Білім саласы: Таным Бөлімі: Құрастыру Тақырыбы: «Трамвай»

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Трамвай»

Мақсаты: Бөлшектерді қою әдісін пайдалана отырып түрлі-түсті және әр түрлі  материалдардан берік құрылыс салуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.      

Көрнекілік:  Құрастыру үлгісі,конструктор ойыншықтары.

 

      Әрекет кезеңдері            Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың  іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық  Тәрбиеші  ойыншық трамвайды көрсетіп, трамвайдың басқа көліктерден айырмашылығына назар аударады. Үлгіні талдау жасайды, трамвай  құрастыру үшін қандай құрылыс материалдары керек екенін таңдауға бағыт береді. Балалар құрылыс материалдарын үлгіге қарай отырып таңдап алады,оны құрастырудың жолдарын ойланады.
Ұйымдастырушылық ізденушілік Балалар жұмысымызды бастамас бұрын,тақтадағы  суретке қараңдаршы. Бұл не?

Трамвай  қандай бөлшектерден құрылған?

 

 

Дұрыс айтасыңдар.

Енді біз «Көлік жүргізушісі» атты қимылды ойынды ойнайық.

Шарты: жүргізуші болып сайланған бала көліктің дыбысын салып,алдыңғы кедергілерді бұзбай бір межеге дейін жету керек.

Ал енді трамвай  құрастыруға кірісейік. Трамвай  құрастыру үшін екі брусок,екі ұзын кірпіш,төрт текшелер қажет болады және олардың  түстеріне назар аударады. Алдымен брусоктарды қойып алып оның үстіне ұзын кірпішті орналастырып алады.Енді оның үстіне текшелерді алдымен екі шетіне  қояды,содан кейін ортасына арасынан орын алдырып тағы да екі текшені  орналастырады да олардың үстін екінші  ұзын кірпішпен жабады. Трамвай  дайын болған соң,балалар өздерінің жасаған  көліктерімен  ойнауға болады.

 

Балалардың бәрі де көлік, трамвай  деп жауап қайтарады.

Трамвайдың адамдар отыратын орындығы  және дөңгелектері болады.

 

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша  автобусты құрастырады,құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануға әрекет етеді.

 

 

Балалар өздері  жасаған автобуспен ойын ойнайды.

Әр бала өздері жасаған автобуспен ойын ойнайды.

Рефлексиялық түзетушілік Тәрбиеші трамвайды  құрастырудағы балалар іс-әрекетіне бақылау жасап,дайын болған жұмыстарды мадақтап,кейбір балалардың жетістіктерін атап өтіп,кемшіліктерін өздері түзетуге бағыт береді. Қандай трамвай  жасағанын және оның басқа көлік түрлерінен айырмашылығын айтып береді.

                                                                                         

Күтілетін нәтиже:

 Нені білу керек:  құрылыс материалдарының түсін,көлемін,пішінін ажырата отырып   автобус жасай алуды.

Нені білді:құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды,көлік түрлерінің ерекшелігін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.