Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту
Ф.И.О: Кульбаева Райхан Ергешовна
Қала: Шымкент қаласы.
Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы Қосалқы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қызметі: мұғалім – дефектолог
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту.
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Тақырыпты меңгерту барысында екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейте білуге машықтандыру. Шапшаң есептеуге үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, сабаққа қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.Математикалықтүсініктерін қалыптастыру.Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау.
Ресурстар: Кесте, қималы карточкалар, ойын элементтері, тест.
Әдіс — тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ – жауап , топтық, жеке
Пән аралық байланыс: қазақ тілі,
Сабақ түрі: Бекіту
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгелдеу) II.Психологиялық көңіл-күйге келтіру:
Қолымда бар он саусақ; Бес саусағым қолдағы; Бес жұлдыздың тармағы; Талап, еңбек, терең ой; Қанағат, рахым, ойлап қой; Балалардың арманы.
Осы өлең шумақтарындағыдай біздің оқушылардың да арманы таланты бала, білімді оқушы болу.
— Жылдың қай мезгілі ? — Қандай ай ? — Бүгін нешесі ? — Ақпанның қай күні ? — Қазір қандай сабақ болады ?
III.Өткен сабақты еске түсіру
«Тосын сый »қызығушылықтарын ояту.
Балалар өткен сабақты еске түсіру үшін сендерді бір тосын сый күтіп тұр. Мына конверттің ішінде не бар екен. Арқайсысың келіп алып,тосын сыйды қабыл алыңдар.
Әр оқушы келіп өз тосын сыйын таңдап, арқасындағы есепті шешеді.
Ал енді балалар көбейту кестесін еске түсіріп алдық.
IV.Жаңа сабақ
Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту.
Екі таңбалы сандарды көбейтуді баған түрінде жазып шығарып көрсетемін.
85 x 3 = 255 72 x 6 = 432
- Тақтамен, дәптермен жұмыс
ІІ, ІІІтоп оқушылары тақтаға есеп шығарады.
- 85 x 4 = 2) 44 x 5 = 3) 22 x 4 = 72 x 6 = 52 x 3 = 32 x 5 = 68 x 3 = 64 x 6 = 45 x 3 = 55 x 7 = 36 x 4 = 38 x 2 = 78 x 8 = 62 x 7 = 53 x 4 =
IV топ оқушылары берілген тапсырманы орындарында отырып орындайды.
12x 3 = 10 x 3 = 3 x 3 = 8 x 5 = 11 x 6 = 12 x 4 = 5 x 2 = 5 x 5 = 22 x 4 = 11 x 5 = 9 x 3 = 5 x 7 = 33 x 2 = 13 x 2 = 5 x 3 = 8 x 6 =
Сергіту сәті.
Ырғақты ән арқылы оқушылардың көңіл – күйін сергіту.
VІ. Жеке жұмыс ІІ топ.
48 36
8 6 4 6
2 3 2 3
12 | 24 |
11 | 44 |
ІІІ топПерфокартамен жұмыс
7 | 42 |
3 | 12 |
IV топ Кестемен жұмыс
VIІ. Бекіту Математикалық тест.
- 24 x 6 өрнегінің мәні нешеге тең ? а) 128 ә) 144 б) 155
- 11 х 4 өренгінің мәні нешеге тең ? а)12 ә) 24 б) 44
- 7 х 8 өрнегінің мәні нешеге тең ? а) 48 ә) 56 б) 26
- 9 х 7 өрнегінің мәні нешеге тең ? а) 58 ә) 60 б) 63
VIII Қорытынды: Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Қандай есептер шығарып үйрендіңдер?
ІХ Бағалау: Оқушыларды білім деңгейіне қарай , мақтап – мадақтап бағалау.
Х Үйге тапсырма:7,8,9 көбейту кестесін жаттау. №221,222 есеп.