Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу.

Сабақтың тақырыбы: Анимацияға кіріспе. Программамен және оның интерфейсімен танысу. Анимациялық фильмдерді сақтау. Геометриялық кескіндерді салу, өзгерту, орнын ауыстыру, фигураның түсін орнату

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Анимация, мультипликация ұғымдарына түсінік беру, шығу тарихымен таныстыру. Программаның құрылымымен таныстыру;

Дамытушылық: Қарапайым тапсырмаларды орындату арқылы программада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, Macromedia Flash MX программасы, тапсырма карточкалары.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Оқушылар білуі тиіс: Macromedia Flash MX программасында жұмыс істеуді.

Оқушылар меңгеруі тиіс: геометриялық кескіндерді салуды, өзгертуді, орнын ауыстыруды, фигураның түсін орнатуды, анимациялық фильмдерді сақтауды, анимация құруды.

Сабақтың барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, класта оқушыларды түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу.

 

  • Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
  • Мәтін дегеніміз не? (Дербес компьютерлік алфавиттік символдар тізбегі)
  • WORD-та бос құжатты құру үшін қандай батырмалар тіркесімін басамыз? (CTRL + N)
  • WORD мәтіндік процессорының негізгі мүмкіндігі қандай? (Мәтіндерді енгізеді, сақтайды, түзетеді, пішімдейді)
  • Стиль дегеніміз не? (Пішімдеудің атрибуттар жиынтығы)
  • Бетке нөмір енгізу: (Кірістіру → Колонтитулдар топтамасы → Бетке нөмір енгізу)
  • Арнаулы символдарды енгізу жолдары: (Кірістіру → Символдар топтамасы → Символ)
  • Диаграмма құру үшін не керек? (Сандық және мәтіндік ақпарат)
  • WORD құжатында орфографиялық қате қалай белгіленеді? (Ирек қызыл сызықпен сызылады)
  • Колонтитул дегеніміз не? (Құжаттың әрбір бетінде орналасқан және онда қайталанатын ақпарат)

 

  • Білімді өзектендіру

Интерактивті тақтадан видео көрсетіледі.

 

  • Жаңа сабақ

Постер қорғау.

1-топ. Мультипликация.  Мультипликацияның шығу тарихы

2-топ. Қазақ мультипликациясы

3-топ. Macromedia Flash Maker программасының құрылымы

 

  • Бекіту кезеңі

Берілген білімді бекіту үшін топтарға кеспе қағаздары таратылып беріліп, оны компьютерде орындату.

1-топ. «Жұлдызды аспан

2-топ. Саңырауқұлақ

3-топ. «Салынған мәтін»

 

  • Сергіту сәті

Оқушыларға көзге жасалатын жаттығулар жасату

 

  • Қорытынды кезең Бақылау сұрақтары
  • Мультипликация дегеніміз не? (В) үлкею, көбею, еселене түсу, жандандыру деген мағынаны береді)
  • Суретке алғаш жан бітірген ғалым (Ә) Жозеф Плато және Симон фон Штампфер)
  • Қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер мультфильмі қай жылы жарыққа шықты? (В) 1967 жылы)
  • Анимация дегеніміз не? (В) қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі)
  • Анимация құратын, мультфильм жасайтын дербес компьютерлік программаларды атаңдар: (Ә) Macromedia Flash Maker, Pencil, Adobe Photoshop, Synfig)

 

  • Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

 

  • Бағалау кезеңі

Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *