САБАҚТА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Низамеденова Дана Исатайқызы

САБАҚТА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субьективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Мультимедия – бұл нысандар мен үрдістерді дәстүрлі мәтінмен сипаттау емес, фото, бейне (видео), графика, анимация, дыбыс,яғни бүгінгі күні бәрімізге таныс формаларда беру. Бұл жағдайда біз екі негізгі * сапалық және сандық басымдылыққа ие боламыз. Егер сөзбен сипаттауды аудиовизуалдық ұсыныммен салыстырсақ, сапалық артықшылықты бірден көреміз. Сандық басымдылық мультимедиялық орта ақпараттық тығыздығымен жо,ары екендігімен көрінеді. Шындығында, мәтіннің бір парағы 2 Кбайтқа жуық ақпарат сыйғыза алады. Оқытушы бұл мәтінді 1-2 минутта айтып шығады. Ал осы уақытта толықэкранды видео 1,2 Гбайтқа бере алады. Міне, сондақтан да «мың рет естігеннен, бір рет көрген жақсы».
Мультимедиа технологияны қолдану әдістемесі:
Оқытуды басқару жүйесін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде жетілдіріп отырады. Оқытудың мотивациясын күшейтеді;
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытатын оқыту және тәрбиенің сапасын арттырады, оқушылардың дайындық деңгейін арттырады;
Компьютер тек ойын ойнайтын құрылғы емес, басқа да мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.
Мультимедиялық сабақтар келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі:
– Пән боынша базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйлеу, өзін-өзі бақылау бағдыларын қалыптастыру;
– Жалпы оқуға деген, оның ішінде ерекше информатика пәніне деген ынтасын арттыру;
– Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Адамдардың көпшілігі естігеннің 5 % және көргеннің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио- және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Мультимедия бағдарламалар ақпаратты әр түрлі формада ұсынады, сондықтан оқыту үрдісін ізгілендіре түседі. Сбақта мультимедиялық технологияларды қолданғанда сабақтың құрылымы өзгермейді, барлық негізгі кезеңдері бұрынғыша сақталып қалады, тек уақыт бөлінуі өзгеруі мүмкін.
Бұл жағдайда мотивациялау кезеңі арта түсетінін және танмдылық жүктеме беретінін атап өту керек. Бұл оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін, білімнің кем тұсын толықтыруға қызығушылықтарын арттыратын оқытудың қажетті жағдайы.
Мультимедиялық презентацияларды қолданудың артықшылығы:
Мультимедиялық сабақтар оқушыларды жаңашылдығымен қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақ үстінде оқушылар өз ойын «өз сөзімен» айтатын шынайы қарым-қатынас туады, олар тапсырманы ынтамен орындайды, оқып жатқан материалға қызығушылықпен қарайды, оқушыда компьютер алдындағы қорқыныш жоғалады. Оқушылар пән бойынша оқулықпен, анықтамалық және басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушыларда жоғары нәтиже көрсетуге, қосымша қиын тапсырма алып орындауға қызығущылықтары пайда болады.
Мультимедиялық технологияның келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі-түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қарап презентацияда гиперсілдтеме қолдана отырып, бір материалды толығымен де, және тек негізге сұрақтары бойынша ғана түсіндіруге болады. Материалдың көлемі мен беру шапшаңдығы сабақ барысында анықталады.
Проекторды қолданып презентацияны көрсету кезінде оқушылардың жұмыс орны жеткілікті жарықтанады. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
Информатика пәнінің және басқа пәндердің мұғалісдерінің жетекушілігімен оқушының оқу бағдарламаларын жасау жобалық іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіндігі туады;
Ақпараттық технологияларды қолданатын оқытушы оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді. Балалар оны адамзат барлық салада қолдана алатын әмбебап құрал ретінде қабылдай бастайды.
Қорыта айтқанда мультимедия ақпарат берудің көптеген арналарымен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар әр түрлі орталар бірін-бірі толықтыратын жағдай туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар жеке ортаны шығармашылықпен қолдана алатын жаңа мүсмкіндіктер ашылады. Мультимедияны қолдану оқушыларды іздемпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді. Жобалары алған білімдерін іс жүзінде қалай қолдануын тереңірек түсіндіреді, белсендіоік, жинақтылық, өздігінен жұмыс істеу сияқты өмірге қажетті қасиеттерін қалыптастырады.
Сондықтан да мультимедиа – оқу үрдісін құру құрылғысы ретінде, ал компьютер – кітап пен қалам сияқты оқушының жұмыс құралы ретінде қолданылуы тиіс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.