Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • ҮСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ

  • Таным саласы “Геометриялық пішіндер”

  • Мектеп жасына дейінгі солақай балалармен жұмыс жүргізудің ғылыми теориялық негіздері

  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • «Мен жақсы ата-анамын!»

  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»

  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

  • Абай-ұлы ақын.

  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

ҰСТАЗ ОЙЫ
Home›ҰСТАЗ ОЙЫ›Заманымыздың заңғар жазушысы

Заманымыздың заңғар жазушысы

By galiya94
6 июня, 2020
755
0
Share:

“Қазақ даласындағы бір аяулы есім – Әбдіжәміл Нұрпейісов. Франция, Германия, Бельгия, Испания, Болгария, Словакия, Қытай және Ресей жазушылары мен сыншыларының пікірі бір жерде тоғысады – “Қан мен тер” трилогиясы мен “Соңғы парыз” дилогиясының авторы ірі суреткер, мэтр, әлем әдебиетіндегі елеулі құбылыс дегенге саяды”.

Герольд БЕЛЬГЕР

Қазақ әдебиетінің бүгінгі көзі тірі абызы – Әбдіжәміл Нұрпейісов бір сұхбатында: -Тілді мен кейін үйрендім. Әскерде жүріп тек әскери тіл үйренсем, әдеби тілді соғыс біткен соң орыстың, әлемнің жазушыларын көп оқу арқылы үйрендім. Менің бұл білім алу, тіл үйрену әдісім активный – белсенді тіл үйренуге жатпайды, менікі пассивный – селқос, енжар үйрену. Мен кітапты оқып отырып сөздің мағынасын интуитивті түрде аңғару, жобалау, болжарлау арқылы үйрендім. Мен 1-курста орысшаны екі ай бойы күн сайын «Известия» мен «Комсомольская правда» газеттерін аударып, аударғанда алдыңғы сөзден кейін уақытты ұту үшін үшіншісін аударып, ортадағы сөздің мағынасын жорамалдап аудару арқылы үйреніп едім… Және осылай еткенде сөз тез жатталады екен.

– Мен талай рет ой-жорамалым дұрыс па екен деп тексеріп көрдім. Құдай оңдап, менің сол әдісім осы күнге дейін жаңылысуды білмейді, мені жарға жықпай алып келеді. Соның арқасында өз кітаптарымның орысшасын өзім редакциялайтын деңгейге жеттім, – дейді. Бұл дегеніміз адамға алла талант береді, бірақ оны дамыту адамның өзіне байланысты. Егер шын талат иесі боламын десең, талаттымын деп қана қоймай онымен бірге аямай еңбек ете білу қажеттігін Әбдіжәміл ағамыздың сұхбаты тағы да дәлелдей түсті.

Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика

майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

1946 жылы желтоқсанда әскерден босанған Әбдіжәміл армия қатарында жүріп бастаған “Курляндия” романын жазуға кіріскен. Жастайынан зерек өскен жазушыны соғыс өмір қазанына ерте түсіріп тез шыңдады. Оның қаламынан шыққан әрбір туынды ондыққа дәл тигізілген жебе секілді уақыттың айнасы іспеттес заманның нағыз шынайы портретін жасай біледі. Өзіне қатал талап қоя білетін жазушы әрбір сөзіне, жазған әрбір әрпіне аса үлкен жауапкершілікпен қарауының арқасында бір ғасырды тұтастай бейнелейтін шығарма жаза білді. Халықтың ғасырлық қасіреті алуан қырлы адам тағдырымен өріліп, кең тынысты қалпымен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің осынау бес кітабына сыйып кеткен. Нағыз эпос! Атың әдебиет тарихында қалу үшін артыңнан том-том кітап жазу міндет емес, өмірдің шын бейнесін көрсететін, заманның тылсым бейнесін домбыраның нәзік ішегіндей өте сезімтал тілмен жеткізе білетін, адамға ауа қалай қажет болса, шығарма сол заманның қажеттілігін өтесе – ол өміршең шығарма емей немене?! Яғни жазушының ұлылығы оның кітабының санымен емес, сапасымен өлшенетінін өмір өзі дәлелдеп отыр.

Қайта қарап үстінен сан мәрте түземеген бір де бір кітабы жоқ. Бұл кісіге редактор болу – қияметтің азабы. Аудармашы болу – тамұққа түскенмен бірдей. Әдебиетіміздің адам жанына үңілуші спектр сәулесі, сезім шырғалаңы, натураға жақын мінез аясы – осы ағамыздың табандылықпен қосқан үлесі. Ой ағынын прозаға, қара сөзге алғаш енгізушінің бірі. Қара сөздің кемел сынықшысы. Ұлттық салт-дәстүрдің уызына жарып өскен, мәйекті тілімен тебірене білетін, оқырманды да тебіренте жүретін сөз зергерімен замандас болғанымызға мың мәрте тәубе айтамыз. Заманымыздың заңғар жазушысын 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, Мемлекет басшысы «Алтын жұлдыз» белгісін табыс етті. Әбдіжәміл Нұрпейісов жұлдыз десе соған лайық заманымыздың қараңғы түнін өз шығармасымен жарық еткен нағыз талант иесі. Әңгімеміздің соңында жүз жылда, мың жылда туылатын талант иесіне денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз.

Previous Article

Заманымыздың заңғар жазушысы

Next Article

Көліктер

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • ҰСТАЗ ОЙЫ

    «Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері»

    10 сентября, 2020
    By admin
  • ҰСТАЗ ОЙЫ

    Оқытудың тиімді жолдары

    1 июля, 2020
    By admin
  • ҰСТАЗ ОЙЫ

    Ана- өмірдің шуағы

    14 марта, 2020
    By admin
  • ҰСТАЗ ОЙЫ

    Ағылшын тілі жаһандық тіл

    25 мая, 2020
    By admin
  • ҰСТАЗ ОЙЫ

    Ұрпақтары ұмытпайтын ұлы Жеңіс

    1 мая, 2020
    By admin
  • ҰСТАЗ ОЙЫ

    Болашақ-білімді жастардың қолында!

    17 августа, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Білім күні

  • Жалпы рубрика

    Жаһандану мәселелері. Стилистика – Мәдени  жаһандану үдерісі

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • ҮСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ-ҰСТАНЫМЫ ЖАҚСЫ
  • Таным саласы “Геометриялық пішіндер”
  • Мектеп жасына дейінгі солақай балалармен жұмыс жүргізудің ғылыми теориялық негіздері
  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • «Мен жақсы ата-анамын!»
  • « Мектеп жасына дейінгі балалардың жұптық жұмыс арқылы танымдық қабілетін дамыту»
  • Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
  • Абай-ұлы ақын.
  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары

Күнтізбе

Апрель 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
« Мар    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика