Л дыбысы мен әрпі

Күні: 22.11.2019 жыл
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сауат ашу»
Тақырыбы: «Л» -дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Тәрбиелік: Өзара қарым-қатынаста достыққа, құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Білімділік: «Л» дыбысымен таныстыру. Л дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дауысты дыбыспен дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: жұмбақтар, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс
Технология: АКТ, Ойын,
Көрнекіліктер: Ғажайып сәт, әріптер, суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвизм: Лақ-козлёнок-goat, лимон-лимон –lemon, ләйлік-айст- stork
Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше себебі бізге қонақтар келді. Келген қонақтармен амандасамыз.
Шаттық шеңбері.
Достарымның барлығын,
Сыйлап, жақсы көремін.
Алақаным арқылы,
Жылуымды беремін.

Балалар біз өткен оқу — қызметінде қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші.
— Дұрыс айтасыңдар.
-«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?
— Дұрыс айтасыңдар.
«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
«Р» дыбысынан басталатын немесе р дыбысы бар сөздерді кім айтып береді?
Мысалы: Робот, ара, анар

ррррр рр
р
р

Балалар, қазақ алфавитінде неше әріп бар?
-Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жұмбақ жасыру.

Түсі сары сүйкімді,
Дәмі қышқыл бір түрлі.
Ащы дей де алмайсың,
Шекерсіз жей алмайсың? Ол не?
-лимон- лимон –lemon

«Мә — мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?
Лақ-козлёнок-goat,
1-тапсырма. Қиынды суреттерді құрастыру.
Сурет қиындыларын жинау арқылы лақ пен лимон бейнесін флипчарт арқылы құрастырады.
Әр баланың алдына қиынды суреттерді беру.

Ғажайып сәт!
(Есік ұрып ішке лақ кіреді)
-Сәлеметсіңдерма балалар, сендердің лақ деген сөздеріңді естіп келдім. Себебі мен тастан тасқа секіріп ойнап жүріп ауламнан алыстап кеттім. Енді мені анам уайымдап іздеп жүрген болар егер сендер маған мына тапсырманы орындап көмектессеңдер мен аулама қайтатын жолды табар едім,
Бұл суретте мен және жол егер текшелерді дұрыс қойсаңдар мен аулама қайта аламын.
-Жарайды ақ лақ сен мына жерге отыра тұр мен бүгінгі жаңа тақырыпты таныстырайын сосын сенің тапсырмаңды орындаймыз.
— Лимон, лақ сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
— Олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз.
— Қане, бәріміз бірге айтайықшы Л-Л-Л
-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр?
Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір — біріне жақындатып, «Л» деп айтамыз.
Л дыбысына айна арқылы дыбыстық артикуляция жасау.
Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе?
— Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.
— Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен? дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
-дұрыс дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгілейміз?
Ауада Л дыбысының таңбасын саламыз.
Л дыбысының баспа түрі үш бөліктен тұрады. Төменнен жоғарыға және кішкене солға қарай сосын төменге түсіреміз.
Тақтада жазып көрсету.
2-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
Үлгіге қарап «Л»-дыбысының баспа түрін жазады.

3-тапсырма. Тақтадан сөздерді оқу.

Сергіту сәті: «Екі лақ».

Балалар енді ақ лақтың тапсырмасын орындаймыз.
4-тапсырма

Жаңылтпаш жаттау.

-Балалар, «Л» — дыбысы бар сөздерден жанылтпаш айтайық
(барлық баламен)
«Ләйлік лайға лайланды,
лайланған ләйлік,
лайда отырып жайланды.»
(Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу).
Жарайсыңдар. Балалар ләйлік деген құстың аты.
Орыс тілінде айст –ағылшынша-stork

5- тапсырма. «Қай әріп жоғалып қалды?» флипчарт арқылы жоғалған әріпті орнына қою.

та., а.ға а.а
6-тапсырма. Кеспе әріптермен сөз құрастыру.
Ата, апа, ана, аға, ара, ала.
7-тапсырма. Ереже құру
Л

Л дауыссыз дыбыс
Л Л Л

Л дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
Ойын: «Ыстық доп» Л дыбысынан келетін сөздер айту
Лақ: -Балалар сендерге көп рахмет мен өзімнің атымнан басталатын л дыбыс туралы көп білдім. Енді мен қайтайын
Үш түрлі алмамен өзін бағалау:
Өте жақсы түсіндім -жасыл
Жақсы түсіндім — сары
Орташа түсіндім –қызыл.
Балалар біз қандай дыбыспен таныстық?
-Жарайсындар балалар, менде сендерге өте ризамын. Осымен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз, кәне келген апайлармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа
Сау болыңыздар деп айтамыз.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Л л дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.
Игеруі керек: Дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуды, л дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді
Меңгеруі керек: сұраққа жауап беруді, баспа түрде жазуды меңгерді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.