Ұлттық құндылық-ел қазынасы
Тәрбие сабақ тақырыбы: Қазағымның ұлттық құндылықтары
Сабақтың мақсаты:Болашақ қазақ халқының ұрпақтарына еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру.
Бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани-мәдениетке тәрбелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу.
Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы парыздылық қасиетінің қалыптасуына бағдар беру.
Сабақтың түрі: өнеге сабағы
Көрнекілігі: бейне материалдар, слайдтар
Әдіс – тәсілдері:бейне әдіс, сұрақ – жауап, сахналық көрініс.
Сабақ барысы.
1)Ұйымдастыру кезеңі:
1)Амандасу,түгелдеу,топқа бөлу.
2)Шаттық шеңбері
Текшелер арқылы домбыра және қобыз болып 2 топқа бөліну. (Топ басшысын сайлау, топты қоғау)
2)Жаңа сабақ
-Балалар, қалай ойллайсыңдар ұлттық құндылықтар дегеніміз не?
-Бір ұлтты екінші ұлттан ерекшелеп тұратын не?
-Дұрыс айтасындар, балалар әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Егер халық өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, ол халық – «ұлт» деп саналмайды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға тырысады, әрі қорғайды. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындарының біреуі – асық ойыны. (слаид)
Асық ойнау: баланың ойлау қабілетін дамытады, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді, денені шынықтырады, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жылдам өсуіне көмектеседі, таза ауада тері жасушалары ашылып, ағза тынығады.
Ал, қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді. Жапонның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасайды. Міне, қазақ халқының ұлылығы, осы процестерді өзінің өміріне пайдаланып, бала жарық дүниеге бейімделгенше, бесікке бөлеп, тербетіп отырған.
Сергіту сәті (видеоролик)
Жаңа сабақты бекіту (слаид)
-Балалар, суреттен тағы қандай қазақтың ұлттық ойын түрлерін көріп тұрсыңдар?
-Мына аспаптардың аттарын атаңдар
«Кім жылдам» ойыны.
Ойынның шарты: 2 топ нұсқаушы көрсеткен әріптерден басталатын мақал-мәтел айтып жарысады.
Қорытынды.
Қазіргі ұрпақтың, ХХІ ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті – экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғап, дамытып, сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Егер ұлттық
құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі !