«Иондық байланыс»
Сабақ тақырыбы: Иондық байланыс
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары 8. 1.4.2 иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау
Сабақ мақсаттары — иондық байланыстың түзілу механизмін түсіну -«нүктелер мен айқыштар» диаграммасын сала білу
Бағалау критерийлері — иондық байланысы бар төрт қосылыстың мысалдарын өздігінен келтіреді — берілген қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын дұрыс құрастырады. — Иондық байланыстың түзілу алгоритіміндегі кем дегенде 3 тармақты дұрыс орындайды
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады: Иондық байланыстың түзілуі туралы ауызша айта алу және тұрақтылыққа ұмтылу үшін электрондарды беріп немесе қосып алатындықтарын түсіндіре білу Пәндік лексика мен терминология: Иондар, иондық тор, коваленттік байланыс, электростатикалық тартылыс күші, электртерістілік, қосылыс, формула, атом, топ нөмірі, соңғы электрондық қабат және т.б. Диалогқа қажетті тіркестер: Натрий атомында х электрон бар, ал натрий ионында у электрон бар. Оттегі атомына қарағанда оттегі ионы……………………, себебі……………. Топ нөмірі х тең
Құндылықтарды дарыту Топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Математика
Бастапқы білім 7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар 7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0-10 минут
11-15минут Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін алдыңғы білімді өзектендіру және қайталау. Ол үшін оқушылардан атом құрылысын, молекулалар және элементтердің электрондық конфигурацияларын, ионды еске түсірулерін сұрау: 1. Атом деген не? 2. Атом құрылысын сипаттаңыздар. 3. Атомдағы электрондар санын қалай анықтауға болады? 4. Не, Н, Na, Cl атомдарының электрондық конфигурациясын салыңыздар. Оқушылар ақ мини тақташаға орындап, жауаптарын жоғары көтереді. 5. Ион деген не? Атом қай кезде ионға айналады? Осылайша өткен білімді еске түсіріп алған соң, слайд презентация арқылы оқушыларға сурет көрсетіледі. Сурет арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашуға бағытталған жетелеуші сұрақтар қою. Кілттік сөздерді айқындап, жаңа сөдіктер мен терминдерді тақтаға жазып, үш тілде атау:анион, катион, химиялық формула, ион, иондық байланыс, иондық қосылыс, Льюис құрылымы (айқыштар мен нүктелер) Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру Презентация, оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер