Қ дыбысы
Ал ,балалар! Біз өткен сабақта қай дыбыспен таныстық.
-Қ дыбысы
-Қ дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз
-Қане тыңдап көрейік.
-Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?
Кел,тыңдайық ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Талай ғажап оқиға
Естіген жан елтеді.
-Ерте,ерте ертеде ну орманда көптеген ағаштар өсіп,құстар сайрап,аңдар тіршілік етіпті.Түн болып,орман да,ормандағы аңдар да тіршілік біткеннің
барлығы мүлгіп ұйқыға кетіпті.Тым-тырыс.Сәлден соң тау арасынан күн де
сығалады.Қалың ағаш үстінен шыққан бір құстың үні орманды жап-жақсы жаңғыртып жібереді.
-Ол қандай құс?
-Тоқылдақ
-Тоқылдақты,орман емшісі дейді.Себебі ол ағаштағы құрт-құмырсқаларды
жеп емдейді екен.