«Бауырсақ» ертегісі

Құрманғали Мақпал Қырықбайқызы

Білім беру саласы:Қатынас

Оқу қызметі: көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бауырсақ»  ертегісі

Мақсаты:«Бауырсақ»  ертегісін сахналау, таныс ертегінің мазмұнын түсіну.

Көрнекілігі: Ертегі желісі бойынша суреттер.

Міндеті:  1. Ертегі мазмұнын түсінуге үйрету.

  1. Диалогты сөз арқылы баланың тілін дамыту.
  2. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Балалар,күнсалқынболсада,біздіңжүрегімізжылы.Жылуымыздыжан-жағымызғаберіп,жылулықшеңберінқұрып,келгенқонақтарымызбенамандасайық.

Жылулық шеңбері:

Үлкенгедесіз,

Кішігедесіз,

Сәлемберіпсіздерге

Басиемізбіз

Тәрбиеші:Балалареңалдыменбізәдеміормандажүргендейболайық.

-Балаларқазіржылдыңқаймезгілі?

-күзмезгілі

-күзмезгілініңқандайөзгерістерібар?

-Күнсалқын,жаңбыржауады, жапырақтар сарғаяды.

-күзде қанша ай бар?

— 3 ай бар

— сол 3 айды атап беріңдерші?

— қыркүйек, қазан, қараша

Қандай ертегілерді білеміз. Ата- аналарын сендерге қандай ертегілер оқып береді?

Бүгінгі оқу қызметіміз қандай ертегі туралы екенін білуіміз үшін мен сендерге жұмбақ жасырам

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан ( Бауырсақ)

 

Сәлем балғын балалар!

Бәрін бері қараңыздар

Бауырсақ жайлы ертегі

Сіздерге сыр шертеді

Ертегіні ең қызық

Сахнаға енгіздік

Баяндайық көріңіздер

Өз бағасын беріңіздер!

-Бүгінгі оқу қызметімізде «Бауырсақ»ертегісін сахналаймыз.

Баура

Ерте ерте ертеде Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

  • Кемпір- ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

Кемпір

  • Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!

Шал

  • Әй кемпір- ай! Қойманың түбін қырып көрсеңші ұн табылып қалар.

Баура

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып екі уыс ұн табады да , бауырсақ пісіреді, терезе алдына суытқалы суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, домалап кетеді. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ

Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып берем.

Баура

Бауырсақ қоянға өлең айта бастайды

 

Баура

Бауырсақ әңдетіп келе жатса, оның алдынан аю шыға келіп:

Аю

Бауырсақ!Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ

Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып берем.

Баура

Бауырсақ аюға өлең айта бастайды

Баура

Бауырсақ әңдетіп келе жатса, оның алдынан түлкі шыға келіп:

Түлкі

Бауырсақ!Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ

Жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып берем.

Баура

Бауырсақ Түлкіге өлең айта бастайды

Бауырсақ

-Мен атадан да қаштым, ападан да қаштым,қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым, аюдан да қаштым, бәрінен қашып өзім жоғалып кеттім. Енді атама  және апама баратын жолды таба алмай тұрмын.

Түлкі:

Бауырсақ, ал сенің үйінде сен сияқты бауырсақ бар ма? Менің қарным ашты.

Бауырсақ:

Иә, бар. Апам көп бауырсақтар пісірді. Егер сен мені үйге апарып келсең, мен саған бауырсақ беремін.

Түлкі:

Келістік. Қанекей жүре ғой.

Баура:

Осылай түлкі бауырсақты үйіне апарады.Атасы мен апасы бауырсақтың келгеніне қатты қуанады. Олар тұлкіге рахмет айтып, үйге шай ішуге шақырады.Олар осылай дос болады. Осымен ертегі аяқталды.

Ал енді балалар сергіп алайық

Сергіту сәті:

Қоян болып секірейік,

Аю болып қорбаңдайық.

Қасқыр болып ырылдайық,

Түлкі болып бұлаңдайық,

 

Қорытындылау:

Тәрбиеші:

-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.

Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, қоян жағымды кейіпкерлерге жатады?

-Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ

-Өте жақсы

— Ал, түлкі ше?

-Түлкі қу, айлакер

Балалар бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)

-Ұн неден алынады? (Бидайдан)

-Бауырсақтың түсі қандай?

-Сары

Бауырсақтың пішіні қандай?

  • Домалақ,шеңбер
  • Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін атаңдар?
  • Кемпір, шал, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю,Түлкі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.