Киімдердің күтімі

Жақып Салтанат Әбибілләқызы

Шымкент қаласы

Мектеп: ШҚ ББ » Қосалқы мектеп-интернаты» КММ

Мамандық: Дефектолог

 

САБАҚ    ЖОСПАРЫ

Мерзімі:

Сабақ түрі: жеке сабақ

Сабақ  тақырыбы: Киімдердің күтімі.

Сабақтың   мақсаты: Киімдер туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық:Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын, ұсақ моторикасын дамыту.

Көрнекілік:  Киімдердің суреттері, арнайы көрнекілік

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру. сәлемдесу.

Артикуляциялық жаттығулар жасату.

«Сағат», «Әткеншек», «Сылақшы», «Тәтті тосап», «Тісімізді тазалау»

2.Жаңа сабақ

1.Тапсырмалар орындату:     Әңгімені тыңдайық

Аян үйіне былғанған бәтіңкесімен оралды. Оны көрген  анасы Аянға аяқ киім щеткасы мен жақпа май берді. Аян осыларды қолданып аяқ киімін жалтыратып тазалады.

2.Тірек суреттерге қарап отырып әңгімені мазмұндайық

  1. Көмек суреттерге қарап жұмбақ шешейік. Мнау…… Оның ……. бар.    Түсі……….

Бұл киімді қай кезде киеміз?

  1. Суреттегі жоспар бойынша өзің қалаған киімің туралы әңгімелеп бер. Мысалы: мынау – тон. Ол сырт киім. Тонды біз ауа райы салқын кезде далаға шыққанда киеміз. Тонның жағасы, жеңі, қалталары, түймелері бар.
  2. Суреттегі киімдерді топтап және жекелей айту

Әр киімдерді түсіне қарай ажырату. Мынау жейде, оның түсі жасыл. Жейденің жағасы, қалтасы, түймелері бар.

Киімдерді олардың иелерімен сәйкестендіру. Мынау  балалардың аяқ киімі.

  1. Киімдерді ерлер.. әйелдер, және балалардың меншігіне қарай ажырату.

Киімдерді топтау және жекелей айту.

Саусақ моторикасына арналған жаттығулар жасату. «Ине сабақтап, киім тігу», «жейдені түймелеу».

Дидактикалық ойын: «Артығын тап».

Дәптермен жұмыс: Киімнің суретін бастырып, штрихтап сызу.

Үйге тапсырма: Ермексаздан аяқ киім жасап келу.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.