түсінік хат

Түсінік хат
Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер
әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай
талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында
бекітілген. Атап айтқанда: «…жеке адамның шығармашылық, рухани және
күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының
берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы
ой-өрісін байыту».
Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектептің бастауыш сатысынан
басталады. Бұл жайында «жалпы білім беретін мектептің бастауыш
сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында» бастауыш мектептің
қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас
болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен
дамуы ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталатындығы
негізделген. Онда: «бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес
оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланады… әр пән ғылыми
білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық,
дамытушы рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады» делінген.
Оқу пәндерінің ішіндегі «математика» пәнінің алатын орны ерекше.
Математика пәнінің мазмұны мазмұндық-логикалық есептер мен тапсырмалар
жүйесінен тұрады, ол оқушының зейінін, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын,
логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағытталады. Бұл пән оқушылардың
танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллектісін қалыптастырып
дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгертуді, «математикалық
сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды.
Осы мақсатқа қол жеткізуде оқушылардың математикалық
дайындығының үлесі мол. Оқушыларды математикадан терең және тиянақты
білім, білік, дағдымен қаруландыру қоғамымыздың уақыт күттірмейтін
талабы. Ондай талаптардың бірі — оқушылардың әрекеттерін есеп шығаруға
бағыттау. Ал осы талаптарды орындаудың бірден бір жолы — практикалық
мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.
Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық қызығушылығы тұрақты
сипатқа ие бола бастайды, яғни білімге деген талпыныстары пайда болып,
ғылымның әр түрлі салаларына, табиғаттың әр түрлі құбылыстарына және
қоғамдық өмірге танымдық көзқарастары біртіндеп өзгереді. Оқушылардың
танымдық қызығушылығының дамуына негізінен білім мазмұны, мұғалімнің
оқу үдерісін тартымды ұйымдастыруы, қолданылатын материалдардың нақты,
көрнекі болып келуі, оқушыларды белгілі нысанды тануға бағытталған
белсенді ұжымдық әрекетке жұмылдырылуы әсер етеді. Танымдық
қызығушылықты дамытуға мазмұны мен түрі жағынан жаңа, оқушылардың өз
бетімен белсенді ойлауын тудыратын тапсырмаларды таңдау арқылы қол
жеткізіледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *