Жекен Шайық əулие-қасиетті мекенім

Жекен Шайық кесенесі Арыс қаласынан 1,5 шақырым оңтүстік- мен оңтүстігі шығыстағы Арыс өзәнінің тік құлама жар төбесінде орналасқан . Кесененің солтүстік — шығысы мен шығысынан айнала Арыс өзеніағады,батысы қатпарлы төбелер арқалы Алматы -Москва теміржолымен жалғасады. Өзен бойын қалың сәмбі тал мен сексеуіл басқан . Төбедегі күмбезге 14баспалдақ арқылы көтеріледі.
4х4 метірлік кесененің 0,40 метір іргетасы цементтелген . Үш метірлік қабырғасы күйген қыштан өріліп , төбесі күмбезделіп жабылған. Ортада 3,0 метірлік , биіктігі 2,0 метірлік күмбез қойылған . Төбесі мен күмбез ақ түнекі мен жабылған. Шығыс және батыс қабырғаларында 0,30 х 0,30 метірлік терезе бар . Есігі солтүстік -батысқа қараған кесенені айналдыра 1,0 метірлік ендікте цемент құйылған . Кесененің ішінде қабір бар . Қабір орнын 3,0х1,30х1,10 метір деңгейде күйген қышпен көтеріп, үстіне ақ мата жабылған. Кесене едені цементтеліп, үстіне киіз , палас, көрпеше төселген. Қабырғалары әктелген , төрт қабырға күмбез орнатылған аймаққа дейін айналдыра қышпен өрілген. Күмбез бұрыштары ақ түнекімен қапталған, сырт көзге қарағанда төрт жақтамалы жабылған тәрізді көрінеді.
Ол туралы ел аузында әңгіме көп. Соның бірі былай дейді:
Ол Ұлы жүз Дулаттың Жаныс атасынан тарайтын. Қасқарау – Еламан – Ес – Байшүкір тармағына жатады. Өзі ескіше оқыған білімді, діндар кісі болыпты. Өмірінің соңында жыл сайын сонау Жемісу өлкесінен Арыстанбабқа келіп , Түркістаннан тікелей келеді екен . Осындай сапарға алтыншы рет шығып, қайтып бара жатқан жерінде Арыс өзені бойында қайтыс болады. Ол кезде ол ұзақ спарға жолға шыққандар өзен бойын жағалап, жан сауғалап жүретін болған.

«Жекен Саяқ» пен «Жекен Шайық» әулие екеуі бір адам ба?
Арыс өзенінің тарихы мен айналысып, қалам тартып жүрген бір топ арасында «Жекен Шайық» әулие және «Жекен Саяқ» деп аталатын екі кейіпкер бар. Ол екі кейіпкер бір адам ба, әлде екеуібасқа адам ба деген сұраққа жауап таба алмадым. Деректерде – Жекен Шайықты әулие десе, Жекен Саяқты батыр дейді. Біздің мақсатымыз әулие — әнбилер, аңыз-әңгімелерлер мен батыр дастандары туралы аңыздарды топтастыру болғандықтан, бізде қалыптасқан кері ұғымға байланысты Мәбәхат Аяпұлының Жекен Саяқ батыр туралы жинақталған мәліметтерін еш өзгеріссіз ұсынғым келеді.
Жекен Саяқ әулие деп отырғанымыз кешегі Кенесары ханның астыртын қолдаған Елші мырза балаларымен,ту ұстаған Толысбай батырмен І. Есенберлин жазған Мәубек батырлармен, оның шөбересі Қазанғап батырмен туыс, бір туған балалары ішінде Мәубек батырмен жорықтас, Кенесары қолының сенімді сарбазы – Бектай батыр. Бектай батырдың шын есімі – Бекайдар.Бекайдар батыр да Мәубек әкеден,шешелері бөлек кісілер кісіле. 1847 жылдары жау қолынан қаза табады. Ұрпақтары қазіргі Жаңақорған және Келес аудандарында тұрып жатыр. Бекайдар батыр Едібай әулеті– шоң бидің ұрпағы.Ал Қожаназардың екінші әйелінен туысы тәрізді аталарының қызына үйленген Бекайдар батырда кезінде Кенесары ханнан мол мадақтау мен қолпаштау естіп, Жеке батыр атағын естіген ұлы түлғалардың бірі.
Жекен Шайық әулинің өмір сүрген дәуірі әрине, Төрт құлақ айық әулинің өмір сүрген дәуірі әрине, Төрт құлақ әулиеден бұрынғы кезеңге барады.Төрт құлақ әулие туралы 1069 жылы жазалған Жүсіп Баласағұнның «Құдадғу білік» де «Құтты білік» деп айтылатынын ескерсек, онда Жекен Шайық 19-шы ғасырлар арасында өмір сүрген. Өйткені ел арасындағы әңгімеде Төрт құлақ әулие Жекен Шайық әулиенің басына барып, пір тұтқан, медет еткен.
Әулиенің мүрдесінің басын 1972 жылы Әсілхан молданың демеушілігімен кесене салынды.Басындағы күмбезін Түркістанда жасайды. Кейіннен жеке кәсіпкер Бауыржан Абылайұлы жеке өзінің демеушілігімен бұл кесенені күрделі жөндеуден өткізіп, күмбезді жөндеуден өткізіп, күмбезді қайта жаңғыртады.

Шырақшының әңгімесі
Ол кісінің аты Жекен Шайық, “ Жекен Саяқ деп менің атымды халық қойған”деп маған аян берген. Негізінде бұл кісінің аты Жиеке Байшұқырыл екен. Байшұқырылдың ұлы. XVIII ғасырдаөмір сүрген кісі. Бірақ менің атымды Жекен Шайық және Жекен Саяқ деп халық қойған. Бұл кісіге кішкентайынан қасиет қонып емші болған екен. Сода күндердің күнінде бұл кісіге аян береді <Сенің осыншама қасиетің бола тұра неге халыққа көмектеспейсің, бүткіл елді жау қырып жатыр> деп. Сол аян берген күннен кейін, қолына найзасын алып, жанына нөкерлерін алып жауға қарсы шығады екен. Сөйтіп, жауға шығып жаңағы соғыста қаншама елді басқарып, билеп келіп, жеңіп осы жерге келгенде кезінде, қасындарғы нөкерлеріне “ Мына жерде аттан түсейік, үй тігіп, қазан көтеріңдер, Алла нәсіп етсе осы жерден дәм тұтатып, мен жантәсілім етемін” деген екен, сонда жанындағы нөкерлері “өлетініңізге көзіңіз жетсе, не бар мұнда? Оданда елге қайтайық” дейді. Сол кезде Жекен Шайық “жоқ шырақтарым, мені айдалада қалып қоясың деп уайымқылмаңдар, мен осы қырдың басында қалам, келешекте мына қырдың артына суын телеп жар келеді, мына жақтан темір түсіп жол келеді, суын телеп жар келсе, жардан құласам, мен қайық болып ағамын, темір түсіп жол келсе, мен көзден ғайып боламын. Алланың сүйген құлы Жеке жүрген Шайығы мен болам” деп бұл кісі айтып кеткен екен. “ Мені мына жар келіп қалды деп ауыстырушы болмаңдар, мен адам баласына сүйегімді ұстатпаймын, менің жер бетінде тек Рухым жүреді ” депті. Неше жылдан бері бұл кісінің қасиетін бірінші болып Сүткелді Асылхан деген молда кісі болған екен, сол кісі тапқан екен. Түсінде аян беріп, 1941 жылы соғысқа барғанда “ Шырағым, мен мынау Оңтүстік Қазақстан облысында Арыста қырдың басында жатырмын, Менің атым Жекен Шайық болады, мен белгісіз жатырмын, белгі қой ” деген екен. Содан кейін тауып, белгі қойған екен. Содан бұл кісінің бұрында жерленген жері теміржолдың үстінде болған дейді. Сол темір жолды соғамыз деп, қаншама трактормен келіп түсірсе, сол тракторлары бұзылып немесе өшіп қалған, қаншама адамдары өлген екен. Қаншама қиыншылықтан кейін, еш нәтиже шықпайды. Содан бір молда кісіден, “мына жер мұсылманның қоры ма, бұның қандай қасиеті бар, жол аша алмай жатырмыз” деп сұрайды, сонда молда кісі “ мұның енді бір-ақ жолы бар, сендер ешкіден бастап түйеге дейін сойыңдар” деп сойдырады. Сол қаншама малды сойғанда тек жарды ашады. “Құдайға шүкір, жарды аштық, енді теміржолды салу ғана қалды” деп жұмысшылар теміржолды салып кетеді.

Бірақ ертесіне қараса теміржол екіге айырылып жатыр екен. Тіпті бұған қарамастан жолды қайта салғанымен, бұл жәйт қайталануын қоймайды. Осылай жалғаса келе, теміржол басшылары Мәскеу шіркеуінен арнайы топ шақырады. Шіркеуліктер діни кітабын ашып, бір ұйғарымға келіп, Жекен Шайық әулиенің мүрдесінің үстіне «талпақ тонаудың» етін шыжғыртады. Сүт пісірім уақыт өткенде жанып жатқан отынның түтіні қара қоюланып, Арыс өзеніне жетпей шөгеді. Сол жер бүгінгі Жекен Шайық әулиенің орны екен.
Жекен Шайық әулиенің басына ниет етіп түрлі қалалардан келіп жатады, тіпті түрлі мемлекеттерден. Мысалға; Қостанай, Талдықорған, Астана, Алматыдан. Ал мемлекеттен: Белоруссиядан келгендерде болған. Келгендердің барлығының ниеттері қабыл болып кетеді екен. Тілегіңіз қабыл болу үшін ниеттеніп бару керек. Немғұрайлы қарауға болмайды.
Тағы да Жекен Шайық әулиенің арғы жағында Аманжар деген жар бар. Амандар деп аталу себебі: Ертеде бір бай болыпты ол қызын ұзатып келе жатқанда, топырақ аралас жаңбыр жауып жердің бары балшық болады. Олар ары қарай жүре алмайтындығынын біліп сол жарда түнемекші болады. Таңертең олар аман қалғанын біліп “Мына жардың бір қасиеті бар шығар” деп ойлайды. Сондықтан, бұл жар Аманжар деп аталып кеткен.
Біз көбінесе Жекен Шайық әулиені Жекен Саяқ деп атап жатамыз. Бірақ Жекен Саяқ деп айтуға болмайды. Себебі Саяқ деп “деңбіл” деген мағынаны білдіреді.
Жекен Шайық пен Жекен Саяқ екеуі бір адам. Яғни бұл кісі әулие әрі батыр болған. Жекен Шайық аз ғана өмір сүрген. Небәрі 45 жыл. Соғысқа барып қайтып келмеген екен. қария Жекен Шайық әулиенің басына қарап жүрген екен. Ол кісі соғысқа барып бір аяқсыз қайтып келген екен. Үйдегілеріне “мен қазір келемін” деп шығып кететін болған. Бір күні шығып кетіп мүлде келмепті. Оның келмегеніне алаңдап туыстары іздестірмекші
Шырақшының алдында бір болады. Сөйтсе, ол кісі Жекен Шайық әулиенің арғы жағында жантәсілім еткен екен. Одан соң Шырақшы апаға аян береді екен. Ол кісі жай түс деп мей жүре берген екен. Кейінмән бер 1 жыл өткенде тағыда аян береді. Аянда Жекен Шайық апаға бір қағаз береді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *