Оқушыны бастауыш сыныптан адамгершілікке тәрбиелеу.

Өмір – еңбекке баулу арқылы, өмір ағымында алға дамуын қамтамасыз ету процесі. Қоғамдық – тарихи тәжірибеде аға буынның көмегі ол – Тәрбие. Бала тәрбиесіне тереңнен мән беріп, өмірде сақталу керек қағидалар мен ережені сақтаушы халық біздер, яғни қазақ елі боламыз. Халықтың мәдениеті мен әдебиеті, дәстүр-салты тәрбие көзі. Бала – байлығымыз. Оларды сақтап, дамуына үлес қосу міндетіміз. Мектептегі кезең қайталанбайтын уақыт. Дәл осы кезеңде баланың іс-әрекетінің дамуы мен қалыптасуы өмірлік қуаттылық. Ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойы биік парасатты, ар-ожданы мол, бойына жақсы қасиеттері қалыптасқан ұрпақ – ел болашағы. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеу – күрделі талап. Оқушы тәрбиеде табиғат әлемімен, адам өмірімен, бүгіні мен өткенін салыстырып өсе береді. Ал оның өмірінде қоғамдық көзқарасын дұрыс қалыптастыру, сөзі мен ісінің біркелкілігін дамыту, білім берумен ғана шектелмей, бастауыш сыныптағы ерте жастан ұстаз баулуы мен бағытына да байланысты. Баланың ішкі сезіміне әсер ету арқылы, жан дүниесін ояту арқылы, адамгершілік дағдысы жолға қойылады. Бастауыш сыныптан кішіпейілділік, сүйіспеншілік, сыйлауда көркем шығарманың да маңызы зор. Дүниетанымын кеңейтіп, жазылған, оқылған іс-әрекетке салыстырмалы ойын білдіру де жеткілікті. Бас кейіпкерлердің жақсы жақтағы іс-әрекетіне еліктеуі, өз-өзіне қорытынды жасауға таптырмас көрнекілік. Қазіргі заман талабында жаңа бағдарламада да тұлғаның кретикалық ойы да, міне осындай көркем шығармадағы негізгі оқиға жүйесіне өз ойын білдіруден ақ білінеді. Болашағымызда тек жақсылыққа ұмтылған, жетілген саналы азамат, азаматшаларымыз ел ертеңі болмақ, сондықтан бүгінгі күннен ойланып тиянақты да татымды іс жасайық демекпін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.