Көрікті көктем

Түркістан облысы

Арыс қаласы

№11 Бөбекжай балабақша

Тәрбиешісі:

Айдарша Айгул Полатқызы

 

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Көрікті көктем».

Мақсаты:

Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер туралы білімдерін бекіту.

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, табиғатты аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Көктем мезгілінің суреттері, слайд, доп.

 

Оқу қызметті Тәрбиешінің қызметті Балалардың қызметті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар бүгін қандай тамаша, күн жылынды, көңіл күйіміз жақсы, күн бізге жылуын төгіп тұр.Күніміз жақсы өтуі үшін бәріміз бірге мына өлең шумағын айтайық.

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, қайырлы күн!

 

Балалар шеңберге тұрып өлең шумағын айтады.
 

Ұйымдастыру-

шылық-ізденістік

Слайд.(табиғат дыбысы қосылады).

− Қазір жылдың қай мезгілі?

−Балалар қазір ойын ойнап жіберейікші.

− Ойын «Көктем қандай?»

Шарты: сендер допты қағып аласыңдар да, жауап қайтарасыңдар, яғни сұраққа жауап беру керек.

− «Көктем қандай?»

Билингвальды компонент: көктем-весна, табиғат-природа

− Жарайсыңдар, балалар!

− Қазір біз сендермен орман жануарларымен кездесеміз! Кейін сабақтың соңында қай жануардың кездесуі ұнағаның айтып бересіңдер.

− Ендеше тақтаға жақындайық!

(тақтамен жұмыс).

− Балалар, сендерден қоян көмек сұрайды.

− Сендер көмектесе аласыңдар ма?

Қоянның тапсырмасы: сурет бойынша әңгіме құрастыру.

 

− Жарайсыңдар, балалар! Қоян сендерге өте риза болды!

Қарғаға келеді.

Қарғаның тапсырмасы: Көктем мен қыстың қандай айырмашылықтары

бар?

(суретпен жұмыс).

 

− Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады?

 

− Балалар, мен енді түсіндім−дейді қарға.

− Седерге көп рақмет, ризамын!

− Бізді кірпі күтіп тұр екен.

Кірпіге келеді.

Кірпінің тапсырмасы:

− Кірпі сендермен бірге сергіту сәтін жасаймын дейді, ендеше бірге шығып жасайық!

(шеңберге тұру).

Сергіту сәті.

− Жарайсыңдар, балалар! Маған өте ұнады.

(Үстелге жақындау)

− Бізді аю күтіп тұр екен.

Аюдың тапсырмасы:

− Аю сендерден көмек сұрайды.Ол сурет құрастырудан қиналып тұр екен.

− Көмектесеміз бе?

Балалар екі үстелге бөлінеді.Әр үстелде 2-суреттен құстың, 2-суреттен балалар мен ұяның суреті.Балалар екі топқа бөлініп суреттерді жинайды.

− Сонымен қай топ болды?

− Қандай суреттер құрастырдыңдар?

− Өте тамаша!

− Бұл құс қай мезгілде ұшып келеді?

 

− Сендерге қай орман жануарының  тапсырмасы ұнады?

 

− Сабақ сендерге ұнады ма?

− Көктем мезгілі.

− көктем нұрлы

− көктем шуақты

− көктем көңілді

− көктем жылы

− көктем әдемі

− көктем сәулелі

 

Қайталайды.

 

 

 

 

 

− Әрине.

 

− Көктем мезгілі.Дала жылынды.Балалар көңілді.Құстар ұшып жүр.Балалар құстарға ұя жасады.

Балалар қарғаның тапсырмасын мұқият тыңдайды.

− Қыста қар жауса, көктемде қар ериді, қыста аяз болса, көктемде аяз болмайды, қыста ағаштарды қырау басады, көктемде ағаштар бүршік атады, қыста қар қатады, көктемде ериді.

 

− Көктемде ағаштар бүршік атады, жапырақ жаяды.

 

Кәне балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Қолды алға созамыз,

Отырып бір тұрамыз.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

− Әрине.

− Қарлығаш пен көктем мезгілінің суретін.

− Қарлығаш көктемде ұшып келеді.

Балалардың жауабы.(Қоянның әңгімесі, қарғаның суретпен жұмысы, кірпінің сергіту сәті, аюдың сурет құрастыруы т.б).

− Ұнады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

− Балалар біз қандай сурет құрастырдық?

− Қандай орман жануарлары болды?

− Қайндай ойын ойнадыңдар?

(сыйлықтар тарату)

Балалардың жауабы.

 

Күтілетін нәтижелер:

 

Нені білді: көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарын;

Нені меңгерді: сұрақтарды мұқият тыңдай алуды, ұжым болып, топтасып тапсырманы орындауды, көмек керек кезінде қол ұшын тигізу;

Нені жасай алды: әр кейіпкердің тапсырмасын жақсы орындай алды;

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.