«Адамзаттың асылы-Ана деген»

№107 орта мектеп

Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Адамзаттың асылы-Ана деген»

Сыныбы: 9«А»сыныбы
Пән мұғалімі: Ғалымжанова Марита

2019-2020 оқу жылы

Бекітілді:
Күні:06.03.2020ж
Тақырыбы: «Адамзаттың асылы-Ана деген»
Мақсаты: Оқушыларға ата — ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, Интерактивтік тақта. Презентация.
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
2-жүргізуші:Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

1-жүргізуші:Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
2-жүргізуші:Ана десем шешек ашып жанары.
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады
1-жүргізуші:Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз, дей отырып, Қайырбеков Бекзаттың орындауындағы М.Мақатаевтың «Ана» өлеңін қабыл алыңыздар!
Бекзат: Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…
1-жүргізуші:
«Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Максим Горький
2-жүргізуші:
Белгілі қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлы: «Адамдар әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды», деген. Олай болса келесі кезекті Асылзат пен Нұрдосқа береміз!

Нұрдос:
— Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Менің әріптестерім: әр түрлі ойындар ғылымының докторы Асылзат
— Шоуымызды не істейміз? (көрермендерден сұрайды, көңілді)
— Бастаймыз! (көрермендер жауабы)

Нұрдос:
— Тамаша, онда тағы да қайырлы күн! Ал, Дінмұхаммед бүгін қандай жаңалық?

Асылзат:
— Бүгін керемет күн болып тұр.Наурыз айының алғашқы мерекесі 8-наруызбен сіздерді Шын жүректен құттықтаймыз!Бүгінгі мереке біздің аяулы аналарымызбен,қызғалдақтай қыздарымыздың!

— Нұрдос:
— Бүгін қыздарқауымының төл мерекесі екен. Олай болса бүгінгі мереке қыздарға арналмақ. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Асылзат:
— Сен қалай ойлайсың, Нұрдос?Менің ойымша, кез-келген адам мұғалім, ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамның бойында бола бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсізұстазтұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Нұрдос:
,
— Асылзат мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
— Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
— Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
— Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
— Азбайтұғын адамның алтындығы –
депақынжырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емеспе?! Олай болса, «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артында» -деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгінгі студиямыздың қонақтары Жарылқапова Бақыт апай мен Шараптова Гүлфариза апайды, және ЕРжанова Ұлжан апайларымызды қол соға, қошеметпен студиямыздың төріне шақырамыз!
(қол шапалақтап, құрмет көрсету)

Асылзат :
-Бақыт апай, Роза апай, Рабиға апай апай қалдарыңыз қалай? Сіздер шәкірттердің шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған ұстаздарсыздар.
— Бақыт апай, айтыңызшы, ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
(Бақыт апайдың жауабы)
Ал, алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Роза апай, менің ғана емес, мына көрермендердің де көкейінде тұрған сұрақ шығар: ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз? (Роза апайдың жауабы)
Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
— Ал, енді Рабиға апай сізге сұрақ: еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиғалар болса.(Рабиға апайдың жауабы)
Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз болды ма?
Қазіргі жастар қандай?

Нұрдос:
— Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздарымызбен ойын ойнасақ. (Көрермендер қол шапалақтап, қолдайды)Қазір әр түрлі ойындар ғылымының докторы Дінмұхаммед сіздермен бір ойын ұйымдастырмақшы.

Асылзат:
— Сіздерге шар беремін, шардың ішінде қағазға жазылған сұрақ бар, сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.
Ал, кәнекей, таңдаңыздар. (қонақтарға шарлар ұсынады)
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобыздабесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұлсандақаншаәріп бар болса, сонша сан бар. Олқай сан? /Жүз, төрт/
3. Желсоққанда тау ық бола ма? /Ықболады/
4. Теңіздеқандайтасболмайды? /Құрғақ/
5. Ертістіңортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзісуданшығады, бірақсуданқорқады. Бұл не? /Тұз/
7. Қай кезде қызылға тоқтамай, жасылға тоқтайсыз? /Қарбыз жегенде/
8. Кімнің шашына жаңбыр жауғанда су тимейді? /Тақырбас/
9. Патша қайтыс болғаннан соң оның ұлы не болады? /жетім/
10. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар.Бірінші нені жағасыз? /шырпы/
11. Адам тамақ пісірерде қазанға бірінші не салады?/көз/
12. Адам аттан неге құлайды? /жерге/

Асылзат:Рахмет сіздерге қызықты ойын үшін! Ал келесі кезекте «Еркін микрофон» ойыны,Мен бұл ойынға Гүлайым апай,Элмира апай,Гүлзина апайды шақырғым келеді!
Асылзат:
Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? қандай қылығы болып еді?
№6 билет.Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.
1-жүргізуші: Қызықты ойындар үшін ойынға қатысқан ұстаздарымызбен Асылзат пен Нұрдосқа алғысымызды білдіреміз!
2-жүргізуші: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.-дей келе сыныбымыздың ұстаздарымен бірге вальс биіне кезек берейік!

1-Жүргізуші:Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.- келесі кезекті оқушыларыңыздың пәндерге арнау өлең-жолдарына кезек берейік!

Дильназ:«Good morning, teacher» деп бастаймыз оның әрбір сабағын,
Бақылаймыз кейде біраз түйіп келген қабағын.
Светлана,Назерке апай сізге де алғыс айтып әрқашан,
Қабыл алғын шәкірттердің мерекелік жолдауын!

Ерсұлтан:Дүниемен танысуға берген талай көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.
Оны үйреткен Бақыт апай мың алғыс
Сіздер барда физикамен сусындап мен келемін.

Дәурен:Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Нұргүл апай мың алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен!

Бекзат:Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Рабиғадай ұстазымыз
Ұрпаққа жаңа өн берген!

Маржан:Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
АлмагүлДәрігүл апай ризамыз
Әрқашан да біздерге берген білім.

Әлиасқар:Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Жетекші апай сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр алдан
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Эльмра апай сіздей қайда бар адам?!

Нұрперзент:Гүлзина апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.

Досымжан:Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған,
Ол білмейтін тарих сыры қалмаған.
Роза апай сізге де үлкен алғыс,
Тарихты оқып,үйретуден талмаған!

Айдана:Еңбекке баулып ұрпақты
Гүлайым апай үн қатты
«Еңбектен еш ерінбе»
Алға ұмтыл әркез өмірде!
1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен іс-шарамыз аяқталды.
2-жүргізуші:Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Сіздерге осы өмірді сыйлағандарыңыз үшін,білім мен тәрбие бергендеріңіз үшін,қиын сәтте демеу болып,қол ұшын созғандарыңыз үшін басымызды иіп рахметімізді айтамыз!Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
БӘРІ: 8 наурыз құтты болсын

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *