Суретшіде қонақта
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
ересек тобы.
Тәрбиеші:Темирова С.М.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Суретшіде қонақта
Мақсаты: Суретші туралы мағлұмат беру. Суретшінің құралдарын көрсету,таныстыру. Балаларды әр түрлі тәсілдермен сурет салуға бейімдеу
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:
Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап
Қажетті көрнекі құрал-жабдықтар: түтүкше,мақта бүршіктері,шприц,гуаш ақ қағаз.
Билингвалды компонент: Суретші-художник-artist
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың
іс-әрекеті |
Қозғаушы қызмет түрі
|
Шаттық шеңбері:
Қуанамын менде Қуанасын сенде Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге 3 тілде |
Балалар шеңберге тұрып қимыл-қозғалыс жасап, өлең жолдарын айтады. |
Ұйымдастырушы- ізденушілік
Жетекші-жөндеуші |
-Балалар ,бүгінгі оқу қызметінде сіздерге суретші мамандығы туралы айтқым келіп отыр. Суретші туралы мағлұмат беру.
Ғажайып сәт: Есікті қағып топқа суретші кіреді. Үш тілде амандасады. Суретші:Балалар мен жаңа ғана жұмысыма кетіп бара жатқанда сендерге апайларыңның суретші мамандығы туралы айтып жатқанын құлағым шалып қалды,сондықтан сендерге кіріп өз мамандығым,құралдарым туралы айтып жұмыс орнымды көрсеткім келеді.Мен сияқты сурет салып жұмыс орнымды көргілерің келеме? Олай болса алдымен сурет салуға арналған киімдеріңді киіп алыңдар. -Тәрбиеші апайлары сендерде сурет салуға балаларға арналған киім бар шығар ия? -Тәрбиеші: ия бар әрине.Олай болса балалар киімдерімізді киіп суретші апайымыздың жұмыс орнына барайық. Безендірілген залға кіреді. -Суретші:Міне балалар бұл менің жұмыс орным. Жарда ілініп тұрған менің салған суреттерім, ал мынау менің қылқаламым,онымен суреттерді бояймын,ал мынау балалар палитра оған мен бояуды езіп өзіме керек үсті табу үшін қолданамын,ал мынау мольберт оған мен картиналарымды,сызбаларымды коямын. -Тәрбиеші:Суретші ал бүгін біздің бүлдіршіндеріміз қандай құралдармен сурет салады? -Суретші: Бүгін балалар гуашты қолдана отырып түтікше,мақта бүршіктері жәнеде шприц арқылы сурет салады. Балалар дайынсыңдарма кім жақсы етіп салады соған марапатым бар және осы менің суреттерімнің арасына сендердердің суреттеріңді іліп қоямын. . -Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар суретті жақсы салады екенсіңдер .Шаршаған шығарсыңдар сәл сергіп алайық. Сергіту сәті:музыкамен Д о:Қай мамандық иесіне тиесілі құралдар. Мақсаты:Балаларға мамандық иелеріне сай құралдарды табуға үйрету. -Суретші:Жарайсыңдар балалар сендердің салған суреттеріңді менің суреттерімнің қасына іліп қойайық.
-Қорытындылау: -Балалардан суретші туралы не түсінгендерін сұрау. -Бүгін қандай тәсілді және құралдарды қолдана отырып сурет салдыңдар? -Оқу қызметі ұнадыма? Суретші: -Бәрекелді! Менің сендерге шағын сыйлығым бар соны табыс етейін.
|
Балалар зейін қойып мұқият тыңдайды.
Балалар үш тілде амандасады.
-Ия
-Қуана келісіп киімдерін киеді.
-Балалар қызығушылық танытып жан жақтарына қарайды.Орындарына отырады.
-Балалар сурет салуға кіріседі.
-Балалар сергіту сәтін орындайды.
-Балалар бір-бірлеп суреттерін іледі. -гуаш,шприц,мақта бүршіктері,түтікше. -ия
|
Күтілетін нәтиже:
Ненібіледі:Суретші қандай мамандық екенін біледі
Қандай түсініктерді игерді: суретшінің өзіне керек құралдары бар екенін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: басқада құралдар арқылы сурет салуға болады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Топ: I кіші топ.
