Үшбұрыштар

Нұр-Сұлтан қаласы, №38 мектеп-лицей,
бастауыш сынып мұғалімі
Сенгалиева Самал Женискановна
Математика
Тақырыбы: Үшбұрыштар. / Уақыт таспасы Мектеп: 38 мектеп-лицей
Күні: 11/05/2020ж
4-сынып: 4 В
Оқу мақсаттары 4.3.1.1** тікбұрышты үшбұрышты тану және атау;
4.3.1.2 үшбұрыштардың классификациясы;
Күтілетін нәтижелер Барлық оқушылар:
Тікбұрышты үшбұрышты таниды және атай алады.
Бірқатар оқушылар: Тікбұрышты үшбұрышты атап, сыза алады
Кейбір оқушылар: Үшбұрыштарды классификациялай алады.
Пәндік лексика және терминология Тікбұрышты үшбұрыштар.
Үшбұрыштардың классификациясы.
Талқылау:
Тікбұрышты үшбұрышты атаңдар.
Үшбұрыштарды классификациялаңдар.
Есептеу тәсілін түсіндіріңдер.

Жоспар
Қызығушылықты ояту Ынталандыру.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау. Уақыт таспасына қара. Адамзат баласының даму тарихы ұзаққа созылған және қызықты. Таспадан біз өмір сүріп жатқан кезеңді табады (ХХІ ғ.).
Уақыт таспасы дегеніміз не?
– Олар жайында қандай мағлұмат білесің? оpig, ватсап

Өзектендіру.
Quizizz ойыны арқ тапсырма орындайды

Мақсат қою (мәселелі жағдаят).
-Қандай тапсырмалар орындадыңыздар
Оқушылар орындаған тапсырмадан бүгінгі сабақтың мақсатын пайымдайды: тікбұрышты үшбұрышты тану және атау, үшбұрыштарды жіктеу. Quizizz ойыны арқ
Мағынаны тану Жаңаны ашу.
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/ushburysh/lesson/ushburyshtardyng-turleri
Оқулықтағы №3 тапсырманы орындауға береді. Оқушылар кестеден бұрыштарына қарай үшбұрыштарды қандай топтарға бөлуге болатынын анықтайды.

Оқушыларға ережені ұсынамын.

Егер үшбұрыштың тік бұрышы бар болса, онда ол тікбұрышты үшбұрыш деп аталады.

Егер үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, онда ол теңбүйірлі үшбұрыш деп аталады. Егер барлық үш қабырғасы да тең болса, онда теңқабырғалы үшбұрыш, ал егер барлық қабырғаларының ұзындықтары әртүрлі болса, онда қабырғалары әртүрлі үшбұрыш деп аталады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
4-тапсырма Оқушылар суретте берілген үшбұрыштарды қандай да бір белгілері бойынша топтарға бөледі. Видео көру арқылы Оқулық, дәптер.

Ватсапқа жіберу

Жаңаны қолдану.

5-тапсырманы. Сызғыштың көмегімен үшбұрыштардың қабырғаларын өлшейді және қандай үшбұрышқа (әртүрлі қабырғалы, тең қабырғалы, теңбүйірлі) жататынын анықтайды Жауабын ватсапқа жазады Практикалық жұмыс,
ватсап
7А-тапсырмадағы есепті шығарады.

АВС – теңқабырғалы үшбұрыш
Р=27см
АВ, ВС, АС -?
Шешуі:

Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы бойынша оның барлық қабырғаларының ұзындықтары тең.

Осыдан үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығын табамыз: 27:3=9 cм.
7Ә) Оқушылар теңқабырғалы үшбұрыш туралы осыған ұқсас есеп құрастырады.

8-тапсырма. Үшбұрыш пішінді гүлзардың сызбасын қарап, оның ауданын табады.
АВС – үшбұрыш
АС=16м
ВК=14м
S — ?

Шешуі: Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу формуласын қолданамыз.

АК=КС=16:2=8 м
S=(14 •8):2=56 м2 – бұл АВК үшбұрышының ауданы.

АВК мен СВК үшбұрыштары тең болғандықтан, аудандары да бірдей.
S=56+56=112 м2

Ж/бы: Үшбұрыш пішінді гүлзардың ауданы 112 м2

«Досыма хат»
Жауабын достарымен ватсап арқылы бөліседі

Рефлексия Гугл форма арқылы сабақты бекіту https://forms.gle/K439zFHK7x3eEvCTA
Кері байланыс Алған балдары бойынша кері байланыс беремін
Гугл форма
№10 тапсырма үй жұмысына арналады. Жаңа тақырыпты пысықтау үшін ұсынамын

Вам может также понравиться...

Комментариев нет

Добавить комментарий для sengalieva@mail.ru Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.