Қазақстан құрамасы химия пәнінен халықаралық олимпиадада 4 қола медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы химия пәнінен халықаралық олимпиадада 4 қола медаль жеңіп алды
Covid-19 пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.
Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды.
Oлимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қатарында:
Қайырбек Хайдар (Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»);
Мужубаев Әбілмансұр (Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»);
Сейсенқұл Бақдәулет (Нұр-Сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты);
Абдугафарова Кибриянур (Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебі).
Халықаралық химиялық олимпиада (International Chemistry Olympiad-IChO) – бұл дарынды оқушыларға арналған химия пәні бойынша жыл сайынғы халықаралық олимпиада.
@edu_news_qz