Менің балабақшам

Ұйымдастырылған ашық  оқу іс-әрекеті.
Қорытынды ашық оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Әлеуметтік орта,шығармашылық
Бөлімі: Математика, қоршаған орта, экология, көркем әдебиет, тіл дамыту, сурет, жапсыру.
Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейін байқау, нәтижесін көрсету. Баланың тілін, сөздік қорын,ойлау қабілетін,сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып,сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Ертегі желісіне байланысты суреттер, сандық, көрпеше, қатық, бидай
Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау
Билингвалдық компонент: қыз-девочка, мысық-кошка, сиыр-корова, тал-дерево, дүкенші-продавец.
Инклюзивті әлеумет:  Мүмкіншілігі төмен баламен жұмыс жүргізу.
Мотивациялық қозғаушы
1.Бөлмені алдын ала «Мақта қыз бен мысық» ертегі кейіпкерлерімен дайындау
2.Балалардың топқа кіруі
Жылулық шеңбері.
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет,
Бұлт жаңбыр  сепкенің үшін рахмет,
Аспан таза ауаң үшін рахмет
Ал құрметті апайлар, саналы тәрбиелеріңіз үшін рахмет.
Балалар жылу шеңбері жасайды
Іздену ұйымдастырушы
-Балалар бізге  бүгін көп қонақтар келіп отыр.
-Бүгін оқу іс-әрекетімізде жыл бойы алған білімдерімізді көрсетеміз
-Сендер қандай ертегі білесіңдер?
-Алдымызда тұрған қандай  ертегі кейіпкерлері?
-Ендеше бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізде «Мақта қыз бен мысық»ертегі кейіпкерлеріне саяхатқа шығамыз.
Ерте,ерте,ертеде Мақта қыз бен мысық болыпты.Қыз үйін сыпырып жүріп,мейіз тауып алыпты.Мейізді мысығына бермек болып,мысығын шақырады. Мысығы келмейді.
Мысығы келмеген соң мейізді өзі жеп қояды.
Мысығы мақта қызға неліктен шақырғанына жауап бермегені үшін мысық қыздың қатығын төгеді.
-Қыз ашуланып  не істейді? Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алды.
Мысық қатығын іздеп жолға шығады.Алдымен сиырға келді.
Сиыр: Менің тапсырмам бар ,соны шешсең саған сүт беремін дейді
1-тапсырма.Үй жануарлары және оңың төлдерін атап беріңдер сиыр,қой,ешкі,жылқы,түйе т.б
2-тапсырма
-Үй жануарларынан алынатын өнімдерді атаңдар?
-сүт,сары май,қаймақ т.б
-Сиыр саған сүт берер едім бірақ қарным аш,маған кішкене жапырақ әкелші дейді,
Мысық енді неге барады?
-Талға барады.
Тал,тал маған жапырақ берші сиырға  беруім керек.
Талдың тапсырмасын алдымен орындау керек
1-тапсырма: Қыс мезгілінде талдағы жапырақ түсі қандай болады?
Қыс мезгілінде жапырақ болмайды.
2-тапсырма.Менің бұтағымда қандай құстар бар екенін айтыңдар?
-кептер, торғай, қарға,сауысқан.т.б бес құс ұшып келіп отыр
Тал тәрбиешінің құлағына сыбырлап талдың шөлдегенін айтады.
–Талға енді су керек.
-Мысық су іздеп қыздарға келеді.
-Қыздардың тапсырмасын айтуымыз керек
1-тапсырма
Су бізге не үшін қажет?
2-тапсырма.
Табиғат нешеге бөлінеді?
Екіге бөлінеді.Тірі және өлі.Тірі табиғатқа : адамдар,гүлдер ағаштар т.б                             өліге:құм,тас т.б
 Сергіту сәті: «Қамажай» Жуынамыз Суды ішеміз т.б
Қыздар тәрбиешіге сыбырлап сағыз шайнағысы келетінін айтты.
-Мысық дүкеншіге келіп амандасады.Одан сағыз беруін өтінеді.
-Дүкенші тапсырмасын да бірлесіп шешіп көмектесейік
1-тапсырма: Д/о:  «Құралдармен кім жұмыс істейді?»
Мақсаты: Қажетті құралдар қай маман иесі екенін айта білуге үйрету
2-тапсырма: Құрылысшы соққан үйлерді салыстыру.
 Мақсаты: Биік-аласа, үлкен-кіші геометриялық қай пішіндерге ұқсас
-Дүкеншінің қарны ашып жұмыртқа жегісі келіп отырғанын айтады.Жұмыртқаны қайдан алатынын балалардан сұрайды.
–Тауыққа келіп өзінің жұмыртқаға келгенін айтады
Тәрбиеші:Балалар мысыққа тағы көмек берейік.Тауықтың тапсырмасын шешейік.
1-тапсырма:Үй құстарын атаңдар? -тауық,әтеш,қаз үйрек
2- тапсырма: Дала құстарын атаңдар?
 Д/О: «Үй және дала құстарын ажырата білу
Тәрбиеші: тауық бізге жем берулерін өтініп тұр.Жемді қайдан аламыз?
 Осы кезде ашуланған мысық тышқанды тарпа бас салады.Тышқан қорықққаннан мысыққа бидай береді. Және осы бидай қайда өсетінін білесіңдер ме?
-Бидайды тасу үшін көлік керек
Тапсырма: Әуе көлігі,су көлігі және жерде адамдардың көмегімен жүретін көлікті атаңдар?
-Мысық тышқанға рахметін айтып тауыққа,дүкеншіге,талға, қыздарға,және сиырға  келеді. Сүтті алып қызға ұсынады
 Тәрбиеші: балалар енді өнер орталығына барайық
1 топ:Мысықты жапсырады.
2 топ: Мақта қыздың көйлегін әшекейлейтінін хабарлайды.
Жұмыс барысында жеке нұсқаулар береді.
Саусақ  жаттығу:
Балалар өздері білетін ертегілерді атайды.
Қорытынды: Сұрақ-жауап:
Біз қайда бардық?
Кімге көмектестік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
(Балалар жауап беріп, өз әсерлерін айтады)
Тәрбиеші: Осымен оқу қызметіміз аяқталды.Рахмет, балалар!Қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!

Турсунбекова Анар Досановна

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
ҚМҚК 179 бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Оқу қызметін жоспары

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.