«Балабақша- бақыт мекені»
Балабақша – бақыт мекені
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, бала тәрбиесі балабақшадан басталады, өйткені әрбір мемлекеттің болашағы балабақшадан басталады. Ертең осы елге ие болатын, тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін – балабақшада тәрбиеленіп жатқан сәбилер.
Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Елдің ертеңгі тірегі-осы балалар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда балабақша ұстаздары қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Әсіресе, қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуға бөбектердің балабақшада бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылану, міне, мұның барлығын балабақша қабырғасында жүріп үйренуі тиіс. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады деп ойлаймын. Балалар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Оларды бір күн көрмесем сағынып қаламын.Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады.
Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Болам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп , жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Бақытты мекен балабақшада тәрбиеші болуым мен үшін үлкен мәртебе!
Ақторғын Асқарова
«Балбөбек»бөбекжайының тәрбиешісі
Жаңақала ауданы