Перспективалық жоспар мен циклограммаға түсініктеме

Перспективалық жоспарға және циклограммаға
Түсініктеме
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша,мектепке дейінгі оқыту мен білім беруде перспективалық жоспар мен циклограммаға өзгерістер енгізілген. Баланы жас ерекшелігін ескере отырып үлгілік бағдарламасына,үлгілік оқу жоспарына, мониторинга, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сүйене отырып,бірізділікті сақтай отырып перспективалық жоспар құрылды. Себебі үздіксіз білім беру жүйесін қамтамассыз етеді және бірінші жарты жылдықтың, екінші жарты жылдықтың күтілетін нәтижесіне қарай оқу мақсаты білу мен қолдануы аралығын қамтамассыз етуін спиральдік оқыту арқылы қамтамассыз етуі болады. Перспективалық жоспарға үлгілік оқу бағдарламасында негізделген күтілетін нәтижеден өлшемді, нақты, бір уақытқа негізделген, шынайы мақсат құрылды.Себебі жүзеге асыруда баланың дербестілігі,қажеттілігі,қызығушылығы толығымен ескерілген. Күтілетін нәтижеден кейін стандарттан баланың жас ерекшелігін қарап денсаулық сақтау, коммуникативтілік, танымдық,шығармашылық,әлеуметтік дағдыларын қарап балалардың даму деңгейіне сай нені білу керек,не істей алу керек дағдылары мен біліктіліктерін аламыз. Себебі өз бетінше  оқу дағдыларын дамытуға бағытталған, балалардың өзара іс-қимылын, бейімделуін, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа) ізгілікті қарым-қатынасын, қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.Дағдыландырудан кейін білім беру саласы бойынша баланы бағалауды мониторингтің индикаторын кодпен қоямыз.Индикатор баланың жасына сәйкес күтілетін нәтижелерге жету көрсеткіші.Баланы бақылау арқылы күтілетін нәтижеге жетеміз.Мониторинг баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Дәл солай,жаңартылған білім беру мазмұнына сай апталық циклограмма құрамыз.Баланың өмірін және тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасын да мақсатқа айналдырамыз. Циклограммада балалардың жас ерекшеліктері ескерілген әрбір режимдік кезеңнін міндеттері, мазмұны және ұзақтығы белгіленеді. Себебі циклограммада «Бала үнін» ескере отырып күн тәртібін ыңғайлы етіп өткізуге мақсатты хабарлаған кезде балаларға әлдеқайда түсінікті болады. Тақырыпқа байланысты мүмкіндігінше баланың қызығушылықтарын арттыру үшін толық мәлімет бере алуымыз керек.Сұрақ-жауап арқылы есте сақтау қабілеттерін тексеріп,мақтау,мадақтаумен оқу қызметі аясында сүйемелдеп, аяқтауымыз керек.Сонымен циклограммаға баланың дамуының негізгі тиімді әдіс тәсілдердің бірі құрылымдалған,тәрбиешінің жетекшілігімен,еркін ойын кіргізілді.Ұйымдастырылған оқу қызметінде ойындар арқылы баланың сөйлеу мәнері,сөздік қоры дамиды,танымдық,зияткерлік ,әлеуметтік,эмоциалық дағдылары қамтылады. Ойын балалардың дамуы барысында оқытудың кең ауқымын қамти отырып, олардың эмоционалдық әл-ахуалын демеп отырады. Ойын түрлерін оқыту әдісі ретінде қолдану балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Ойын тәсілдері балаларға басқалардың пікірімен санасуды, ойын нәтижесін болжауды, өз бетінше белгілі бір іс-әрекеттерді жоспарлауды, мақсатқа жету жолдарын айқындауды үйретеді.Іс-әрекетін,икемділігін,қызығушылығының қай жаққа қарай басым екенін байқаймыз.Сол ойындардың ішінен бағдарламаның түйінді идеялары 4К моделіннің элементтері циклограммада көрсетіп қойылады. Олар сыни ойлау,креативтілікті,коммуникативтілікті және командада жұмыс жасау.Түйінді идеяларды енгізудегі мақсатымыз,баланың қызығушылығын ескеру,тиімді әдіс -тәсілді қолдану.4К моделінен кейін біз саралап оқыту стратегиясына тоқталамыз. Осы орайда саралаудың сегіз түрін де циклограммаға кіріктіріп қоямыз.Олар: нәтиже;қызығушылық мүдде;қарқын жылдамдық,уақыт;педагогтың түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар балаларға қолдау көрсету,ресурстарды саралау,диалог-сұрақтар қолдану,заттық кеңістік ортаны ұйымдастыру, топтарға,рөлдерге бөлу.Саралаудың аясында бақылау жұмыстары қатар жүргізілетін болғандықтан циклограммадағы оқу қызметі уақытында жоспарланды.Саралау,қолдау арқылы жүзеге асады.Осылай баланың креотивтігін,дербестігін қызығушылығын анықтаймыз.Бақылаудың педагогтің қызметіндегі рөлі белгілі балалардың ерекшеліктерін ортада,оқу қызметінде, ойын барысында қадағалау бойынша өткізілетін болады. Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарда педагог пен ата-ана тығыз байланыста болуы керек.Міне, содан Бала-Тәрбиеші-Ата-ана-Мектеп деген Тұтас бала бейнесі шығады. Жоспарлаудың тікелей тұтас бала бейнесіне жұмыс жасау қажеттілігі туындағандықтан, перспективалық жоспар мен циклограммаға өзгертулер енгізілді.Жаңартылған білім беру мазмұнына сай перспективалық жоспар мен циклограмма құрылды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *