МЕНІҢ ӨМІРІМДЕГІ КӨШБАСШЫ
Өмірдегі нағыз көшбасшы ол мен үшін — ана, әке, ұстаз және де менің жолдасым!Сондықтан мен асқар таудай әкемді, аяулы анамды, мейірімді ұстазымды, жан жарымды үлгі тұтып , өз өмірімнің көшбасшысы деп білемін. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ананы қадірлеу керектігі ерекше әспеттелген. Анам ең бірінші өмірлік көшбасшым. Ананы дүниедегі ең жақын адам деп санау әр адамның парызы. Ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі- ана. Ана- өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының лаулап жанған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы. Біздің халық бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы- аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Ана шынында да өмірдің гүлі, күннің нұры екен. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана- ұлы адам, Ана- құдіретті жан.
Әкем екінші өмірлік көшбасшым. Асқар таудай әкем- менің тірегім. Менің қамқоршым. Өмірде жол сілтеп, тәрбие беріп отырған әкеме сансыз мадақ айтамын. Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы, берекесі, мейір — шапағат көзі – менің әкем. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері — біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы — осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы.
Үшінші өмірлік көшбасшым- ол менің ұлағатты ұстазым. Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адамы – ұлы ұстазымыз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, ең сүйіктісіне айналатын, өмірлік ұстанымдарының жаршысына айналатын ұстазы болады. Менің де сүйікті ұстазым бар. Ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін-келбеті, бәрі-бәрі мен үшін – үлгі-өнеге. Жарты күнің бізбен өткізіп, біздің әкеміз де, анамыз да болды. Әрқайсымызбен сырласып, қайғы-қуанышымызбен бөлісіп, күн сәулесіндей нұрың төкті. Күлкісімен жанымызға жылу сыйлады .Әрқашан біздерге тәлім-тәрбиеіңі айтып, әрдайым бізді қадағалап отырды. Біздің болашағымызды ойлап, әр сабағың мейіріммен түсіндіріп, біліммен сусындатты. Біз сабақтан шығып үйге кетсек те бізді уайымдайтын. Қандай жағдай болса да бізді жақтады. Ұстазымның осы қасиеттерің жақсы көрем. Бір өкініштісі уақыт өте біз де мектеп бітірдік. Бірақ мен ұстазымды ешқашан ұмытпаймын. Бойыма сусындатып отырған білімдерімді әр уақытта керегіме жаратып, ұстазымның берген тәлім-тәрбиесімен жүретін болам. Ұстазымның арқасында талай-талай биік шыңдарға шығатыныма сенем.
Ал,енді менің өмірімдегі барлық қымбат жандардың арасынан төртінші көшбасшым-ол менің жолдасым. “Менің ғана жан-жарым болғаны үшін, жақсы-жаман күндерде әрқашан жанымнан табылғаны үшін, барлық еркелігімді көтере алғаны үшін; сүйікті жарым деп мені ғана атағаны үшін, тәп-тәтті перзенттеріміздің әкесі болғаны үшін; біздің арқа-сүйер тірегіміз болып, жан-жылуын төккені үшін; Жылаған сәтімде жұбатып, қамқоршыма айналғаны үшін; менің кемшілігімді жасырып, мерейімді үстем еткені үшін; мені, балаларды қуанту үшін бар жағдайды жасағаны үшін; отбасы үшін күні-түні демей еңбек етуге әзірлігі үшін; бақытты отбасы болуға барынша талпынатыңы үшін оған алғысым шексіз”.
Міне, менің көшбасшыларым ауыз толтырып айтарлықтай алтын жандар. Бұл менің оларға деген құрметімнің кішкентай ғана бөлігі. Оларға деген ыстық махаббатым, ыстық сезімім бәрі-бәрі жүрегімде!