Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады

Биылғы ҰБТ-да 82 мың талапкер шекті балл жинады. Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:

eGov арқылы (50 мыңнан астам өтініш қабылданды);
немесе жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (20 мыңнан астам өтініш қабылданды). Бұл жолмен тапсырғанда ЭЦҚ қажет емес, жоо-лардың қызметкерлері бейне байланыс арқылы кеңес береді, құжаттарды толтырып, жүктеуге көмектеседі. ЖОО-лардың байланыс нөмірлерін министрліктің @edu_news_qz телеграм-каналынан және ҚР БҒМ ҰТО сайтынан жүктеп алуға болады.

Грантты тағайындау конкурсының нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *