Баланың балабақшаға бейімделуі.

«Қызғалдақ» бөбекжай-балалар бақшасы МКҚК-ның психолог
Асқарова Гүлдана Мейрмановна.
Тақырыбы: «Баланың балабақшаға бейімделуі»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез — құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата — ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата — ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым — қатынасты қалыптастыру;
Жоспар
1. Кіріспе сөз
2. Тренинг: «Жылы сөз»
3. Балабақшаның күн тәртібі
4. Баланың балабақшаға бейімделуі (баяндама оқу).
5. Ата — ана мен балаға байланысты ситуация шешу.
БАЛАБАҚША меңгерушісіне сөз беру: Нуркасимова Б.М.
Тәрбиеші:
Құрметті ата — аналар! Сіздерді біздің балабақшада көргенімізге қуаныштымыз. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен балабақша. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Олай болса біз сіздермен ең алдымен танысып алайық.
Тренинг: «Жылы сөз»
Ата — аналар шеңбер құрып тұрады, бір -біріне жылы сөздерін айтады. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын»- деп жұмсақ ойыншықты көрші тұрған ата — анаға беріп, әр бір ата — ана жылы сөздерін айтып орындарына жайғасады. Баяндама оқылып, сұрақ- жауап алмасып, балабақшамен толық танысып тарқасады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *