дінінің де жастарға беріп отырған тәрбиесі осы – имандылық. Имандылықты діни уағыз деп түсінсек, оның мән-мағынасын тереңдете түскен орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский: «Діннің қажеттілігін, яғни, адамның ішкі дүниесіне үңіле алмайтын, имансыз адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болмайды» деген екен (. 6.118. Стр. 614.). Олай болса, имандылық дегеніміз адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды қасиеттердің жиынтығы болса керек. Бұл ғалымдардың жазулары бойынша «имандылық» дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол имандылықтан тарайды, яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол имандылықты құрайды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген,Ы.Алтынсарин өз ойын іске асыру жолында екі бірдей кертартпа күшпен алысып бақты. Оның бірі-қазақ даласындағы ислам дініне негізделген татарша оқу болса,екіншісі-патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген қазақ балаларына христиан дінінің заңдарын оқытуды көздеген миссионерлік саясат еді. Миссионерлік саясатты қолдаушылар мүмкін болғанша қазақ жастарын орысша оқыта отырып,өз ұлтының тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен мүлде бездіріп, орыстан-дыруды-шоқындыруды көздеді сөздерін күнделікті өмірде ұстануға шақырады. Имандылықты адамның жан-дүниесін, болмыс-бітімін бейнелейтін адамгершілік ізгі қасиет ретінде қарастыра отырып,оны тұлға жетілуінің сапалық көрсеткіші ретінде анықтайды. Ыбырай Алтынсарин, Ислам дінінің негіздерін терең түсінген, қалың қазаққа оны түсіндірген, ислам дінінің адам тәрбиесіне берерін әбден зерттеп білген діндар да, сол дінді насихаттаушы да. Ол,алғашқылардың бірі болып, «Мұсылманшылықтың тұтқасы» (Шариат-ул-ислам) еңбегін жазды. Ыбырай қазақ қауымына бұл еңбектің аса қажеттілігін терең түсінді. Ұлы ұстаз әр қазақтың баласы өзінің мұсылман екенін білгенін, жүрегімен терең сезінгенін міндет деп санады. Ең бастысы, ол діннің қажеттілігін, оның тәрбиелік жағын терең түсінді. Ыбырайдың міндеті өзіне дейін ислам діні жайлы жазылған кітаптарды пайдалана отырып, оларды өзінің мұсылман діні жайлы ойға түйгендерімен толықтырып, қарапайым тілмен ислам діні жайлы арнайы кітап жазып, өзінің осы кітабының көмегімен қазақ халқына Ислам дінін насихаттау,ислам дінінің негіздері мен оның тілек-талаптарын жеткізуді көздеген. Ыбырай мұсылман деген кім, ол қандай болуы керек, Құдай жолында ол күнделікті қандай шарттар мен парыздарды орындауға міндетті екендігін қазақ тіліне аударып, олардың барлығын халыққа қарапайым қазақ тілінде түсіндіріп, шамасы келгенше жеткізіп те берген. Ыбырай Алтынсарин «Енді, ей, дін – қарындастарымыз, бізге ең әуелі керегірек іс-сол, әуелі білмек керек немен мұсылман болатынымыз. Мүмин (дінге сенуші) мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп, мұсылман арасында жүргені емес. Әуелі иманды болып, ол «иман» деген не екеніне түсініп, түсінген сон, сол иман ішіндегі сөздерді шексіз шын көңілімен дұрыс деп білген кісіні мұсылман деп атайды. Соның үшін Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелі иман ислам» еңбегінде:– ислам дінінің бес парызынан да бұрын, ең басты көңіл бөлетіні, жүрекке байлайтыны – «иман» екен. Ал, осы «иман» деген не? Оның мәні мен мағынасы не? Ол нені білдіреді. Ыбырай бабамыз былай жазады:«… әрбір жақсы амалдардың да асыл түбі иманнан, яғни, инанудан келеді. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмай ды… Иманның екі мағынасы бар: бірі –тіл мағынасы. Тіл мағынасы дегеніміз-әркім тілмен айтып растамақ. Мәселен, мұсылманшылдығымызға бас куәлік – сөзіміз немесе араб тілінше шәһәда (куәлік беру). Яғни, «куәлік беремін: жоқты бір Құдайдан бөтен Құдай (жоқтығына) және куәлік беремін, Мұхаммед, оның құлы һәм елшісі екендігіне деп, шариғат мағынасын растағанда, ол иманды көңілмен растамақ. Бұл растамақ дегеніміз, жалғыз Құдай тағала бар… (5. 12 б.).Мұның арғы жағында нені болса да көңілмен, жүрегімен сеніп істеу керек. Себебі, әр адамға діннің ең басты берері де сенім. Адамның ең алдымен Құдайға, содан кейін өзіне деген сенімі жатыр.Ыбырай бабамыз айтқандай,Ислам дінінің де жастарға беріп отырған тәрбиесі осы – имандылық. Имандылықты діни уағыз деп түсінсек, оның мән-мағынасын тереңдете түскен орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский: «Діннің қажеттілігін, яғни, адамның ішкі дүниесіне үңіле алмайтын, имансыз адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға болмайды» деген екен (55;57;25: 614.б). Олай болса, имандылық дегеніміз адамның бойындағы ең бір қажетті, ең бір құнды қасиеттердің жиынтығы болса керек.Бұл ғалымдардың жазу-лары бойынша «имандылық» дегеніміз адам (жас бала) тәрбиесінің алтын арқауы, негізгі діңгегі. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет сол имандылықтан тарайды, яғни, адам баласының бойындағы ең жақсы деген қасиеттер сол иманды-лықты құрайды.Ыбырай Алтынсарин айтады: «Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелгісі иман болса керек» (38 10 бет). Бұл сөздерімен Ыбырай бабамыз, ең алдымен, Құдайға сен, содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң сенімді бол, нені болса да сеніммен істе дегені. Яғни, ұлы ұстаз өзінің бұл сөздерімен қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр. Ыбырай айтып отырған «иманды-лықтың» арғы жағын-да Құдай тағала рұқсат еткен, солай жүр деп жол сілтеген небір керемет ұғымдар жатыр. Сондай-ақ,Ыбырай бабамыз былай дейді: «…иманнан соң дін ғылымы дүр.Дін ғылымы дегеніміз, Құдай тағала пенде-леріне екі жол көрсетті: бір жолы-осылай бар деп бұйырған жолы, екіншісі – бұл жолға түспе деп тыйған жолы… Әуелгі жолдың баратын ұшы – ұжмақ, соңғы жолдың ұшы – тамұқ». Әр екі жолды көрсетіп қойып, қайсысына түсудің ықтиярын бұл дүниеде Құдай тағала адамның өзіне берді.Осы екі жолдың мәнісін түсініп, үйренуді дін ғылымы деп атаймыз» (2. 10 б.). Яғни, қай жолға түссе де, адамның өз еркі. Жақсылық пен жамандықты таңдау да адамның өз еркі.Бірақ, діннің міндеті адамның көзін ашып, үйретіп, оны дұрыс жолға, кімге болса да пайдалы, игілік жолына салу. Дін білімінің керегі міне осы жерде болса керек. Иманипедагогиканың негізгі қағидалалары осылай тиянақталып,ұлы ұстаз оның жарық жұлдызына айналды .Еңбастысы Ыбырай бабамыз имандылыққа баулу қазақ ілімін педагогика классиктері К.Д,Ушинский, А,П.Толстой т.б. ғалымдардың педагогикалық көзқарастарымен ұштастыра отырып, иманипедагогиканы жаңа белеске көтерді. Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу керек деп қарады..Ал діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар дін-шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беретін.