М.Мағауин «Шақан Шері» романы және жалпы адамзаттық құндылық
Қазақ әдебиеті Мектебі: «Ш.Мұңалұлы атындағы
№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Күні: .2020ж. Мұғалімнің аты-жөні: Рашитова Дияна Елеуовна
10-сынып Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:______ Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:____
Тақырыбы «Шақан Шері» романы және жалпы адамзаттық құндылық
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары Т.Ж.10.3.3.1 Шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Т.Ж.9.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:
Шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу алады, шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаза отырып, шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолдануда өзіндік көзқарасын білдіре алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан анықтап, шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолдануда өмірден мысалдар келтіре отырып, өз ойларын дәлелдей алады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері • Шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан талдайды.
• Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Түндік, жезтырнақ, жолбарыс, аңшы, шүріппе, шері, қорлық, құбыжық, торуылдау, қамыс, шөнжік
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Дәніккен жыртқыш, тарғыл сары, тұлымы жалбыраған, иен қамыс, кең дала, қалың киіз, шырылдай дір қаққан, дәрменсіз бала, меңіреу түн
Талқылауға арналған сұрақтар:
— Құндылық дегеніміз не?
— Құндылық адам бойында қашаннан қалыптасады?
— Тән қажеттілігі мен рухани қажеттілік дегенді қалай түсінесің?
— Өмірді бағалау – құндылыққа жата ма?
— Не себепті құндылығы жоқ адам рухани тоқырауға ұшырайды?
Құндылықтар: Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Пәнаралық байланыс: Тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі
Алдыңғы оқу «Шақан Шері» романының көркемдік қуаты
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Ширату жаттығуы
«Домино» әдісі бойынша өткен сабақты пысықтау.
(сұрақ көрсетіледі,сәйкес ақпараттарды орналастырады)
— «Шақан Шері» романындағы кейіпкерлер? (Шақан, Ажар, Төре, тілмаш, Сәмен)
— Шақанның портреттік сипаты? (Жел қаққан қоңырқай. Момақан. Тек салқын ұшқын атқан жанары ғанаөжет кейіп, , ер мінезін танытқандай…Қайратына сенген, ешкімге ырық бермеген асау жанның салқам бітімі)
— Шаңыраққа қарап, бұйығып жатқан кім? (Шақан)
— Шақанның ұлының аты кім? (Сәмен)
— Отбасын барлап, бақылап кететін…? (жолбарыс)
— Дем тартуға да дәрмені жетпей, бақырайып қатқан да қалған..? (Шақан)
— Оқиға болған жер? (Қапшағай, Іле, Балхаш бойы)
— Шақан кімнің ұлы? (Саурық батырдың үзеңгісін ұстаған, Алмалы сайдағы ұрыста қаза тапқан Масақмергеннің жалғыз ұлы)
— Мейірімсіз Қосаяқ? (Шақан )
— Шақанда қалған соңғы сезім (Кек!Қан!)
Қызығушылықты ояту сұрақтары:
— Не себепті Шақан шері түз тағысына айналды?
— Неге ол өзін өлген адамға теңейді?
— Осыған ұқсас оқиғаны бастан кешірген адамдар не істегені, кіммен кеңескені жөн?
— Қазір Қазақстанда жолбарыс бар ма?
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
28-бет
Қазақ әдебиеті хрестоматиясы
10-сынып
Сабақтың ортасы
30 минут
Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)
Топтарға үзінділер (мәтін бөліктері) таратылады.
1-тапсырма:
Ұсынылған үзінділер арқылы кейіпкер бейнесін ашатын тапсырмалар беріледі.
«Ой күмбезі» әдісі арқылы шығармадағы жалпыадамзаттық құбылысты анықтайды.
Бағыттары Түсініктеме
Ой қазығы
Негізгі сөзді тауып, түсінік беру
Ой желісі Негізгі сөзден өрбитін ойды талдап, жан-жақты зерделеу
Ой өрімі Түйінді сөзді жинақтау, дәлелдеу, өзге ұқсайтын құбылыстармен салыстыру (сөйлем жазу):
Ой күмбезі Ойдың маңызы мен мәнін ашып, қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беру (түйін)
Дескриптор:
— Шығарманың идеясына сай кейіпкер жүйесін анықтайды.
— Кейіпкерге қатысты сөздердің мәнін ашып, ой түйінін табады.
Қалыптастырушы бағалау: жазбаша (бұл – жақсы жауап, жақсы жұмыс, сенің сипаттауың нақты және логикалық түрде, дәлелің нақты болды, басқа құбылыспен жақсы салыстыра алдың, түйінді сөзді таба білдің, сен мұны бұдан жақсы жасай аласың, үзіндідегі негізгі ойға назар аудару керек еді, ойдың мәнін аша алмадың, қайта қарасаң, т.б.)
2-тапсырма:
«Крест-нөл» ойыны элементтерін пайдалану арқылы
1-топ:
Шығарма үзіндісін пайдалана отырып, маңызды бөлігіне көңіл аудартатын ашық хат жазыңыз.
2-топ:
Шығарма үзіндісін пайдалана отырып,сипаттамалы жазба мәтін жазыңыз. (Үш бөліктегі оқиға бойынша)
3-топ:
Шығарма үзіндісін пайдалана отырып, романдағы оқиға орын алған жерді Қазақстан картасынан көрсет. Салыстыру жасау үшін карта пайдаланыңыз.
Дескриптор:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады;
Қалыптастырушы бағалау: ауызша (үзіндідегі негізгі ақпараттарды таба алдың, маңызды бөлігін ажырата алдың, сауатты жаза алдың, табиғат пен адам көңіл күйінің үндестігін таба білдің, кейіпкер бейнесін сипаттай алдың, деректерді жақсы пайдалана алмадың, негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз, салыстыра алмадың, зерттеу деректері толық емес, нақтылық жетпейді, барлық мәліметтерді қолданғаныңа көз жеткізуге тырыс ) Үлестірме
материалдар
8-күн,
4-үлестірме материал Оқу дағдыларын дамытуға арналған идеялар
Қазақстанның ашық кітапханасы http://ikitap.kz/book/
knut_gamsun_awtyk
_roman/index.html
Географиялық карта
Үлестірме
материал
9-күн, 2-сабақ,
2-үлестірме материал «Крест нөл» ойыны
Үлестірме материал
9-күн, 3-сабақ,
11-үлестірме материал. Жазу стильдері
Үлестірме
материал
11-күн, 2-сабақ,
4-үлестірме материал. Зерттеудің алты қадамы
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
20-бет
Үлестірме
материал
11-күн, 2-сабақ
4-үлестірме материал. Зерттеудің алты қадамы
Сабақтың соңы
5 минут Рефлексия
«5-5-1» әдісі
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. 5 сөйлемді 5 сөзге қысқартады. 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Түйінді сөзін сыныппен бөліседі.
Үй тапсырмасы:
Шақанның монологы (Жолбарысты өлтіргеннен кейінгі Шақанның толғаныс-тебіренісі) 4-күн, 5-үлестірмелі материал, 3-сабақ.
Әдебиет порталы. Онлайн оқу.
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап аламын. Тапсырманы саралауда оқушы қабілеті, жас ерекшелігі ескеріледі.
«Крест-нөл» элементтерін пайдалану арқылы шығарма үзіндісін пайдалана отырып, оқиға орын алған жерді зерттейді.
Тапсырманы орындау барысында үзінділерді қолданады. Деректермен жұмыс істей алады, болжайды. Тақырып бойынша қорытынды шығара отырып, өз білімін, дүниетанымын кеңейте алады. Тапсырма орындау барысында топ әр оқушыға қолдау көрсетеді. Оқушы өз мүмкіндігін пайдаланып, өз көзқарасын білдіре алады. Тапсырмаларды орындау кезінде қолдауды қажет ететін оқушылар берілген тапсырманы анықтап, ақпараттың орналасқан орнын табады. Тиісті ресурстармен жұмыс жасап, ақпаратты ұйымдастырады. Қолдау мақсатында жетекші сұрақтар қоямын, қосымша уақыт беремін.
Орта деңгейдегі оқушылар тапсырманы анықтап, ақпараттың орналасқан орнын табады. Тиісті ресурстармен жұмыс жасап, ақпаратты ұйымдастырады, идеяларды ұсынады. Қолдау мақсатында дереккөздер ұсынамын.
Жоғары деңгейдегі оқушылар берілген тапсырманы анықтап, ақпараттың орналасқан орнын табады. Тиісті ресурстармен жұмыс жасап, ақпаратты ұйымдастырады, идеяларды ұсынады. Соңғы өнімді бағамдайды, баға береді. Қолдау негізінде зерттеу жұмысына бағыттаймын. Оқушылардың алған білімдерін игеру деңгейін біліп отыру үшін әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалауды жоспарладым.
Қалыптастырушы бағалау ауызша, жазбаша түрінде кері байланыс берілді.
Жазбаша (Бұл – жақсы жауап, жақсы жұмыс, сенің сипаттауың нақты және логикалық түрде, дәлелің нақты болды, басқа құбылыспен жақсы салыстыра алдың, түйінді сөзді таба білдің, сен мұны бұдан жақсы жасай аласың, үзіндідегі негізгі ойға назар аудару керек еді, ойдың мәнін аша алмадың, қайта қарасаң)
Ауызша (үзіндідегі негізгі ақпараттарды таба алдың, маңызды бөлігін ажырата алдың, сауатты жаза алдың, табиғат пен адам көңіл күйінің үндестігін таба білдің, кейіпкер бейнесін сипаттай алдың, деректерді жақсы пайдалана алмадың, негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз, салыстыра алмадың, зерттеу деректері толық емес, нақтылық жетпейді, барлық мәліметтерді қолданғаныңа көз жеткізуге тырыс)
Бұл сабақ тарих, шетел әдебиеті, қазақ тілі пәндерімен байланысты. Сабақта қолданылатын ресурстар үлестірмелі материалдан, «Жаңа әдіс-тәсілдер» қоржынынан, ғаламтор материалдарынан алынды.
Тақырыпқа байланысты суреттер мен сызбалар интерактивті тақтадан көрсетілді. Тапсырмаларда зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарына тәрбиелеу көзделеді.
Рефлексия.
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?