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Сенсорика
Тақырыбы:Ұқсасын тап
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Дыбыстарды тыңдату.Ойыншықтарды сындырмай ойнауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру
Көрнекілігі: Ойыншықтардың суреті
Билингвалдық компоненті: Сиыр-корова.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың
іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы
(Ынталандыру, сезімді ояту)
|
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Ал,балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым. -Ал енді балалар орындарымызға отырайық. |
Балалар шаттық шеңберін құрып,қимыл-қозғалыспен жасайды.
|
Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялаушы |
—Балалар,сендер мына үстелдің үстінде не көріп тұрсыңдар? -Ия,дұрыс ,бұлар ойыншықтар.Ойыншықтармен кез-келген бала ойнайды.Ойыншықтарды сындырмай ,ұқыпты ұстауларың қажет. -Біз бүгін ұқсас ойыншықтармен танысамыз. -Енді қазір «Ойыншықтар» деген тақпақ айтамыз,бәріміз бірге.
Ойыншықтар Аю,қасқыр,жолбарыс, Арыстан мен піл,барыс, Ойыншықтар тұрыңдар, Ойын-сауық құрыңдар.
-Бұл тақпақта әр түрлі ойыншықтар туралы айтылған екен. -Енді орындарымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық. Сергіту сәті Ақ қоян,ақ қоян, Ұйқыдан тұршы, Бітінді жушы, Айнаға қарашы, Қоянша секірші. -Орындарымызға отырамыз. -Мына үстелдің үстіндегі ойыншықтармен танысайық. -Мынау сиыр,оны басып көрейік қандай дыбыс шығарады екен. -Мө-мө-мө-деп дыбыс шығарады екен. -Ал мынау не? -Ол мысық екен,мяу-мяу деп дыбыс шығарады екен. -Ал мынау не? -Ия ол есек екен,иа-иа деп дыбыс шығарады екен. -балалар мына ойыншықтардың дыбыстары бір-біріне ұқсайма? Дұрыс балалар, ұқсамайды. Енді мына суретке қараңдар. Мынау сиыр, ал мынау сиырдың төлі бір-біріне ұқсастығы бар. -Ендеше бұл ойыншықтарды сындырмай ойнаймыз.
|
—Ойыншықтар
Ойыншықтарға назар аударады.
Тақпақты қайталап айтады.
Қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін жасайды.
Ойыншықтар-дың дыбыстарын тыңдайды.
-Мысық.
-Есек.
-Ия.
Жоқ |
-Балалар,біздер ойыншықтар туралы тақпақ айтып,ойыншықтар қандай дыбыс шығаратындарын тыңдадыңдар.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. -Жарайсыңдар,балалар!
|
Оларды мадақтағанда қуанады.
|
Күтілетін нәтижелер:
Білуі:Ұқсасын табуды білді
Меңгеруі: Тақпақ айтуды меңгерді
Жасай алу:Сергіту сәтін жасай алды
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Дәрігер Айболит
Мақсаты: Балаларға дәрігер туралы түсінік беру.Өлең жаттау арқылы тілдерін жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу,өлең жаттау.Ойын.
Қажетті көрнекі құралдар:Дәрігердің суреті.
Қостілдік компонент:Дәрігер-доктор.
Іс әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалар іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту | Жылулық шеңбер
Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Достық мейіріммен салайық, Жүрек жылуын салайық. деп шаттық шеңберін жасайық. |
Тәрбиешінің көмегімен қимыл-қозғалыстар жасайды. |
Ұйымдастырушы-ық ізденіс кезеңі | -Балалар,біреу есік қағып тұр,кім болды екен,қарайықшы.
-Бұл дәрігер Айболит екен. Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Көңіл күйлеріңіз қалай? -Кәне бәріміз дәрігер-доктор деп қайталап айтайықшы. -Мен дәрігермін,сендермен бірге тақпақ жаттауға ,ойын ойнауға келдім. -Мен ауырған балаларды емдеймін. -Қазір мен сендерге «менің мамам дәрігер» деген тақпақты оқып беремін,сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
Менің мамам дәрігер Менің мамам дәрігер, Барлық жанды емдейді. Ақ халатты дәрігер, Ауырып қалса,кел дейді.
-Енді балалар орнымыздын тұрып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті Сол аяқ пен оң аяқ, Кезекпен оны тебеді. Ол тынымсыз, Зыр жүгіріп жүреді.
-Жарайсыңдар,орындарымызға отырамыз. -Балалар,енді жанағы «Менің мамам дәрігер» деген тақпақты бәріміз қайталаймыз. -Жарайсыңдар,балалар! |
Есікке назар аударады. Амандасады.
Дәрігер-доктор деп қайталап айтады.
Өлеңді тыңдап отырады.
Шеңберге тұрып,қимыл-қозғалыстар жасайды.
Өлеңді қайталап айтады.
|
Оқу іс-әрекетті бағалау | -Балалар,енді дәрігермен бәрге «Дәрігер» сюжетті ойынды ойнаймыз.
Шарты: Дәрігердің құралдарымен дәрігер болып бір-бірін емдейді. -Балалар,бүгін біздерге қонаққа кім келді? -Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар. -Жарайсыңдар,балалар!
|
Дәрігер ойынын үлкендер көмегімен ойнайды.
-Дәрігер. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Дәрігер Айболиттің түр-сипатын білуі керек.
Нені игерді: Ойынды ойнауды.
Нені біледі: Өлеңді қайталап айтуды.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жапсыру
Тақырыбы: Доптар
Мақсаты: Желімді дұрыс жағуға үйрету.Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар: Доптың суреті.
Қостілдік компонент:Доп – мяч.
Іс әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалар іс-әрекеті |
Себепті қызығушылы-ғын ояту | Жылулық шеңбері
-Балалар келіңдер, бәріміз шеңбер болып тұрайықшы. Қуан шаттан,балақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! -жарайсыңдар,орындарымызға отырайық. |
Төмендегі өлең жолдарын қайталап,қимыл-қозғалыстар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Әңгімелесу.
-Балалар, менім қолыма қараңдаршы не бар екен? -Ия доп,ол доптың түсі қызыл. -Кәне бәріміз доп деп айтайықшы. -Доппен біздер істейміз? -Доп сендер ойнайсыңдар. -Доп деген дөңгелек,оны резинадан жасайды. -Біздер бүгін доптың суретін жапсырамыз. -Доптың суретін жапсырмас бұрын денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті Сол аяқ пен оң аяқ, Кезек-кезек тебеді. Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді.
Енді,орындарымызға отырайық. -Мен сендерге ақ қағазбен доптың суретін беремін.Сол ақ қағазға дөңгелек жапсырамыз,содан кейін дөңгелекті әр түрлі түстермен бояймыз. Енді жұмыстанамыз.
|
Тәрбиешінің қолына назар аударады.
Доп деп қайталап айтады.
Тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар арқылы сергіту сәтін жасайды.
Олар жұмыстанады,үлкен-дер көмегімен. |
Оқу іс-әрекетті бағалау | —Балалар жапсырған суреттеріңді маған көрсетіңдер.
-Өте әдемі екен суреттерің. -Жарайсыңдар балалар! -Енді мен сендерге «Доп» деген өлең оқып берейін. Доп Добым,добым домалақ, Қайда кеттің домалап. Бір,ек,деп,екі ұрдым, Шатырға сен секірдің.
|
Суреттерін көрсетеді.
Өлеңді тыңдап отырады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Желімді дұрыс ұстауды.
Нені игерді: Дөңгелек жапсыруды.
Нені біледі: Үлкендер көмегімен допты жапсыруды.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет
Тақырыбы: Шағылысқан күн сәулесі
Мақсаты: Қарындашты дұрыс ұстауға, түсті қағазда дөңгелек іздерді қалдыра отырып, оны қозғауды үйрету жұмыстарын жалғастыру. Суретті бояуда балаларды қарындашпен дөңгелек қозғалыстарды жасай білуге үйрету. Дөңгелек пішінді, ақ түсті бекіту.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар: Күннің суреті
Қостілдік компонент:Күн-солнце
Іс әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалар іс-әрекеті |
Себепті қызығушылы-ғын ояту | Жылулық шеңбері
-Балалар келіңдер, бәріміз шеңбер болып тұрайықшы. Қуан шаттан,балақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. Жарайсыңдар,орындарымызға отырайық. |
Төмендегі өлең жолдарын қайталап,қимыл-қозғалыстар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Жұмбақ жасыру:
Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.
Балалар қазір жылдың күз мезгілі.Күз мезгілінде күн суытады,теректердегі жапырақтар жерге түсіп сарғаяды.Күз мезгілінде біздер жылы киімдер киеміз. Балалар күн болмаса жер бетінде тіршілік болмайды. Күн -жер бетіндегі тіршілік көзі. Күн болмаса, адам да, жануарлар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Күн адамға жылуын, жарығын береді. Балалар күннің түсі сары болады. Күннің пішіні дөңгелек. Күннен таралған таяқшалар болады. Сол таяқшалардан күн нұрын таралады.Балалар барлығымыз күн-солнце деп айтайықшы.
Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз, гүлдей болып өсеміз. Құстар болып ұшамыз, көбелектей қонамыз.
Қарындашты оң қолымызға ұстаймыз,қарындашты бір-бірімізге сілтемейміз,қатты баспай бояп,жәймен бояймыз, сыртына шығармай бояймыз. Бірінші балалар дөңгелек күнді саламыз, күннен таралған таяқшалар саламыз.Ішін сары түспен бояймыз. Балалар жұмыстанады.
|
Күн
Балалар назар қойып тыңдайды.
Сергіту сәтін орындайды.
|
Оқу іс-әрекетті бағалау | Оқу іс-әрекеттің аяғында салған суреттерін көрсетіп мақтанады.
|
.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:Қарындашпен жұмыстануды білуі керек..
Нені игерді: Дөңгелек пішінді салуды.
Нені біледі: Күннің түсін біледі.
Мерзімі:26.11.13ж
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология
Тақырыбы:Ағаш және оның бөліктері.
Мақсаты:Балаларға туған табиғатымызға ағаштарға, оның пайдасы туралы білімдерін тиянақтау.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар:Ағаштардың суреті.
Қостілдік компонент:Ағаш-дерево.
Іс әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалар іс-әрекеті |
Себепті қызығушылы-ғын ояту | Балалар шеңберге тұрады да:
Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа біз баламыз Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. |
Шеңберге тұрып барлығы бірге қайталайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Балалар ағаштың адамға көп пайдасы бар .Балалар мұрындарымызды жабайықшы, не байқадық.Біздер тұншығамыз, ауа жетпейді, бізге демалуға қиын. Ағаштар, гүлдер, өсімдіктер ауаны тазартады. Сондықтан да ағаштарды сындыруға, жапырақтарын жұлуға болмайды. Олар ағаштар көп көмегін көрсетеді. Оларды күтіп баптауымыз керек.Ағаштардан біздер күнделікті қолданатын қағаздар, кітаптар т.б заттар ағаштан жасалады.
Ағаштардан біздер жеміс-жидектер аламыз.( алма, алмұрт,шие, өрік т.б ) Көрдіңдерме балалар ағаштың пайдасы адамдарға көп.Міне, мына суретке қараңдаршы: бірінші жер астында ағашқа өмір беріп тұрған тамыры орналасқан. Мынау діңі.Діңнен жан-жаққа бұтақтары таралған, бұтақтары жіңішке майысқақ. Бұтақтарынан жапырақтар өркен жаяды. Көрдіңдерме табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен үндесіп байланысып жатады екен.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай бұтақтар, Үлкен болып өседі.
Қане балалар, теректі бәріміз құшақтап көрейікші. Не сезініп тұрсыңдар? Терек қыздарға өзінің әдемілігін береді, ал ұлдарға үлкен, биік, сұңқардай болуын тілейді.
Ағаштарды сындыруға, жапырақтарын жұлуға бола ма?. Сондықтан да біз оны аялап, қорғап, сындырмай, гүлін, жапырағын жұлмай өсіріп, сақтауымыз керек. Ал енді балалар терекпен қоштасайық.
|
.
Сергіту сәтін қимыл –қозғалыспен орындайды.
Жоқ |
Оқу іс-әрекетті бағалау | Оқу іс-әрекетіне зейінін қойып тыңдаған балаларды мадақтаймын.
Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау- саламат болайық. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:Табиғатты аялау керектігін білді
Нені игерді:Ағаштардың бөліктерін игерді.
Нені біледі:Ағаштарды біледі
Мерзімі:27.11.13ж
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сенсорика
Тақырыбы: Орманда саңырауқұлақ жинау мөлшері, пішіні мен түсін сұрыптау.
Мақсаты:Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін бекіту,орман сыйларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар: Саңырауқұлақтың суреті
Қостілдік компонент:Саңырауқұлақ-грибы.
Іс әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалар іс-әрекеті |
Себепті қызығушылы-ғын ояту | Ертеңгілік жиын
Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық Күннің нұрын салайық Таза ауаны жұтайық Жүрек жылуымызды Қонақтарға сыйлайық Балалар отырыңдар!
|
Балалар шаттық шеңберін құрып,қимыл-қозғалыспен жасайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Балалар, бүгінгі әңгімеміздің не туралы екенін жұмбағымның шешуінен білесіңдер.
Жұмбақ:
Өз қалпағын жасынан, Тастамайды басынан.
Дұрыс балалар! Саңырауқұлақ кіреді. -Салематсыңдарма балалар, мен сендерге көп тапсырма алып келдім. -Мен өзім әдемі сарайда тұрамын, сарайдың айналасында көп саңырауқұлақтар мен ағаштар бар, олардың барлығы өте әдемі, әр түрлі. -міне саңырауқұлақтар, біреу, тағы біреу, және тағы біреу. Барлығы қанша? Барлығы көп саңырауқұлақ. Балалар саңырауқұлақтың түрлері көп. Ақ саңырауқұлақ болады және қара дақтары бар саңырауқұлақ болады. Саңырауқұлақтардың барлығын жеуге болмайды. Ең қауіпті улы саңырауқұлақ- қара саңырауқұлақ. Түсі ақ, үстінде қара дақтары бар. Пішіні дөңгелек екен, қолшатырға ұқсайды.Балалар саңырауқұлақтың орысшасы-грибы қайталайық.
Ойын: Балалар кім орманнан маған көп саңырауқұлақ теріп алып келеді. Ой жарайсыңдар балалар. Сергіту сәті: Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз, Құстар болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. Сұрақ-жауап: 1.Балалар саңырауқұлақ қайда өседі? 2.Саңырауқұлақтардың барлығын жеуге бола ма? 3.Түсі қандай болады 4.Пішіні қандай?
«Дамытушы орталық» Бөлшек суреттерден бүтін затты құрастыру.Үлгіге қарай отырып іс-әрекет жасау.
|
Саңырауқұлақ
2 бала шығып жарысады.
Жерде
Жоқ
Ақ, қара болады Дөңгелек.
Саңырауқұлақ құрастырады. |
Оқу іс-әрекетті бағалау | Оқу іс-әрекеттің соңында балалардың жауаптарын тыңдап бағалаймын. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Нені игерді: Балалар ойынды ойнайды
Нені біледі:Саңырауқұлақтарды біледі.
Мерзімі:28.11.13ж
Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:Қасқыр мен лақтар
Мақсаты:Балалардың бойына мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Ертегіні құрауға деген қызығушылығын туғызу.Балалардың тілдерін дамытып, анық сөйлеуге үйретіп, сана сезімдерін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,көрсету,түсіндіру,мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар: Кейіпкерлердің суреттері,
Қостілдік компонент:Қасқыр-волк, ешкі- коза.
Іс әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалар іс-әрекеті |
Себепті қызығушылы-ғын ояту | Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік біз.
|
Балалар көтеріңкі көңіл күймен тәрбиешімен сәлемдеседі.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Балалар осы көңіл күйімізбен бүгінгі күнімізді бастайық.
Жұмбақ жасыру: Қанжардай тісі бар, Суық үрейлі түсі бар.
Иә дұрыс! Балалар мен сендерге бүгін қасқыр мен лақтар ертегісін айтып беремін мұқият тыңдап отырамыз. Күндердің бір күнінде ешкі лақтармен тату тәтті өмір сүріпті Ешкінің жеті лағы болыпты.Бір күні ешкі лақтарын үйіне тастап кетіпті. Қасқыр кеткенін бағып тұрып лақтарға келіп есік қағыпты. Лақтар қорқып кетіп, бұл кім деп сұрайды.Мен сендердің мамаларыңмын дейді. Лақтар алданып қалып есікті ашып қалғанда алдында қасқыр тұрады. Қасқыр лақтарды ұстап алып қапшыққа салып алады.Ал ең кіші лақ пештің ішіне тығылып қалады. Ертегіні аяқтап айтып беремін. Ойын: Балалармен бірге сахналап «Қасқыр мен жеті лақ ертегісін ойнаймын.»
|
Қасқыр
|
Оқу іс-әрекетті бағалау | Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларға жұлдызша таратамын.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Нені игерді: Ертегі кейіпкерлерді игерді
Нені біледі: Қасқыр мен лақтар ертегісін біледі
Мерзімі:29.11.13ж
Білім беру саласы:Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Жапсыру
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты:Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әдемі, таза жапсыру арқылы тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:көрсету,түсіндіру,мадақтау.
Қажетті көрнекі құралдар: Қыстың суреті.
Қостілдік компонент:Аққала-снеговик.
Іс әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалар іс-әрекеті |
Себепті қызығушылы-ғын ояту | Амандасу!
Ертеңгілік жиын: Жылулық шеңбері: Мен гүлдерді жұлмаймын Торғайларды қумаймын Айтқан сөзін тыңдаймын, Анашымды сыйлаймын -Балалар отырындар!
|
Барлығы бірге айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Жұмбақ жасыру:
Мамықтай жұмсақ болады, Ұстасаң қолың тоңады.
Бұл жылдың қай мезгілі? Дұрыс балалар. Қыс мезгілінде күн суық болады, сондықтан біздер жылы киініп жүреміз. Қыста құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Үлпілдеген ақ түсті қар болады. Қардың түсі ақ болады. Біздер қардан әр-түрлі заттар жасаймыз. Сырғанақ, аққала, аяз- ата, қардан мүсіндер жасаймыз. Сырғанақ тебеміз, шанамен ойнаймыз.
Сергіту сәті Шапалақта қолынды, Жай, жай , жай! Міне былай! Шапалақта қолынды Тез-тез, тез ! тез, тез! Алға қарай адымда Жай,жай,жай! Міне былай! Жолыңнан еш жаңылма Тез-тез, тез! Тез, тез, тез! Енді балалар орындарымызға отырып аққала жапсырайық. 1-ші үлкен дөңгелегін 2-ші орташа дөңгелегін 3-ші кішкентай дөңгелегін Жапсырамыз. Аққаланың түсі ақ болады. Пішіні әр-түрлі. Аққала деп қайталайық. Орысша снеговик деп аталады. Балалар жапсырады.
|
Қыс
|
Оқу іс-әрекетті бағалау | Жарайсындар балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіміз аяқталды. Тәрбиеші балаларды мадақтайды
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:Желімді пайдалануды білуі керек
Нені игерді: Қыс мезгілін игерді.
Нені біледі: Аққала жапсыруды біледі