Жәндіктер еліне саяхат
ІІ кіші топқа арналған ұйымдастырылған оқу әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Жәндіктер еліне саяхат» (ертегі құрастыру)
Мақсаты: Қарапайым оқиғаларды, зат есім, сын есім, етістіктерді қолдана отырып әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру.
Міндеттері:
- Жәндіктердің атауларымен таныстыру,қарапайым оқиғаларды, зат есім, сын есім, етістіктерді қолданып, әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап беруді жаттықтыру.
- Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыра дамыту.
- Балалардың әңгімелеуде шығармашылық қабілеттілікке тәрбиелеу.
Қостілділік компонент (сөздік жұмыс): Шегіртке-кузнечик, қанқыз- божья коровка, инелік –стрекоза, құмырсқа- муравей, көбелек- бабочка, ара-пчела, жәндіктер-насекомые.
Құрал-жабдықтар: ағаштар, ойыншық жәндіктер, үлкен жапырақ.
Қызмет-
кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық
— түрткі болатын |
Балаларды үлкен жапырақ астындағы тосын сый күтіп тұр.
— Балалар, мына үлкен жапырақ қай ағаштан жерге ұшып түсті екен? (тәрбиеші жан-жағына қарайды). — Балалар, мына жапырақ қимылдайтын сияқты. Астында бірдеңе бар сияқты? — Мына жапырақтың астында не қимылдап жатқанын білгілерің келе ме? – Ал, онда бәріміз хормен сиқырлы сөзімізді айтайық.
— Тамаша рахмет! (жапырақтың астынан ойыншық жәндіктер шығады) |
Балалар таң қалады.
– Иә білгіміз келеді.
— Бір ,екі, үш , Сиқырда бар күш. Бір, екі, үш, Міне бізде күш!-деп сиқырлы сөз айтады . Балалар қуанады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Тақырыпты хабарлау.
— Біз сендермен мына әдемі ойыншықтардан өз ертегімізді құрамыз. Ол үшін ең алдымен мына ойыншықтардың атын атайық. — Мынау не? Көбелек қандай? — Мынау ше? Шегірткенің түсі қандай?
— Ал мынау не? Балалар құмырсқа -еңбекқор.
— Ал мынау? Қанқыз қандай? — Мынау не? Ара не жинайды? —Ал мынау не? -Бұларды бір сөзбен «жәндіктер» деп атаймыз. –Жақсы балалар сендер барлық жәндіктерді атап айттыңдар. — Енді осы жәндіктерді пайдалана отырып ертегі құрастырайық.
Әңгімелеу: «Ертеде қанқыз болыпты. Оның шегіртке,инелік,ара,көбелек, құмырсқа деген достары болыпты. Қанқыз достарын өте жақсы көреді. Бірде ол өзінің достарын қонаққа шақырады. Бірінші болып көбелек келеді.Ол қанқызға гүл сыйлайды. Екінші болып, ара келді.Ол досына бал сыйлады. Үшінші болып инелік келді. Ол досына құрт сыйлады. Төртінші болып шегіртке келді. Ол досына жапырақ сыйлады. Бесінші досы кешігіп келмей жатыр. — Ол қай жәндік балалар? » -Қалай ойлайсыңдар құмырсқа неге кешікті? — Дұрыс айтыңдар оның қанаты жоқ, оған кішкентай адымдармен жаяу жету қиын. — Сөйтіп, барлық достар ақылдасып, құмырсқаны жапыраққа отырғызып қанқыздың үйіне қонаққа алып келді. Барлық достар көңіл көтеріп ойындар ойнады, би биледі». Қанқыз достарына өте риза болады. — Ертегі ұнады ма? — Ертегіге ат қояйық?
|
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
— Ол көбелек. Көбелек әдемі. — Ол шегіртке. Шегірткенің түсі жасыл. — Ол құмырсқа. Құмырсқа-еңбекқор (балалар қайталайды) — Ол қанқыз. Қанқыз қызыл. — Ол ара. Ара бал жинайды. — Ол инелік. Балалар хормен және жекелей қайталайды.
Балалар қызығушылықтарын білдіреді
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
— Ол құмырсқа. — Өйткені ол ұша алмайды.
— Иә, ұнады. — «Қанқыз және оның достары» ертегісі |
Сергіту сәті:
Көбелек болып ұшамыз, Гүлге келіп қонамыз. Ара боп бал жинаймыз, Балдан тосап жасаймыз. |
Балалар көбелек, ара қимылдарын жасап қайталайды. |
|
Дыбыстық талдау: «Р» , «С»
Ра-ра- ра, Гүлге қонды ара. Са-са-са, Ызыңдайды маса. Ра-ра-Ара Са-са-маса |
Бірге қайталайды.
Ра-ра- ра, Гүлге қонды ара. Са-са-са, Ызыңдайды маса. Ра-ра-Ара Са-са-маса |
|
Сөздік жұмыс: | Шегіртке-кузнечик,
қанқыз- божья коровка, инелік-стрекоза, құмырсқа- муравей, көбелек-бабочка, ара-пчела, жәндіктер-насекомые. |
|
Рефлексиялық- түзетушілік | —Үлкен жапырақтың астына нелер жасырынды?
— Қонаққа қандай жәндік кешікті. — Құмырсқаға достары қандай көмек көрсетті?
Оқу әрекетіне белсене қатысқан балаларды мақтап-мадақтап, алғыс білдіру |
Үлкен жапырақтың астына жәндіктер жасырынды.
— Қонаққа құмырсқа кешікті. — Достар ақылдасып, құмырсқаны жапыраққа отырғызып, қанқыздың үйіне қонаққа алып келді. Балалар риза болып, қуаныштарын білдіреді. |
Күтілетін нәтиже :
Біледі: жәндіктер туралы білімдерін толықтырады;
Игереді: жәндіктер туралы түсінікті, аттарын атауды;
Меңгереді: бір сөзбен екінші сөзді байланыстырып, қысқа әңгіме құрастыруды,
заттың сапасын және әрекеттерін айтуда белгілеуші сөздерді қолдануды.