Жыл мезгілдері

№56 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан ашылған шағын орталық

Әдіскер: Абжапарова Б.С

2020 ж

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі:Экология негіздері
Тақырыбы:Жыл мезгілі
Мақсаты:Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру және жыл мезгілдерін дұрыс айтуға үйрету.Табиғаттағы өзгерістерге қызығушылықтарын арттыру,табиғатты баулуға тәрбиелеу
Қажетті құралдар-жабдықтар:Қыс, көктем, жаз, күздің суреттері. Блингвальды сыңары:Қыс-Зима.Көктем-Весна.Жаз-Лето,Күз-Осень

Іс әрекеті кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық
Қайырлы таң.балалар!
Біз көңілді баламыз,
Шаттық әнге саламыз.
Би билейміз дөңгелеп,
Біз өнерлі баламыз.
Қайырлы таң,
Әпкей!Бірге қосылып тақпақты айтамыз.

Ұйымдастыру кезеңі

Сурет салу

Сергіту сәті:

Ойын

Рефлексивтік түзетушілік

Балалар бүгінгі тақырыбымыз
Жыл мезгілі.
Жылдың төрт мезгілі бар.Қыс,көктем,жаз және күз.
Олар өзара тату болыпты,кезегімен әлемді басқарады.
Ал,балалар жыл мезгіліне саяхатқа барайық.

Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптап өсіреді,
Күз жинап, тереді.

Қыс
Қыс қар қызығымен қызық.Қыс боранды,аязы,ызғарлы.Жер беті мен ағаштар аққарға жамылып жатады.Қыста ағаштар ұйқыға кетеді: Терезелерге аяз әр түрлі ою-өрнектермен безендіреді:Қыста балалар шана;шаңғы тебеді;аққала соғады.Қыс кеткісі келмейді.Күн қысқа сенің күнің өтті,енді жолды Көктемге бер.

Көктем

Қар еріп,жер қарайып,күн жылуын,шуағын шашып Көктемді шақырады.Жан-жануарлар ұйқыдан оянады.Кейбір ағаштарда кейбір ағаштар бүршік ашады,Мысалы:Ерте өрік гүлденеді,жерден шөптер мен гүлдер өсіп шығады.Адамдар ағаштармен талдар отырғызады,жер жыртып егіндер егеді.Жыл құстары ұшып келеді,құстар ән салады,даланың сәні кіреді.Көктемде балалар асықпен,доппен ойнайды,қыздар секіргішпен,құламашақ ойнайды.

Жаз

Жадырап жаз келді.
Жаздың табиғатты тамаша,жер беті
жап-жасыл.Ағаштар алма,алмұрт шие,ал жерде егіндер байлап өсуде.Жазда балалар демалыста,күнін ыстығыда шомылады.Жаз кетіп,енді бізге күз келеді.

Күз

Күзде суық болады,жан-жануарлар ұйқыға кетеді,құстар жылы жаққа ұшады.Егін жиналады ағаштардың жапырақтары сарғайып,сазды,балшықты болады.жамбыр артынан қар жауады,сөйтіп төрт мезгіл қайталанып отырады.

Қар қалай жауады?
Шөппен гүлдер қалай өседі?
Күн қалай шуағын шашады?
Күзде жапырақтар қандай болады?

Сергіту сәті
Шөп үстінде жүреміз,
сытыр,сытыр,сытыр.
Тас үстінде жүреміз,
Тысыр,Тысыр,тысыр.
Шалшық сумен жүреміз.
Шолп,шолп,шолп.
Жолдарымен жүреміз.
Топ,топ,топ:

Жерде өскен көкөністерді себетке жинау.Себетке жиналған көкөністердің аттарын атау.

Қар қандай?
шөп қандай?
Күн қандай?
Күзде жапырақтар қандай?
Сұрақ-жауап әдіс арқылы сабақты алған білімдерін бағалау және мадақтау.
Өз нұсқаларын айтады.Мысалы: «Отбасы»
«Менің жанұям»

Жұмбақтарды шешеді

Сұрақтарға толық жауап береді

Жұдырықтарын ашып жұмып тәрбиешінің айтқанын қайталайды

Балаларға ертегіні мұқият тыңдап және мазмұнын бірге айтады

Қыс,көктем,жаз,күздің суретін салады

Қимыл қозғалыспен көрсетеді

Көкөнстерді жинайды,атайды

Аппақ.
Жасыл.
Сары.
Қызыл сары

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін біледі.
Нені игереді:Қыс,Көктем,Жаз,Күзді меңгереді.
Нені қолданды:Суреттерді.

Вам может также понравиться...

комментария 2

  1. Айжамал:

    Өте жақсы дайындалған материял

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.