Ұлттық киім кию мәдениетінің эстетикалық мазмұны
Шымкент қаласы
М.Сапарбаев институтының
Парасат колледжінің арнайы пән
оқытушысы Карибозова Айсұлу Маханбетқызы
Ұлттық киім кию мәдениетінің эстетикалық мазмұны
Киім адамның денесін сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Ол белгілі бір дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, материалдық ерекшеліктерін және этикалық ортасын танытады. Сондықтан да, кейбір ұлттық талғам мен дәстүр киімдегі ою-өрнектерден айқын сезіледі. Тіпті шапан, қалпақ, кимешек , етік, мәсі, бешпент, көйлек, шекпен, камзол, шалбар секілді көптеген киім түрлері адамның тегін, қай аймақтан екенін танытқан. Осы киім түрлерінің ұлттық киім кию мәдениетінде алатын өз орны, атқаратын қызметі және соған сәйкес қолдану жолдары да бар. Қазақ киімі – ғасырлар бойы өзіндік ерекшеліктерін дәстүрдің озық үлгілерінде қалыптастырып бізге жеткен заттық – тұрмыстық мәдениеттің асыл қазынасының бір көрінісі.
Әрбір адамның әлеуметтік тегіне, кәсібіне, ыңғайына, бағытына қарай киімдердің етек-жеңі, жағасы , басқа да бөліктерінің үлгісі мен әшекейлері әр түрлі болды. Мәселен, ел билейтін билеушілер ауқатты адамдар жеңді етегі жерге дейін жететін шапандар киген. Олардың киімдерінің етегі жерде сүйретіліп жүретіндей ұзын болған, оның сүйретілген етегін арнаулы қызметшілері көтеріп жүрген. Үйде және сыртта, әсіресе жиындарда киілетін бас киімдері мен былғары етіктері ерекше көзге түскен.
Әсем киініп, әсем жүруге құмар. Әсіресе бұған жастар икемдірек келеді. Үстіне не болса соны іле салған, әлі де эстетикалық талғамды білдірмейді. Оның көптеген талаптары бар. Психологтардың зерттеуі бойынша киім көңіл күйге әсер етеді. Ескі киім адам көңілін басады, тез шаршатады. Жаңа киім тітіркендіргіш қызметін атқарып, адам көңілін көтеріп, жақсылыққа бастайды. Онда көпшілікке көрсетіп, мақтанышқа бөленеміз. Байғазы сұрап базар боламыз.
Мәдениетті киіну – білімдік белгісі болса,олбыр-солбыр киіну – талғамсыздықтың бір белгісі. Киіміне қарап кісіні, елді танитын болдық. Жастарда балалық шағынан көркемдік-эстетикалық талғамына тәрбиелеу-ұстаздардың, ата-аналардың, шәкірттерін, тәрбиешілердің балғын жас бөбектерді мәдениеттілікке, пәктікке тәрбиелеудің қайнар көзі.
Ұлттық сана сезіміміз оянып, салт-дәстүрімізді басқаларға көрсету, олардан үйренудің айыбы болмасы керек. Қайта бойында мақтаныш сезімін тудырмай ма! Елді жерді сүю дегенді осылай түсінемін.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі – баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика «еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар әдебиетті оқуға кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Бүгінгі таңда камзол түрлерін фетрден дайындау үлгілері қолға алынуда. Киім-кешек ұлт байлығы.Ұлттық киімдерімізге қарап, халқымыздың эстетикалық талғамының нәзік те бай екеніне көз жеткізуге болады.Ата-бабамыз ұрпақ тәлім- тәрбиесіне өмірінің жалғасы деп қарап, «Адамның көркі шүберек» деген. Жас шамасына дәулетіне қарай үйлесімді, шаруасы да, сауыққа да ыңғайлы киім киген. Қазіргі таңда осы камзол түрлерін фетрден тігіп жатыр. Осындай фетрден тігілген камзолдар өте әдемі, ыңғайлы және түстері де өте әдемі болып келеді.
«Өнер таусылмас қазына», жұтамас байлық -дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.
Ата бабаларымыздың өмірі көшпелі болғанымен, рухани болмысы көшпелі болған емес. Бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа деген өсиет үлгісі өнері арқылы жеткен.Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан қолданбалы сәндік өнердің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпалын тигізеді.
Осы ұлттық қыздар киімі камзол жөнінде ойымды қорытындылай келгенде, әсемдікті сүюге, ұлттық киімімізді өз нақышында безендіруге, жан дүние сұлулығын қол өнері ою-өрнекпен әшекейлеп, мәдениетті киіну, көркемдік-эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамға деген көзқарасына қалыптастыру. Қолөнері шыңы биік. Өйткені барлық халықтардың өздеріне ерекше тән үлгілері, киімдерді әртүрлі маржан, кесте, жапсырма өрнектермен әшекейлеу арқылы дүниежүзілік арнайы орындарда баға алады.
Негізгі тақырыпта ұлттық қыздар киімін маржанмен әшекейлеу технологиясы, ұлттық киім туралы түсінік, ұлттық киімдердің шығу,зерттеу жұмыстары мен жасалу жолдары көрсетілген. Сонымен қатар ұлттық қыздар киімінің үлгі сызбалары, модельдері, тігу технологиясы және маржандау өнерінің жолдары берілген. Жалпы қазақтың ұлттық киімдерін дайындау ұрпақтан ұрпаққа ауысып,өзінің ерекше нақышын заман талабына сай жаңартып отырады. Ғасырдан ғасыр асып жеткен бұл қазақтың киімдері биіктен көрініп, жалғасын таба бермек.
Қазақ киімдері қазіргі уақытқа, заманға сай жаңа әдіс-тәсілдермен тігіліп, өзіндік бұрынғы сюжеттік элементтерін ұмытпау керек. Қазіргі уақытта зерттеу барысында қазақ киімдерінің қорлары молаюда. Әртүрлі модалық киім тігу үйлері ашылып, шетелдерге экспортқа шығуда.
Қай қоғамда болмасын киім тәсілі, жолдары ерекше орын ала бермек, күнде өзгеріс болып жатқан дәстүрімізді, тарихи байлығымызды қадірлей білуіміз керек.
Бүгінгі мен кешегімізді қастерлеу – қоғамның парызы. Сол қоғамды дамытушы адам. Жас ұрпақ ертеңгі қоғам иесі. Қоғам иелері қазақ халқының өмір тіршілігін қазіргі уақытқа сәнді, мәдениетті етуге тырысуда.
Ұлттық мәдениетімізді, ұлттық киімдерімізді, қолданбалы сәндік қолөнермен танытуда.
Заман талабына сай мектепте сәндік қолданбалы қолөнерге, көнеден келе жатқан қолөнерге үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Соған орай мектеп бағдарламасына сәндік қолданбалы қолөнерді, фетр өнерінің еңгізілуі көңіл қуантарлықтай сан қырлы тақырыбын ашуға болады.
«Еңбек – өнер өрісі, өнер – өмір жемісі» деп еңбек пен өнерді егіз деп қараған халық қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұстасып келген. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімін өңдеуге, тұтынуға, ұқсатуға арналған болса, жүн иіріп, сырмақ сыру, тұскиіз өрнектеу, кесте тігу, тері илеу, киім тігу, кілем тоқу т.б. шаруалар әйелдер мен қыздар үшін ерекше өнер болып табылған. Сондықтан да халқымыз жас буынды еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған. Сондықтан да апа-әжелеріміз қыз балаға қолөнер түрлерін түгелдей үйретіп келген. Олар төзімділікке, шыдамдылыққа үйреніп қана қоймай, олардың бойында имандылық, кішіпейілдік, ізеттілік қасиеттер толы болды.
Еліміз егемендік алғалы жас ұрпаққа өз халқының өнегесін, әдет-ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі өзекті мәселе болуда. Осы жұмыстың нәтижесінде ұлттық қолөнер туындысы шеберлерінің ғасырлар бойы сақталып келген дәстүрі кеңінен қамтылды.
Әр халық өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлеп сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге жеткізген.
Халық қолөнерін зерттеу, қалың қауымның игілігіне айналдыру, қазіргі заманның бір мәселесі. Сондықтан ұрпағымызға ұмыт болып бара жатқан осы қолөнер туындысын таныстырып, қолөнер, сурет, архитектура және салаларына ендіріп қана қоймай, осы өнерді қайта жаңғырту біздің мақсатымыз.
Соңғы жылдары фетр өнерінің интерьермен тығыз байланысына орай сәндік қолданбалы өнерінің бұл жанры жаңа бағыт ала бастады.
Қорыта айтқанда, оқушыларға әр халық әсемдік туралы ұғымын таныту арқылы ұлттық шығармашылық бағытқа тәрбиелей аламыз.
Қолданылған әдебиеттер:
- Сапар Төленбаев, Маргарита Өмірбекова «Ою — өрнектердің жасалу жолдары»
- «Қазақстан әйелдері» №1 1994ж.
- С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері»