Сүт өнімдері. Мысалдар жəне есептер шығарамын.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Білім беру саласы: Таным

Тақырыбы: Сүт өнімдері. Мысалдар жəне есептер шығарамын.

Мақсаты: Сүт өнімдері және 6 санының құрамы туралы түсініктерін қалыптастыру. Қандай өнімдер сүт өнімдеріне жататынын айтады. Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешеді. Балаларды жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер: Көжек, қоян, бота, жылқы, сиыр, ешкі, қой, асықтар дорбамен, жүрек.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті.  Кәне, балалар сәлем сөздің анасы дегендей қонақтарымызбен  сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлеметсіз бе,»- дейік үлкенге:
«Сәлеметсіздер ме, апайлар!»
(Балалар қонақтармен амандасады)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар : Жүрек

Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.                   Балалар: Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарқын болсын!

Еліміз тыныш болсын!

 Ауырмайық, денсаулық болсын!

Нанымыз көп болсын!

 Ата- анамыз аман болсын!                                                                                             Бейбітшілік болсын!

Балабақша гүлдене берсін!

Апайлар аман болсын!

Тәрбиеші: Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы  балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен,достықпен бастайық.

-Балалар, балапан арнасында  атасы мен әжесіне қонаққа баратын достар кімдер еді?
–Әли мен Айя және олардың достары.                                                                                               -Ендеше Әли мен Айя және олардың достары бізді қонаққа шақырыпты.                                                                                                                                -Балалар әжеміздің ауылына қонаққа барғыларың келе ме?
-Олай болса, көзімізді жұмып, әжеміздің ауылын елестетіп көрейікші.   (Ауыл туралы музыка қосылып тұрады.)

 Тәрбиеші: Балалар көзімізді ашайық.Бүгін біз әжеміздің ауылына қонаққа келдік.

Әже: Менің құлыншақтарым келіп қалыпты ғой.

Сәлеметсіңдер ме, балаларым? Қарақтарым, келгендерің қандай тамаша болды.
Тәрбиеші: Мал-жан аман ба? Әл қуатыңыз қалай?
Әже: Шүкір, шүкір бәрі жақсы.
Тәрбиеші: Алла қуат берсін!
Әже: Өркендерің өссің қарақтарым.
Әже:Осы жерде менің Али мен Айя қызым ойнап жүр еді. Әли, Айя қонақтар келді. Қайдасыңдар.

Әли мен Айя: Бізді шақырдыңыз ба? Сәлеметсіздерме! Бізге қонақтар келіпті ғой.(Қуанады)

 Әже: Төрлетіңдер қарақтарым!                                                                                                    Әли мен Айя:  Балалар бізбен бірге асық ойнайсыңдар ма?                                    Балалар: Ойнаймыз.

  Әли: Балалар мына дорбаның ішінде екі түсті асықтар бір-біріне араласып кетіпті. Ажыратуға көмектесесіңдер ме? Көк асық алған балалар Айяның қонағы, жасыл түсті алған балалар менің қонағым боласыңдар.               (Балалар екі топқа бөлініп отырады)

Тәрбиеші: Әже бізге сүт тағамдарын қайдан және қалай алатынын әңгімелеп берсеңіз. Сіздің әңгімеңізді тыңдайық деп келдік.

Әже: Балалар ауылды сағындыңдар ма?

Балалар: Әжемізді сағындық.

 

Әже:Қазір көктем мезгіл жайлауда жайқалған шөптер, гүлдер өсіп, төрт түлік төлдеп, мәре-сәре болып жатырмыз. Балалар сендер үй жануарларын танисыңдарма?

Балалар: Танимыз.

   Әже: Сүт өнімдері осы үй жануарларынан алынады. Сиырдан сүт, жылқыдан саумал, қойдан сүт, түйеден шұбат алынады. Сүттің өзінен бірнеше өнім алынады. Кәне, айтақойыңдаршы сүттен қанша өнім алынады.

Тәрбиеші:Әжеміздің сұрағына жауап беру үшін. Әли мен Аяның достары мына сүт өнімдерін санап берейікші. Құрт,ірімшік, айран, май, сүт, қаймақ осы алты өнімді әжеміз бізге дайындап қойған екен.

Әже: Жарайсыңдар балалар! Бұл сүт өнімдерінде дәрумендер бар. Сендерге пайдалы. Балалар маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:Балалар біз әжемізге көмектесемізбе?

 Балалар: Көмектесеміз.                                                                                                                      Тәрбиеші: Айяның достары әжеміздің жасаған құрттарын санап берсе,

Алидің достары құрттарды құтыларға бөліп салу керек. Құтылардың қақпақтарында қандай сан жазылып тұр. Сонша құрт салу керек.

Тәрбиеші: Сергіту сәті.

 Біз ботақан екеуміз
Есептеуге бекембіз
Ақтөс келіп қосылса
Үшеу болып кетеміз
Бір ауылда бірге өскен
Бар қызықты бір кешкен
Көжек бота Айя мен
Біз нешеуміз ақтөспен
Әже:Балалар сендер есепті жақсы біледі екенсіңдер. Менің жайлауымдағы төлдерімді санап бересіңдер ме?                                                                                                                                                 Тәрбиеші: Кәне кім санамақ айтып береді.

Балалар: Санамақ.

Бір дегенім – баспақ,

Бұзауды жүр тастап.

Екі дегенім – ешкі,

 Ешкі қойдан есті.

 Үш дегенім – үйрек,

Жем бер, қолға үйрет.

Төрт дегенім – тайлақ,

Тайлақты қой байлап.

 Бес дегенім – бие,                                                                                                                                                 Құлынына ие.

Тәрбиеші: Интерактивкамен жұмыс.

 Мысалдарды шығарып, үй жануарының бейнесін бояу.

 Әже: Бүгін ауылға келіп, маған көмектесіп, өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Өздерің санаған, өздерін құтыға толтырған сүт өнімі құрттан ауыз тиіңіздер!

 Тәрбиеші: Әже сізге көп-көп рахмет! Біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Көзімізді жұмып, өзіміздің балабақшамызға қайтайық. Сау болыңыздар.              Қорытындылау: Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?                             Сендер қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік?

Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі оқу қызметімізді аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

 Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *