Мамандығым-Мақтанышым

Менің колледжім және мамандығым.

Мен Ақтау қаласының «жшс каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының студентімін. Болашақ колдеджі 27 шағын ауданы 35 ғимаратқа қарама-қарсы орналасқан. Өз колледжім туралы айтатын болсам: біздің колледж жекеменшік болғанымен студенттерге барлық жағдайлар жасалған. Колледжімізде студенттердің басын қосатын іс-шаралар өткізетін үлкен залы бар, өздерінің қалаған спорт түрімен айналысатын спорт залымыз бар, іздеген кітаптарда біздің кітапханадан табылады, ұстаздар мен студенттерге арналған асхана да бар, информатика пәні бойынша да барлық заттар қамтылған. Біздің колледж басқа да мемлекеттік колледждерден де алдыңғы орында деп айта аламын. Сұранысқа ие мамандықтарға да біздің «Болашақ» колледжінен табылады, — деп сеніммен айта аламын. Мамандықтар туралы айтатын болсам бізде орыстарға да қазақтарға да арналған екі тілде білім беретін мамандықтарда қарастырылған. Енді оқу бөлімі, деңгейі туралы айтсақ, бізде студенттердің жағдайларына байланысты күндізгі және сырттай оқу бөлімі бар. Жақсы оқитын студенттерге арналған тегін оқуға арналған мамандықтар бар, жақсы оқитын студенттерге айына степендия түсіріліп тұрады. Бұл колледжде ақылы бөлімде бар және оларға да жеңілдіктер қарастырылған яғни студенттердің жағдайына байланысты бөліп төлеу т.б жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар сабақтан себепсіз қалған студенттер қалған күні үшін ақысын төлейді және ескертулерде де бар. Сабақтан көп қалатын студенттерге ескертулер, сөгістер береді, сонда да жалғаса беретін болса оқудан шығарылады. Біздің колледжде еріктілер тобы, адалдық дүкені бар.

Бұл колледже осындай студенттерге  жақсы, сапалы білім беретін, өз мамандықтарының шебер ұстаздарымызда бар. Жасы үлкен, орташа, жас мұғалімдерде біздің колледжден табылады. Бұлардың барлығы студенттерге өз білгендерін, өзінің басынан өткен тәжіребиелерімен бөлісіп, мықты маман болып шығу үшін қолдарынан келгенін барынша үйретіп көмектеседі. Міне осылардың барлығы біздің колледжімізден табылғаны, колледж директорының арқасы деп білемін. Біздің колледж директоры — Қаламқалиева Әсел Мұхитқызы. Колледж басшысының колледжіміздің дамуына, басқа оқу орындарынан артта қалып қоймас үшін қолынан келгенін жасап жатыр.

«Болашақ» колледжінде бастауыш білім беру мамандығы бар. Мен сол мамандықта оқитын 2 курс студентімін.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.  Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы.Ұстаз болу — бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Өйткені, мен — бастауыш сынып мұғалімімін.

Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып, өзі жаңа әдіс — тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады.

Бүлдіршіндердің сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл үйренуге деген ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізгенді жақсы көремін. Қазір жаңа технологиялардың түрі көп. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын қызықтыра оқыту көп нәрсені талап етеді. Әрбір бала-бір-бір әлем. Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Әсіресе ойын технологиясын көп қолданамын, бұл технологияны қолданғанда бүлдіршіндердің көздері жанып тапсырманы орындауға асығып отырады.Осы технологияларды сабақтарымда үнемі қолданып отырамын соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп отырмын.

Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ер  жеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.

Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер хабарлаушы, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Міне осындай қасиеттерді бойына сіңіріп келе жатқан болашақ мұғалімдер біздің топта. Менің тобымдағы 25 қыздың да өз мамандығын жақсы алып шығатын, болашақта білікті маман болатын қыздармен бірге оқып жатқаныма қуанамын.

Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Маған балалармен жұмыс жасаған қатты ұнайды. Болашақ шәкірттеріме жақсы, сапалы білім беріп қана қоймай адамгершілігі мол, еңбекқор, ұлтжанды азаматтармен, азамматшаларды тәрбиелеп шығамын.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.