Ұлы Жеңіске — 75 жыл
"Мен атаммен мақтанамын!" Ерлікпен келген Ұлы Жеңістің себепшісі, Ұлы Отан Соғысының қатысушысы, ардагер АЙТЛЕСОВ МАХСУТ АЙТЛЕСҰЛЫ (1923-28.01.2008жж). Ардагер атам соғыс майданына 18-жасында аттанған. Соғыста мықты барлаушы болған. Соғыс кезінде əртүрлі жарақаттар алған, денсаулығына зиян келсе де ЖЕҢІС үшін аянбай ерлік көрсете білді. Ерлігінің арқасында ҰЛЫ ЖЕҢІС-ке де жеттік. Соғыс аяқталып елге аман-есен оралғаннан кейін геологиялық бөлімшеде жұмыс атқарған. Əскери наградалармен, ордендермен, медальдармен марапатталған.

Орден:

🥇"Отечественная война" ІІ дəрежелі

🎖"Қызыл жұлдыз"

Медальдары:

🎗"За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг."

🎖"Жеңістің 20 жылдығы"

🎖 "Жеңістің 30 жылдығы"

🎖"Жеңістің 40 жылдығы"

🎖"Жеңістің 50 жылдығы"

🎖"Жеңістің 60 жылдығы"

🎖"Жеңістің 70 жылдығы" жəне т.б. Кейіннен отбасын құрған. Бүгінде АТАМЫЗДЫҢ 3 ұл, 3 қызы, 20 немересі, 23 шөбересі бар (Алла қаласа əлі ұрпағы көбейеді)🤗🙇♀️ Мен кішкентай кезімнен атамның жанында өстім, тіпті алғаш рет əліппе үйренуге мені мектепке атамның өзі жетектеп апарған еді.Жылда Ұлы Жеңіс күнінде МАХСУТ АТАМЫЗДЫҢ туылған күнін ұл-қыздары, немере шөберелері, ағайын-туыс бауыр жақындары бəріміз қуанып атап өткізетін едік.Шіркін сол күндер қайтып келсе гой😐

Өкінішке орай қазыр атамыз біздің арамызда жоқ.2008 жылы қаңтардың 28-ші жұлдызында дүниеден озды. Дегенмен МАХСУТ АТАМЫЗ ұрпақтарына өшпес із қалдырып кете білді."Ерлік-елге мұра,ұрпаққа ұран" демекші, елі үшін қан майданда өмірін қиған ата-бабаларымыздың үлкен мұрасы,міне осындай байтақ ел,Арданадай біз сияқты ұрпақтары ата-əжесінің ерлігін əрдайым ұрандатып жүрсін. Тəуелсіздігіміз осы АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ арқасы, жеңісі, ерлігі, жемісі. Қазырғы тəуелсіз жеріміз, атамекеніміз ардагерлерімізден қалған аманат. Сондықтан ардагерлерімізге басымызды иіп тұрып мың алғыс білдіреміз!!! РАХМЕТ СІЗДЕРГЕ!!!🤗🙇♀️🙏😘

Суретте Махсут атам, Нұргүл əжем жəне Мен😊

#МенАтамдыМақтанТұтамын👏

#АйтлесовМахсутАйтлесұлы

#ЕрлікпенкелгенҰлыЖеңіске75жыл!

#ЕшкімдеЕштеңкедеЕшқашанҰмытылмайды

#МенАтамныңҚызымын

#ҰмытылмасЕсімдер

#ҰлыдаланыңБатырлары

#1923жылтуылған

#1941-1945жж

#9мамырҰлыЖеңіс

#28012008ж

#ЕрЕсіміЕлесінде

#ЖеңісТуыЖелбіре