«Жылдың төрт мезгілі»

Алматы қаласы №8 балабақша

№ 2 «Балдырған» орта тобы.

Тақырыбы: «Жылдың төрт мезгілі»

Тәрбиеші: Дарубаева. М.С

Алматы 2018 .ж

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Әлеумет ,Шығармашылық»

Оқу қызметі: Қоршаған ортаны тану ,Аппликация.

Мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерді дамыту,жылдың төрт мезгілімен таныстыру.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: Төрт мезгілдің суреттері, гүлдердің суреттері , желім қайшы,қағаз.

Амандасу.

Шаттық шеңбері.

— Сәлеметсіздер ме?

Шуағына бөлеген.
Аялаған демеген.
Тәрбиеші апайлар мейірімді не деген.
Жақсылыққа құмармыз, жақсы адам шығармыз .
Таза адал ниетпен қабылдаңыз мың алғыс.
Сәлемметсіздерме апайлар.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
Күз мезгілі.
Күз мезгілінің айларын атап беріңдерші.
Қыркүйек ,қазан, қараша

Балалар бүгін жылдың төрт мезгілінінің ерекшелігіне тоқталайық.

Ғажайып сәт:

Жыл ата кіреді.
Балалармен амандасады.
Балалар мен сендерге бірнеше тапсырмалар ала келдім.
Алдымен мына суреттерге қарап не көргендеріңді әңгімелеп беріңдер.
Балалар суретке қарап не көргендерін әңгімелеп береді.
Жыл ата
Төрт түрлі киінген балаларға сұақтар қояды.
1. Бірінші топ сендер неге жасыл киім кидіңдер?

Бірінші топтың балалары.
Көктемде жер әлемнің бәрі жасыл түске енеді. Бірінші топ біз көктем мезгіліне ұқсаймыз.

2. Ал екінші топ сендер неге қызыл түс кидіңдер ?
Дұрыс айтасыңдар жаз мезгілінде табиғат қызыл ,жасыл түске енеді.

3. Үшінші топ сендер неге сары түс киіндіңдер ?
Күз мезгілі алтын сияқты сап-сары түске боялады.
Біз күз мезгіліне ұқсаймыз.

4.Ал төртінші топ сендер неге ақ түсті киіндіңдер ?
Біз қыс мезгіліне ұқсағымыз келді.
Өйткені қыс мезгілінде дала аппақ болады.

Өте дұрыс екен .Қыс мезгілі аппақ болса ауасыда сондай таза болады.
Балалар төрт мезгілдің ерекшеліктерін айта кетейік. Балалар төрт мезгілдің өзіне тән ерекшеліктерін айтып береді. Төрт мезгіл туралы тақпақтар .

Көктем тобы: Көктем келді ,құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп,
Біздің көлге түсті енді
Былтыр кеткен қаз –үйрек.

Жаз тобы : Жайқалып жапырақ ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақ.

Күз тобы: Алтын ,сары ,қызыл , көк,
Алуан –алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Қыс тобы: Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды
Аралап қайтайық
Ақ күміс ақ қарды.

Рахмет балалар төрт мезгіл туралы өте жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер.

Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жиын терін болатын ,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Шешуі : Күз мезгілі.

Шанамен зырлап желетін ,
Шаңғы ,коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Шешуі: Қыс мезгілі

Бұлтты айдай желдеткен ,
Нөсерлеткен , селдеткен,
Шалшық кшіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Шешуі: Көктем мезгілі.

Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Шешуі: Жаз мезгілі.

Жыл ата: Балалар сендер өте білімді балалар екенсіңдер , мен төрт топқа арнап әр түрлі қиындылар әкелдім содан сендер мына суретке қарап құрастырып жапсырайық

Сергіту жаттығуы.

Күз тобы : Алма
Қыс :Аққала.
Көктем : Көбелек.
Жаз: Гүл жапсырады.

Әр топ өздерінің не жапсырғандарын айтып береді және Алма , Аққала; Көбелек,Гүл туралы тақпақтар айтып береді.
Жыл ата балалардың жасаған жұмыстарын мақтап сендер өте білімді , өнерлі балалар екенсіңдер Жыл он екі ай аман болыңдар , келесі мезгілде сендерге тағы келіп кетемін деп балалармен қоштасып кетеді.
Балаларды бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатысқандарын айтып мадақтай отырып аяқтау.

Күтілетін нәтиже: Білуі қажет: Жылдың төрт мезгілін.
Түсінігі: Төрт мезгілдің ерекшеліктерін .
Іс-әрекет дағдылары: Есте сақтап, қайта айтып бере білу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *