«Күз аруы» сайысы

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау,әр түрлі жағдайлардан шыға білу,өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, апайлар, кішкентай бүлдіршіндер! Ел байлығын арттырған,берекелі күз айы да келді. Бүгін «Айгөлек» тобының «Күз аруы » атты  сайысына қош келдіңіздер!

Армысыз асыл халқым ақ жүректі,

Баласына арнаған ақ тілекті

Сынға түсер достары арасында,

Міне ылғи өнерлі қыздар келіпті.

Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды

Жансын деп лайық бәрінің жұлдыздары,- дей келе аруларымызды ортаға шақырайық!    Қарсы алыңыздар! (Балалар залдың ортасына кіреді)

 1аруымыз: Нұрболатқызы Инаят

 2аруымыз:Амандық Құндыз

 3аруымыз: Ғанибай Қазына

 4аруымыз:  Смаділова Дария

 5аруымыз: Нұрлыбек Жаннұр

 6аруымыз: Ғани Инабат

1-жүргізуші:

Кім жүйрік өнерпазды білейікші

«Күз аруы» деп атап, жүрейікші

 Әділқазы  алқасынан әділдікті

Ал қыздарға тек сәттілік тілейікші,-дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп,төрелік

жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.

  1. Балабақша меңгерушісі :  Жұмабава Айнагүл Қуанышбайқызы
  2. Ата-ана  төрайымы: Гүлмира апай
  3. Ата-ана : Бақытгүл апай

1-жүргізуші:

Қайсы әнші,кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық!-деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.

1-бөлім: «Кел, танысайық»(өзін таныстыру)

2-бөлім: «Өнерлі бала- елдің көркі» (өнер сайысы)

3-бөлім: «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»(Күзгі байлықтардан жарнама)

4-бөлім: «Білім сайысы»

 5-бөлім: «Күзгі салат» (үйге тапсырма,аналарының көмегімен  күздің байлыгы

көкөністермен жемістерден жасалған   салат)

6-бөлім: «Сұлулық  сыры» (күзгі сән үлгісі).

1-бөлім «Кел,танысайық»(өзін таныстыру)

Құрметті  көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім.

1-жүргізуші: 

Ендеше сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

 Ақыл-көркі бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызға өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

 (сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді).

(балалар кезекпенен залдың ортасына шығып өздерін

таныстырады)

1аруымыз: Нұрболатқызы Инаят

 2аруымыз:Амандық Құндыз

 3аруымыз: Ғанибай Қазына

 4аруымыз:  Смаділова Дария

 5аруымыз: Нұрлыбек Жаннұр

 6аруымыз: Ғани Инабат

Әділқазы алқасынан  1-бөлімнің  бағасын сұрайық.

2- бөлім «Өнерлі бала — елдің көркі» (өнер сайысы)

1-жүргізуші:

Аруларымыз дайын болғанша «Айгөлек» тобы бүлдіршіндерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар.

«Өнерлі бала-елдің көркі»

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би-билеп, ал  біреуі ән салыпты

Бүгінгі  сайыста бәйге алуға

Сайыскерлер   аянбай жан салыпты,-деп өнер сайысына кезек берейік.

(балалар залдың ортасына шығып,  өз өнерлерін  көрсетеді)

1аруымыз: Нұрболатқызы Инаят

 2аруымыз:Амандық Құндыз

 3аруымыз: Ғанибай Қазына

 4аруымыз:  Смаділова Дария

 5аруымыз: Нұрлыбек Жаннұр

 6аруымыз: Ғани Инабат

 Әділқазы алқасынан  2-бөлімнің  бағасын сұрайық.

3-бөлім: «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»(Күзгі байлықтардан жарнама)

Аруларымыз дайын болғанша «Айгөлек» тобы бүлдіршіндерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Әділ:

Берекелі,мерекелі

Келді жомарт алтын күз.

Қала да,да далалар да

Жанның бәрі жарқын күз

Балақайлар алақайлап,

Бақша іші нұрланды.

Астық жыры,шаттық жыры

Қырман басы думанды.

Қарқынды еңбек

Әр күн өрлеп

Әр ісіне сүйсінді.

Асылхан:                                                                                                

Алтын дәнін сары дала.                                                                                             

Құйып жатыр қамбаға.                                                                                               

Күз еңкейе береді,

Жер жемісін тереді.

Мейіржан:

Алтын- сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ханәли:

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен,

Алдым соны түсініп.

Күзгі байлықтардан жарнама бойынша аруларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.

1аруымыз: Нұрболатқызы Инаят

 2аруымыз:Амандық Құндыз

 3аруымыз: Ғанибай Қазына

 4аруымыз:  Смаділова Дария

 5аруымыз: Нұрлыбек Жаннұр

 6аруымыз: Ғани Инабат

Әділқазы алқасынан  3-бөлімнің  бағасын сұрайық.

