КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АВТО ІСІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ.

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ АВТО ІСІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ.

Арнайы пән оқытушысы: А.С.Мамбетов
Бүгінгі күн талабына сәйкес орта білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына алғашқы кәсіби мамандықтар беру қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының өсіп өркендеуіне, әлемдік өркениеттен өзіндік орын алуына ең әуелі оның халыққа білім беру жүйесінің даму деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезден бастап білім жүйесінің құқықтық негізі қалыптасып, білім туралы заңдар қабылданды. Екінші кезеңде білім жүйесі тұжырымдалып, бағдарламалық тұрғыдан жаңарған бағыт-бағдар белгіленді. Үшінші кезеңде білімді беру жүйесін қаржыландыру жетілдірілді. Қазір біз реформаның 2001-2005 жылдарды қамтитын бесінші кезеңнің білім жүйесін дамытудың стратегиялық бағытын жүзеге асырып отырмыз.
Білім туралы заңда орта білім үздіксіз білім беру жүйесіндегі немесе деңгей болып табылады және жалпы, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді қамтиды. Орта білім берудің міндеттілігі мен оған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін мемлекет орта білім беру ұйымдарының сақталуына және дамуына жәрдемдеседі.
Жалпы орта білім үш сатылы:
Бастауыш (1-4сыныптар), негізгі (5-9сыныптар) және жоғары (10-11 (12) сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орынында кезең-кезеңмен алынады.
Мектептің бірінші сыныбында балалар алты және жеті жастан бастап қабылданады. Аталған сыныптар бірге немесе дербес жұмыс істеуі мүмкін. Олар тиісінше жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беруді іске асырады. Жалпы білім беретін оқу орының бастауыш, негізгі және жоғары сатыларының білім беру бағдарламалары сабақта болып жабылады, әрбір келесі бағдарлама алдыңғысына негізделеді.
Жалпы орта білімнің рөл нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфра құрылымын қалыптастыруға Жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткізіледі.
Кәсіптік оқыту тікелей өндірісте, оқу өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылмдарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру — қоғам мүшелерінің адамгершілігі, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі” деп көрсетілген.
Білім беру жүйесі дегеніміз — білім беру қызметі мен білім беру мекемелерінің жемісі. Ол жүйені жіктейтін болсақ, соның бірі — оқушыларға кәсіптік білім беру болып табылады. Осы жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды еңбекке баулу, үйрету мен тәрбиелеуді жүзеге асыру барысында жастарды еңбек ету негізінде мектеп жасынан бастап қалыптастыру болашақ іскер маманның негізгі міндеттерінің бірі болып саналмақ.
Оқушыларды автокөлік ісіне оқыту қоғамға пайдалы еңбек негізінде ғана емес, мектептің бүкіл оқу тәрбие ісінің ықпалымен жүзеге асады. Оқушыларды авто ісіне оқыту өзіндік мүмкіншілігіне, психологиялық өрісіне және әлеуметтік мәртебесіне сай көп салалы бағытта құрылып, балаларды шамасына сай еңбекке қосып, оларға жалпы адамгершілік талаптар тұрғысында қалыптасыруға бейімдейді.
Кәсіпке баулуда жоғары сыныпта жүргізілетін Авто ісі пәнінің келешегі зор. Ендеше, осы болашақ кәсіп иелері талапқа сай білім алып жатыр ма? Оқу шеберханалары қажетті көрнекіліктермен, құрал-саймандарымен жабдықталған ба? Оқытудың әдістері қазіргі заман талаптарына жауап бере алады ма?
Қазіргі нарық заманында бұл сұрақтардың мәні мейлінше маңызды. Оқушыларды кәсіпке оқытуда заман талабына сай озық технологияларды, оның ішінде компьютермен басқаруды немесе техникалық оқыту құралдарын қолданып оқытудың жаңа әдістерін қолдану өте тиімді екендігі даусыз. Соның айғағындай, соңғы жылдары білім берудің жаңа бағыттары туралы көптеп жазылып жүр. Ол инновациялық технология, ақпараттық білім беру бағыттары, яғни, жаңалықтар арқылы оқыту, жаңаша оқыту, өндірістегі жаңалықтарды берілетін білім мазмұнына енгізу болып табылады. Жаңа нәрсе қашанда оң нәтиже бере білген. Оқушылар меңгеретін сабақтың әр тақырыбы өзінің тың жаңалығымен қызықтырған жағдайда олардың бар ынта-ықыласымен дәріс тыңдауын қамтамасыз етеді, ұғыну қабілетін арттырады, қызығушылығын оятады, жаңа білімді меңгеруге жігерлендіреді.
Оқыту барысында техникалық құралдарды, оның ішінде компьютер көмегімен берілетін білімді жан-жақты жеткізу үшін бұл көру арқылы, есіту арқылы, ондағы мәліметтерді қозғалтып, түсін өзгертіп, толықтырып т.б. әрекеттер арқылы оқушылар біріншіден, компьютерді меңгереді. Екіншіден, олардың білімі, іскерлігі, дағдысы қалыптасады. Өйткені нақты ақпараттарды монитор экранында көрсету арқылы оқушылар нақты мәліметтерді таниды, ұғынады, үйренеді, меңгереді, біледі. Көру арқылы қабылданған ақпараттың есте қалу ықтималдығы жоғары екені белгілі, мәні зор. Мәселен, компьютерді пайдалана оқыту оқушылардың бар зейінімен нақты мәліметті көруіне, естуіне, сезінуіне мүмкіндік береді. Мұнда оқушылар тек теориялық білім алып қана қоймайды, олар бағдарламада жазылған бейнетаспаны көру, қайталау, өзгерістер жасау, қозғалтып көру арқылы іскерлік дағдыларын қалыптастырады. Айталық бағдарламада жазылған, жасалынған бейне таспада автомобильдің иінді білікті-әздекті механизмі тарауын оқыту кезінде оны бөлшектеу және әр бөлшектің қызметімен танысу, бөлшектерді қайта жинау, т.б. үрдістерді байқап, бақылайды. Сондықтан теориялық білім беру кезінде біз оқушыларды оқытуда техникалық оқыту құралдарды, оның ішінде компьютерді білгеніміз жөн. Осыған орай, біз Б. Момынбаев пен К. Өстеміровтің “Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту әдістемесін” басшылыққа алып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі кафедрасында Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәнінен алған білімдерімізді пайдалана отырып, төменде 10-11 сынып оқушыларына авто ісін оқытудың тақырыптық жоспарларын ұсынып отырмыз. Мұнда тарауды оқып үйренуге 4 сағат уақыт бөлінген. Осы тарауды 2 сағаттан 2 тақырыпшаға бөліп өтуге болады:
1 — сабақ. Цилиндр-Поршень топтары:
2 — сабақ. Инді-білікті әздекті механизм топтары:
Осы негізінде екінші сабақты қорытынды сабақ етіп, жалпы тақырыптар бойынша жоғарыдағы айтылған құралдарды, оқушыларға техникалық оқыту құралдарын қолдану арқылы өткізуге болады:
Мұнда автокөліктің инді-білікті әздекті механизмдері мен жеке бөлшектерінің т.б. жұмыс істеу ұстанымын көрсетсек, оқушылар жоғарыда алған теориялық білімін бекіте түседі және оны тәжірибе жүзінде қолдана алады. Ал тәжірибелік-машықтану сабақтары кезінде осы әдісті пайдалану арқылы оқушыларға қысқа уақыт ішінде механизмдерді, агрегаттарды таныстырамыз, оларды бөлшектеуді, ақауларын табуды, қайта жинауды көрсету өте тиімді.
Компьютер көмегімен бейнефильмде автокөліктің механизмдерін, агрегаттарын көрсетудің артықшылығы: қысқа уақыт ішінде өтілетін тақырыпты толық қамтуға болады; оқушылар білімін тереңдетуге мүмкіндік береді; оқушылардың сабақта түсінбеген жерлерін қалауынша қайталап көрсетуге болады.
Әдебиеттер тізімі.

1. В.С. Калийский. Автомобиль. — Алматы: “Қайнар” 1976. – 464 б.
2. Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары. – Алматы: “Мектеп”, 1989 ж.
4. Қалиев және т.б. “Оқушыларды оқу еңбегіне дағдыландыру”. Алматы. 1988 ж.
5. Жұмабаев М. Педагогика.– Алматы: “ Ана – тілі ”. 1992 ж .
6. Ильина Т.А. Педагогика. Алматы: “ Мектеп ” , 1977 ж .

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.