Ыбырай ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық қағидаларын өзінің педаго-гикалық көзқарастарына негіздей отырып түсіндіруді көздеді. Ол діннің өзін тәрбиенің құралы деп қарады. Мысалы, Ыбырай осы кітаптың кіріспесінде:“…Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі дұрыстал-маса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды…”Құдай тағала ешкімді жамандық жолға бұйырмайды, мынау жамандық, мынау жақсылық деп көрсетіп, адам баласына қай жолға түссе де ықтияр береді”, — деп адамның жамандық, яки жақсылық іс-әрекетін Алла тағала істетті дейтін молдалар насихатына қарсы шығады. Ыбырай Алтынсарин айтады: «Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелгісі иман болса керек» (5. 10 бет). Бұл сөздерімен Ыбырай бабамыз, ең алдымен, Құдайға сен, содан кейін өзіңе сен, мұсылман болсаң сенімді бол, нені болса да сеніммен істе дегені емес пе? Яғни, ұлы ұстаз өзінің бұл сөздерімен қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр. Ыбырай айтып отырған «имандылықтың» арғы жағында Құдай тағала рұқсат еткен, солай жүр деп жол сілтеген небір керемет ұғымдар жатыр. Олар: сенімділік, көргендік, білімділік, ибалық, адалдық, кішпейілділік пен мәдениеттілік, т.т. Бұлардың барлығы адам тәрбиесінің басты ұғымдары. Бұларсыз адам өмір сүре алмайды. Адамдар бірімен бірі қарым-қатынас жасай алмайды. Тіпті, қауымдаса да алмайды. Осылайша «иман» деген ұғымды түсіндір-ген..Имандылықты әбден түсіндіріп болғаннан кейін Ыбырай бабамыз өз еңбегінде көңілді Исламның парыздарына бөледі. Олар: намаз, ораза, зекет, қажылық, не адал, не харам деген жәйттер. Осы айтылған әр парыздың астарында да тәрбиелік мәні бар небікеремет ойлар жатыр. Қысқаша түсінік.Намаз, бұл – күніне бес рет намаз оқу, яғи күніне Құдайға бес рет құлшылық жасау. Құдаймен өмір сүріп, оның адамзат алдына қойған шарттары мен талаптарын мүлтіксіз орындау. Намаздың адамның денсаулы-ына тигізер пайдасынан басқа, алдымен Құдай алдында, содан кейін өзіңнің алдында есеп беруінде көп нәрсе жатыр. Не жақсылық, не жамандық жасадым, солардың барлығын ой елегінен өткізіп, жаныңдағыларға жасаған жамандығына Құдайдан кешірім сұрап, жасаған жақсылық-тарыңан күш алу, өзіне деген сенімін бекіте түсу. Сен де күн сайын өзіңе-өзің есеп бер, жас дос. Не істедім, не істей алмадым, дегендей. Одан зиян көрмейсің. Ыбырай атамыз кемел адамда болуға тиіс жеті қасиетті атап,оны игерген дәрежесіне сай ол ұлт алдында,ел алдында, халық алдында қандай борыш арқалай алатынына баға беруге болады деген . Олар: сенімділік, көргендік, білімділік, ибалық, жомарттық, сабырлық, адалдық, қайырымдылық кішпейілділік. Ыбырай атамыз осылардың шығу тегін анық көрсетеді. Ол былай айтылған:» …Пенденің көңілінде болатын пиғыл екі түрлі еді. Бірі-көркем,бірі-бұзық сипаты. Аят пен хадисте білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі. Мұның бәрін бұл кішкене кітапта баян етуге болмайды, бірақ сол алпыс түрлі жаман мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті. Біз осы жеті түрлісі турасында ғана айталық:Біріншісі: дінге сенбеу, дінсіздік.Екіншісі: діннен бөлек өз ойынан шығарған уағыз, яки діннен тыс өзбілермендік. Үшіншісі: менмендік, өзімшілдік. Төртіншісі: мақтану, өзін-өзі көрсе-ту. Бесіншісі: қызғаншақтық, күншілдік. Алтыншысы: сараңдық. Жетіншісі: дүние шашқыштық, ысырапшылық. Бұларды аят пен хадисте жағымсыз, ұнамсыз мінез-құлықтар деп айтады. Осыларға қарсы құлық жетпіс сегіз түрлі. Олардың шығатын түп асылы тағы да жеті түрлі мінезден болса керек. Бұларды алсақ хамида, яки мақтаулы, игілікті мінез-құлықтар деп атайды. Олар:Біріншісі: имандылық,Екіншісі: жаман мінез-құлыққа қарсы-лық, яки күй, яғни ең жоғарғы әділдік.Үшіншісі: адалдық, ақ көңілдік. Төртіншісі: сыпайлық, момындық, шын берілгендік. Бесіншісі: адал ниетпен кеңес, өсиет беру,Алтыншысы: жомарттық, кеңпейілдік, қайырым, Жетіншісі:шариғат бойынша дұрыс заңды:Мұнада малын орынды, үнемді жұмсау.» Ораза ұстау – бұл кім де болса, өзін өзі неден болса да – тамақтан, жаман пиғылдан, ойдан, жаман сөзден, жаман істен шектеу. Ораза кезінде, ораза ұстағандар тіпті біреумен ұрсысуға, не балағат сөз айтуына болмайды. Болып жатқан жағдайда, әрі бармай, мен ораза едім, деп кетіп қалған жөн. Олай болса ораза тек тамақ ішуге ғана емес, барлық жамандық атына шек қою. Жаман ойға, жаман сөзге, ең аяғында жаман іске шек қою деп түсінген дұрыс. Бұл да сын. Бұл сыннан адал өткен, шыдаған адам ғана, мен ораза ұстадым деп толық сеніммен айта алады. Құдай алдындағы, адам ретінде өзімнің парызымды орындадым, – дей алады. Үшінші парыз – зекет. Зекет дегеніміз – жаныңдағыларға барынша көмектесу. Кемтарларды көре білу. Қолдан келгенше соларға қол ұшын беру, барыңмен бөлісу. Ислам дініндегілер мұны да адамгершіліктің бір белгісі деп санайды. Қажылық. Көп ел қажылықты – Меккеге барып тәу ету, қасиетті Қара тасты айналып жүру, Мұхаммед пайғамбардың өз мешітінде Құдайға құлшылық жасау, деп түсінеді. Ол солай. Бірақ, Меккеге қажылыққа барудың арғы жағында – жол жүру, жол азабына шыдай білу, қажылыққа өзге елдерден келгендермен танысу, тілдесу, пікір алысу, олардан естіген небір жаңалық пен жақсылықты елге жеткізу, олардың озық тәжірибелерін іске асыру сияқты толып жатқан міндеттер бар. Бүгінгі тілмен айтқанда – бар ақпаратпен бөлісу. Жақсысын алып, өз өміріңе жарату. Ол кезде бүгінгідей ақпарат құралдары (интернет, телефон, теледи-ар, газет) болмайтын. Ең болмаса қажылыққа барып, басқа елдерде не болып жатқанын (саясат, экономика, шаруашылықты жүргізу жолдары) білу. Қай жағынан болса да, өзіңді-өзің байыта түсу. Өз білгеніңді елге тарату. Мұсылманшылықтың әр парызының астарында елге, адамдарға пайдалы талай дүние жатыр. Мұсылман болсаң, соларды игеру, үйрену, елдіктің шаруасына пайдалану деген міндеттер жатыр.Ал, бесінші парыз, ол – харам мен халәл. Харам мен халәл тек күнделікті ішер ас, дастарханымызғы жайылар тағамға ғана жатпайды. Олар сөйлер сөзге, атқарар іске, жасар қимылға да байланысты. Әр мұсылман оларды білуге міндетті. Мұсылман болсаң, тыйым салынған асты ішпе, тыйым салынған сөзді сөйлеме, тыйым салынған істі істеме. Қарап отырсақ, исламның бес парызының барлығының да тәрбиелік мәні зор екен. Ыбырай бабамыз солардың барлығын білді, білді де, шынайы адамды, өз елінің азаматтарын, болашағын тәрбиелеуге ислам дінінің барлық мүмкіндіктері мен күшін пайдалануға тырысып бақты. Діннің ол талаптары мен парыздарына бүгінгі күннің биігінен қарасақ та, жастарды тәрбиелеуге, әр адамды тура жолдан тайдырмауға тигізер әсері мол екен. Соның бәрін түсінгеннен кейін ғой, Ыбырай бабамыз ел арасында тараған ислам дінінің абыройы мен күш-қуатын жастарды тәрбиелеуге, ел болашағын тәрбиелеуге пайдаланды. Бұл еңбектің адамзат өміріне қаншалықты пайдалы, қаншалықты қажет екендігін айта келіп, Ыбырайтанушылардың бірі, профессор Шамшиябану Қанышқызы Сәтбаева былай дейді: – «Алтынсарин өзі ірі педагог болғандықтан, осы кітаптың құрылымы мен мазмұнында да белгілі бір философиялық, логикалық, методикалық, тәрбиелік мән, сәйкестіктерді ұштастырған. Кітап басталуы бүкіл әлем жаратылысы, ғажаб құбылыстар адам арқылы танылғанда адамға пайда келтіреді. Демек, бұл адамзаттык дәстүр жалғаспақ керек. Осындай өмірлік, жалпы адамзаттық мақсатты іске асыру қай заманның адамдаына болса да парыз, борыш… (7. 153 бет.)Христиан дінінде де, Ислам дінінде де адамның Құдай алдында күнаһарлығына көп көңіл бөлінеді. Христиан дінінің негізгі кітабы «Библияда», адам өзінің Құдай алдындағы күнаһарлығын Құдайға сыйынып, жалбарынып, оған бас июмен, кешірім сұраумен жуатын болса, Ислам дінінде күнәны жуу мәселесіне сәл басқашалау жағынан келеді. Ыбырай Алтынсарин айтады: «Хаж ету дегеніміз өмірде бір рет араб улайатындағы (елі, жер) Мекке шаһарында болғушы қағбату – л – лаһи, яғни, Аллаға құлшылық ететін үй деп аталған орынға барып зиярат ету (бару, аралау). Қағбату-л-лаһиды Құдайтабарак уа тағала Ибраһим пайғамбарға өзі бұйырып салдырымшы-дүр. Жәбірейіл періштені жіберіп, Құдай тағала Ибраһимге бұйырды: «сал Қағбаны» – деп. Ибраһим алайһи – с – салам: «Құдая. Мен білмеймін Қағбаның орнының қайсы екендігін». Сол уақытында Жәбірейіл келіп, бір жерден бөтен тасты көтерді, сол тастың жатқан орнына салмақ Құдай тағаланың әзәли (мәңгі құдыреті) құдыреті еді. Мұнан соң, Құдай тағала бұйырды. Меккеге жақын жердегі: Тур сина, Төр Зина, Хура, Лубнан, Жуди деген бес таудан тас келтіріп, Қағбаны сол тастармен бина (салу, орнату) қыл деп. Меккенің онан жақын жерінде де тас көп болса да, Құдай табарак уа тағала әлгі бес таудан тас келтіріп, Қағбаны салмаққа бұйырмақ. Себебі, Қағбаға соңғы уақыттарда жүзін бұрып, тауаф (Қағбаны айналып жүру), һәм бес намаз оқыған адамның, сол бес таудың ауыртпалығындай күнәсы болса да, күнәсын кешіремін дегенге ишарат үшін еді», – деп айтылады (5. 41 – 42. б.б.). Яғни, бес рет намаз оқу, құдайға жалбарынып, бес рет кешірім сұрау, сол арқылы өзінің күнәсін жуу, деп түсінген. Осылардың барлығының басын қосып келгенде – діннің негізгі мақсаты мен міндеті адамды тәрбиелеу, оған дұрыс жол – құдайдың жолын көрсету, оған сенім мен күш беру – деп білеміз. Кешегі бейіштен Жерге қуылғаннан бері қарай дін адамды тәрбиеледі, оның көзін ашты, жамандық пен жақсылықтың, ақ пен қараның аражігін ашып берді. Адамның табиғатпен тіл табысып, күн көруіне, одан көп дүниені үйренуіне, әсіресе, табиғаттың заңдылықтарын, құбылмалылығын, небір жағдайларды дұрыс қабылдап, оған төзе білуге, кездескен қиыншылықтарды бірлесе жеңе білуге үйретті. Ойын қалыптас-тыруға, барынша кеңейтуге, жадын нығайтуға, нені болса да ойлап істеуге үйретті. Адамның мінезін бір жүйеге келтірді. Оған дүниедегі өзінің орнын көрсетті. Дін адамдардың ойларын биледі, адам сияқты өмір сүруге үйретті, оның рухын оятты.Дін — адамдарды имандылық пен ар-ождан тазалығына және ізгілікке үндей алатын құдіретті күш. Рухани кемелдік пен тереңдікке дәстүрлі дінді дұрыс ұстана білу арқылы да жетуге болатыны ешқандай талас туғызбайды.[2.Қуанышбай Орманов] Ыбырай атамыз ұстаздықты өз үйінен бастап,қазақтың әулет мектебінде қалыптасқан «Ата-ана-бас ұстаз» қағидатын сыныптық мектепке алып барған жаңашыл ұстаз .Себебі орыс-қазақ халық мектебі ашылғанға дейін шәкірттерін өз үйінде оқытып,қазақтың әулет мектебін халық мектебіне ұластырып, енді «Ұстаз-шәкірттердің екінші ата-анасы болуға тиіс екенін»- өз үлгісімен көрсете білді. Жалпы қазақ халқы ұстазды ерекше қадір тұтып, барынша сыйлап,ата-анасындай көретін дәстүрі бар жұрт.Кәзір жер басып жүрген әр қазақтың жүрегінде алғашқы ұстазы анасымен бірге сақтаулы.Ыбырай атамызға ұстаз тіптен де, ерекше қадірлі де,қажет болған. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген. Білім сапасы мұғалімге байланысты. Оқыту мен тәрбиелеуде басты күш – ұстаз тұлғасы. Ыбырай айтқандай «Халық мектептері үшін мұғалім бәрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да тенесе алмайды», « мұғалім-мектептің жүрегі.»Ы.Алтынсаринның ұстанған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей отырып,оны ізгілікке, қайырымды-лыққа жұмылдыру болды Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа , тазалыққа , отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін»-дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолда-рын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш , әдепті , қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді. Ата-ананы сыйлау , құрмет тұту ана қадірін түсіну , жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті дейді . Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын дінгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында, ол: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді… Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді. Ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: “Шәкірттер кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын. … мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» — десе , « Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесің деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. «Көңілді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста . Менің ойымша, көңілдің хошы,бақыт дегеннің бәрі де Ата-Бабаңның өмір сүрген және жерленген жерінде,туған ошағыңның басында жақсырақ,ал қайғы дегеніңнің қандайыда, тіпті,ажалдың өзіде сол жерде жеңіл болатын сияқты.»-дейді бабамыз. Бұған қарағанда Ұлық Ұстаз педагогикалық іс-әрекетінде,үдерісінде иманипедагогиканың имандылыққа, ізгілікке, кісілікке баулу қағидаларын үнемі басшылыққа алғандығы айқын аңғарылады.Сондықтан да Ыбырай бабамыз иманипедагогиканың ғылыми негізін қалыптастыру-шылардың бірі,әрі бірегейі болғандықтан оның жарық жұлдызы атанған.Жұлдызда жұлдыз болған бабабыз сыңғырлаған қоңыраулы жұлдыз. Ұлы Даланың көк аспанында мәңгі жарқырай береді. Дереккөз: 1. Ыбырай Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар. – Алматы: «Жалын». – 1991. – Б. 3 2. Ыбырай және ислам діні — «Ақиқат» aqiqat.kazgazeta.kz›?p=8776 3.Ыбырай Алтынсариннің діни-танымы muftiyat.kz›…articles…society/2015-05-05…yibyiraj 4.Ыбырай Алтынсаринның этнопедагогикалық зерттеулері ust.kz›…ybyrai 5.Мұсылманшылықтың тұтқасы — діни тәрбие құралы infourok.ru› 6.Иманипедагогика Қ арағанды 2018 7.Имандылыққа баулу қазақ ілімі Ұланбатыр 2017

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *