Еске алдық Ескенені…
УДК 908(574)
Еске алдық Ескенені…
Тайбуриев Есенбек Табылдиевич
Утегенов Ербол Серикович
Баймагамбетов Руслан Куанович
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге –
Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
Н.Ә. Назарбаев
Ұлтқа бағытталған ұран, мемлекеттік идеология өзегі ретінде аса құнды үндеу болып табылатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік және патриоттық сезімді әр қарай дамыту үшін кіндік қанымыз тамған Ескене ауылына Тайбуриевтер, Утегеновтер және Баймағамбетовтер әулеттері байырғыны еске алып, «сауабы тисін» деген ниетпен ата-бабаларымыздың рухына Құран бағыштап қайттық. Негізгі мақсатымыз рухани тұрғыда жаңғырып, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет екенін сезініп және өткен тарихымызды ұмытпау еді.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басты бағыты – ұлттық патриотизмге негізген Таяу жылдардағы міндеттер бөліміндегі «Туған жер» бағдарламасы – уақыт талабынан туындаған идеология жинағы екені хақ. Туған жер… Сан ғасырдан бері көптеген жырларға, әндерге, дастандарға арқау болған мәңгі тақырып. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Ауыл – шыққан тегіміз, ал екінші жағынан, адамға ең керегі, көркем табиғаттың таза ауасы, суы, жер ананың киелі топырағы мен ауылдың жанға жайлы тыныштығы. Әр адам үшін ауыл – таптырмас кеңістік және шабыт қайнары.
Әркімнің өз жері өзіне жұмақ дегендей, Отаншылдықтың негізгі темірқазығы туған жерге деген махаббаттан басталады. Тағылымды туған жерге тағзым етіп түлету – перзенттік парымыз. Ұлттық бірегейліктің темірқазығы болып табылатын, ұлттық дара қасиеттеріміздің жоғалмасын, жаңғырып жоғарласын, патриоттық тәрбиенің негізгі өзегі – туған жерге деген құрмет болмақ деген мақсатта. Терең тарихтан өнеге, қуат алған халықтың ұрпағымыз, теңдесі жоқ туған жердің тас, топырағына дейін тағзым ететін тәуелсіз елдің рухты әрі өжет азаматтарымыз.
Туған жер… Туған ел… Осы екі ғана сөзде қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал біздер үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.
Еске алдық Ескенені,
Жаныма от береді.
Алғашқы туған жерім,
Аман бол, алтын елім.
Біздің Туған жеріміз – кішкентай болсада біз үшін аса құнды әрі киелі Ескене жері. Қызыққа толы балалық шағымыз өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспіз. Балабақшадағы күндерім, мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн. Сыныптас достарымызбен алғашқы танысқанымыз. Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымызда. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың бас ақыны Абай атамыз айтпақшы, әр сыныптасымыз өмірден өз орнын тапты. Дегенмен «туған ауылымызды тастап кете барамын» деген ойдың өзі біздің киелі, құт мекенімізге деген сағынышымызды арттыра түседі.
Туған жерге деген сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Ендеше, туған жеріміз Ескене ауылының қысқаша тарихына тоқталсақ. Ескене ауылы 1932 жылы ашылған Оңтүстік Ескене кен орнының негізінде 1934 жылы іргесі қаланған. Ескене – Атырау облысы, Мақат ауданы құрамында болған мұнайшылар ауылы, Ембінің ең көне мұнай кәсіпшіліктерінің бірі. Атырау қаласының солтүстік-шығысында, 60 км жерде орналасқан. Ауыл 2008 жылға дейін кент мәртебесіне ие болған. Кейін Солтүстік Каспий аймағында ірі кен орынының ашылуына байланысты ауыл таратылып, тұрғындары Атырау қаласына және Махамбет ауылына көшірілген болатын. Бүгінде таңда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Ескенеліктердің қоныс аударына қаражат бөліп, ауылдың 80 отбасы Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшам ауданынан қоныс тепті. Тұрғындарды Атырау қаласына көшіру қажеттілігі Байшонас пен Ескене кеніштерінің сарқылуына және аталған ауылдардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындады.
Ауылымыздың әрбір тау-тасы, өзені мен көлі, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде кіндік қаны тамған ел есінде қалған біртуар перзенттері бар. Туған жерге деген ерекше құрмет – туған жердің көсегесін көгертуге атсалысу деп түсінетін және сол ел есінде қалған біртуар перзенттерінің аты өшпесін деген мақсатта, ауыл азаматтары «1934. Ескене» ескерткішін орнатқаны жүрекке жылу ұялатты. Өскелең ұрпаққа, жастарға дұрыс бағдар беріп, Отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлт болашағы үшін жасалатын міндетті жұмыстардың бірі деген тоқтамға келдік.
Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек және ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда. Әр қазақ өзінің кіндік қаны тамған ауылдарына барып, өткенін жаңғыртса нұр үстіне нұр болар еді деп қорытындылаймыз.