Мамандығым-мақтанышым. ЭССЕ

                     БҚО,Орал қ

Д.Қонаев атындағы №44мектеп-гимназиясының

Мұғалім-логопед ЕрниязоваАкнур Мухамедовна

ЭССЕ

Мамандығым-мақтанышым

…Тіл дертінен айықтырған уколсыз

Бала бар ма, Логопедті сүймейтін?!

(Автор шығармашылығынан)

Менің анкетам:

Мен -Адаммын , өз Отанымның адал перзентімін. Өз ұлтымды, жұртымды шексіз сүйемін.Оның өскелең ұрпағын сүйемін .Мен — Анамын. Барлық баланы жанымдай сүйемін. «Өзімнің балам», « өзгенің баласы» деп ешқайсысын  бөлмеймін. Мен — Мұғаліммін. Әрбір шәкіртіме жеке тұлға ретінде қарап, әрқайсысының жүрегіне жол табуға  тырысамын.Мен жай ғана мұғалім емеспін,мұғалім логопедпін , тіл түзету маманымын,  бұл әрі мұғалім, әрі медицина қызметкері, әрі психолог-  бар мамандықтың жиынтығы.

Осы атаулар менің мақтанышым.

Бұл атаулардан  «Адам — Ұрпақ», «Ана — Бала», «Мұғалім — Шәкірт», Логопед — Жеке тұлға сызбаларын құрастыруға болады. Осы қарым-қатынас, байланыста жіңішке көпір- тілдің маңыздылығы, сөз құдіреті ерекше. Мейірімділік те, жылылық та бала көңілін тіл арқылы баурап алады. Сондықтан да «Сөз өнері — өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Оноре де Бальзак, француз жазушысы).

«Тәрбие тал бесіктен». «Тіл ана сүтімен, әке мейірімімен даритын қасиет. Өкінішке орай, кей жағдайда баланы көп еркелетудің салдарынан немесе баланың аурушаң болуына байланысты, т.б. түрлі себептерден болған тіл кемістігіне «Көш жүре түзелер» деп айрықша мән бермей, уақыт өткізу арқылы мектеп жасына жетіп, оқу жазу үйрене бастағанда «Жедел жәрдем» Мектеп логопедінің көмегі қажет болады.

Сиырды «мө-ө-ө» дейміз,

Қорқытып «бөжәй» бө-ө-ө дейміз

Ыстықты «піш — піш»,

Дәретті «кіш -кіш»,

Көтерді «әуп — әуп»,

Итті көрсек «ав — ав»,

Тамақты «нәм — нәм» дейміз,

Бұған енді не дейміз?!

Осындайда мамандығымның маңызын танып, ерекше құлшыныспен іске кірісемін. Алдымен, балалардың есту, сөйлеу мүшелерінің қызметін қараймын (кәдімгі дәрігермін). Шатастыратын дыбыстарын анықтаймын (зерттеуші психологпын, түрлі зерттеу әдіс тәсілдерін қолданамын). Осылайша жұмыстана отырып, дыбыстарды қателеспей дұрыс дыбыстай білуіне, сөздік қорын молайтуға (енді бұл жерде тіл маманымын), сөйлемдерді дұрыс құрастырып айтуына көмектесемін, тілдік қатынасты дамытамын. Бұл өте күрделі, қиын да қызық іс. Уақыт керек, төзім керек. Ата ананы да (өзім де Анамын) осындай шыдамдылыққа үйретіп, оң нәтиже сендіру керек, сендіріп қана қоймай, көзін жеткізу керек.

Педагог ретінде өз білімімді ғылыми еңбектер, газет журнал басылымдары, білім жетілдіру курстары, семинарлар, жаңа ақпарат құралдары арқылы көтеріп, өз әдіс тәсілдермнен мақала, әріптестеріме арналған көмекші құрал тарату арқылы тәжірибелі жайлы ой бөлісіп отырамын.

Логопедиятіл кемістігі туралы арнайы педагогикалық ғылым.

Украин педагогі Василий Александрович Сухомлинский айтқандай: «Сөздің күші мен әсемдігі оның дыбысын шығарғанда ашыла түседі». Міне, менің мақсатым да, ұстанымым да осыны көздейді.

Қорыта айтқанда:

Логопедпін,

Дыбыс айту бұзылысына төзбейтін.

Логопедпін,

Дыбыстардың дұрыстығын көздейтін.

Бар балаға қуанышты сәт сыйлап,

Маманмын мен кем кетікті түзейтін.

Тіл дертінен айықтырған уколсыз

Бала бар ма, Логопедті сүймейтін?!

Мен балалардың сүйікті Логопеді болғанымды мақтан етемін.

Иә, логопед мамандығы менің мақтанышым!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *