Тәрбие-отбасынан басталады

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы; ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады.

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде  қоғам  ата-аналар алдында үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналды. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек.

Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесіне өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады.

Бала негізгі өнегені алдымен отбасындағы ата-анасынан алады.

            Әрине, әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі,  үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.

Жақсы тілек  пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.