 4-бөлім: «Білім сайысы» (сұрақ-жауап).

Білім жолы сара жол,

Білімді адам бастар қол

Сұрақтарды тыңдап ал

Жауап беруге дайын бол.

1.Бір жылда неше мезгіл бар? (4)

2.Қазір жылдың қай мезгілі? (Куз)

3.Күз мезгілінде неше ай бар?  (3)

4.Біздің елбасшымыз кім? (Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы)

5.Бас қаламыз қалай аталады?(Астана)

  1. Сенің балабақшаңның және тобыңның аты қалай аталады? («Нұр»б\б, «Айгөлек»тобы)
  2. Апайларыңның атын білесің бе?( Динара мен Құралай.)

Әділқазы алқасынан  4-бөлімнің  бағасын сұрайық.

5-бөлім: «Күзгі салат» (үйге тапсырма,аналарының көмегімен  күздің байлыгы

көкөністермен жемістерден жасалған   салат)

1-жүргізуші: 

Бұл кезеңде аруларымыз өздерінің қандай аспаз екендерін дәлелдейді                                                   Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Балалардың жемістер мен көкөністерге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Бегімсұлу:

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Ақүміт:

Картоп біздің атамыз

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

Мансұр:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан да сақтаймын.

Саян:

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса оған салғырт кім.

Нұрдәулет:

Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні

Қызығасың көріп,

Оның аты –Өрік.

Нұрәділ:

Іші толған шәрбат

Дәмі сондай әйбат.

Үзесің бірден жүзін

Оның аты-Жүзім.

Әділжан:

Шиемін мен шиемін,

Піскенше тон киемін

Бала келсе жаныма

Басымды мен иемін.

Ерсаят -Қияр

Көкте ерте шырмалып

Өсемін мен бұр жарып

Атым қияр теріп ал    

Жиі-жиі суарып

Зерде -Қызанақ

Тал шыбығы бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып

Айана:

Алма пісті бағымда,                                                                                                        

Пісті балдай қауында.                                                                                                            

Жүзімдер тұр мөлдіреп,                                                                                                   

Үзер шағың келді деп.

1-жүргізуші: Қыздарымыз   сәнді де, дәмді де салат жасап әкелді. Ия,  оларда күтіп қалған шығар. Өздеріңіздің салаттарыңызды көрсетіп, дайындалу тәсілін айтып беріңіздер

1аруымыз: Нұрболатқызы Инаят

 2аруымыз:Амандық Құндыз

 3аруымыз: Ғанибай Қазына

 4аруымыз:  Смаділова Дария

 5аруымыз: Нұрлыбек Жаннұр

 6аруымыз: Ғани Инабат

Әділқазы алқасынан  5-бөлімнің  бағасын сұрайық.

6-бөлім: «Сұлулық сыры» (күзгі сән үлгісі).

Аруларымыздың сән үлгісі дайын болғанша  «Айгөлек» тобы бүлдіршіндерінің тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Нұрислам:

Күздің айы басталып,

Алма,алмұрт, піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Нұрзат:

Күз келіпті тамаша,

Айдын далаға қараса.

Сарғайып көп жапырақ,

Сан жетпейді санаса.

Ақжібек:

 Қуандырып біздерді

 Мерекелі күз келді

 Кемелденсін халқымыз

 Кел, жемісті алтын күз!

Азиза:

Қарсы алайық бәріміз

Жасыменен кәріміз.

 Қырдан келді қыдырып

 Алтын күзім нұр төгіп

1-жүргізуші: 
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызға  қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
«Сұлулық сыры» кезеңі бойынша, сән үлгісін

тамашалаңыздар. Аруымызды  өз фантазиясы бойынша сайыскерлерімізді   сән үлгісімен қошеметпен ортаға шақырайық!

1аруымыз: Нұрболатқызы Инаят

 2аруымыз:Амандық Құндыз

 3аруымыз: Ғанибай Қазына

 4аруымыз:  Смаділова Дария

 5аруымыз: Нұрлыбек Жаннұр

 6аруымыз: Ғани Инабат

Әділқазы алқасынан  5-бөлімнің  бағасын сұрайық.

1-жүргізуші:

Кімдер жүйрік,өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші

Жеңіп шыққан аруға,

Құттықтап тек сәттілікті тілейікші.

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

  ( Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз)

(Аруларымызды  марапаттау  кезеңі  )

Бас жүлде

I-Орын-

II-Орын-

III-Орын —

наменация

наменация

 1-жүргізуші:

Жүзден жүйрік күшімен

Мыңнан тұлпар мықты шың

Құттықтаймыз ал енді

Бүгінгі  біздің күз аруларымызды.

Өрге жүзіп  өнері

Тауға  өрлесін талабы

Шоқтай болып жанады

Қуанышпен  жанары,- деп

«Күз аруын» шын

жүректен құттықтаймыз.

  — Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *