Тәрбиенің иннаватциялық әдістері мен технологиялары

Алматы облысы Панфилов ауданы
Жаркент қаласы МКҚК «Қарлығаш»
балабақшасы. Тәрбиеші:
Тлеубаева Нургуль Токтасыновна

Тәрбиенің инновациялық әдістері мен технологиялары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы және мжжеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға ,адамгершілік нормаларды қалыптастыруға бағытталған ,әлеуметтік дағыдларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің негізі болып табылады. . 2017-2018 оқу жылы мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін маңызды болып табылады. Ғасырлық тарихта мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі ұйым желісін дамытуға бағытталған. Бүгінгі күні 807,2 мың бала контингентіне 9410 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді,оның 2336 жеке мектепке дейінгі ұйым Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналаған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мектепке дейінгі тәрбие мен оықтудың негізгі міндеттері :-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту ;
-балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістері мен технологияларды енгізу;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыру Қазақстан республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналаған мемлекеттік бағдарламасы мен стандартта айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді. Баланың бойында ынытамқтастық қарым-қатынас, елгезектікті өзіне-өзі сенімділік рухын қалай дамыту керек? Бүгінгі заманда бала тәрбиесі дағдарысқа ұшырауда. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан жас өспірімдердің өзіне деген бағасының төмен екенін ,олардың елеусіз қалғандарын, ерте жастан жүкті болуын ,нашақорлыққа суицидке қылмыстық істерге барып жатқанын күнделікті естіп жатамыз. Ата-аналар ескі тәрбие әдісінен де жаңа тәрбие әдісінен де көп күмәнданады. Тәрбиенің бірде –бір жолы жарамайтындай әсер туады. Ал тәрбие мәселесі күннен -күнге қиындай түсуде. Тәрбиенің ең негізгісі –балаларды сүю,жақсф көру және оларға уақыт пен көңіл бөлуде. Әйтсе де балаға деген сүйіспеншілік тәрбиенің ең негізгі белгісі болса да ,тәрбиенің барлық көзін аша алмайды. Егер атта-ана баласының нені қажет ететінін түсіенгісі келмесе,онда толық тұрғыда бүгінгі заман баласына ештеңе бере алмайды. Кейбір ата-ананың өз баласын сүйіспеншілігімен бөлейтіні кездеседі, бірақ та баланың дамуының пайдалы жақстарын ескермейді.Бір жағынан көптеген ата-ана балаларымен көп уақытты бірге өткізуге «талпынады»,алайда олай істей алмайды, себебі,олармен не істеп, немен шұғылдануды білмейді. Сондықтан балалар олармен сырласқылары келмейді, ата-ана ашық сөйлесуге тырысқанымен бала сырымен бөліспейді, ашылмайды.Мұндай жағдайда ата-ана шарасыздық танытады. Кей ата-ана баласына дауыс та көтергісі ,ұрысып соққысы келмейді,бірақ амалсыздықтан осы әдісті қолдануға мәжбүр болады. Ата-ана баланы тыңдай отырып, не қажет ететінін «ести» білгенде ғана ,баламен сырласудың нәтижесі болады. Баланың өзіңізге деген ынтымағын арттырғыңыз келсе ,онда одан тікелей сұрауды білу қажет. Ата-ана балаларына ерікті көп бере отырып ,бақылауды ұмытпағаны жөн.Осыны үйренген жағдайда ата-ана тәрбиенің ескі әдіс-тәсілдерінен аулақ болады. Кейбір ата-аналардың есептеуінше барлық проблемалар балаларды еркімен жібергендіктен ,оларға шектен тыс сұранысын қанағаттандыру десе, ал кейбірі , теледидардан қатыгездіктер ,жарнамалар әсерінен деп ойлайды. Әрине қоғамның әсерінің бала тәрбиесіне тигізетін ықпалының мол екені белгілі ,әйтсе де ,негізгі көңіл отбасының жағдайына байланысты. Балалар проблемасы жанұядан басталады,сондықтан өз отбасында шешілуі қажет. Қоғамдағы өзгеріс негізгі фактор ,әйтсе де баланың қайратты ,өз өзіне сенімді ,жігерлі ,ата-анамен ынытымақтастық қарым-қатынасы тығыз болғанда ғана, нәтижеге қол жеткізуге болатынын білгені жөн.Уақытпен бірге алға басу үшін ,қоғамдағы өзгерістің ортасында болып,ата-анаға бала тәрбиесіне деген ықпалын,көзқарасын өзгерту қажет.Қабілетті дені сау ынтымақтастық қарым-қатынасқа бейім баланы өсіру үшін ,ата-ана өзін тәрбиелеу жолдарын түпкілікті өзгертуі керек.Компания басшылары саудадағы бәсекелестікті жеңу үшін үнемі еңбек көзін өзгертіп дамытып отырады,сол сияқты ата-ана да заман талабына сай ,тәрбиелеудіің жаңа әдіс –тәсілдерін қолдана білуге талпыныс жасау керек. Баламен ынытмақтастық қарым-қатынасты нығайту үшін ,өзіне деген сенімін ,елгезектігін жетілдіру ,оның ерік-жігерін баспай дамыту керек.Ерік жігері мол бала ,құрдастары тарапынан жасалған өктемдікке қарсы тұра біледі және өзінің қорғайда алады. Бізді қоршаған орта үлкен өзгерісте және балаларда өзгеруде.Қорқыту мен тәрбиелеудің бүгінгі күні ешқандай әсері жоқ.Ескі қорқыту тәсілі ата-ананың бақылауын шын мәнінде әлсіздендіреді.Айғай мен ұру ,соғу баланы бақылауға көмектесе алмайды.Керісінше,тыңдау қажеттілігін және ынтымақтастықты жойып жібереді.Оқуда жетістікке жету үшін және негізгі қажеттілік, қоршаған ортамен берік қатынасты құру жаңашыл адамның пікір алмасу мәдениетін толық жан-жақты меңгере білу қажет.Ата-анасын бала тыңдаған жағдайда ғана, мұны меңгеруге болады.Бүгінгі күні балалар қоршаған ортадан қорқыту арқылы емес, керісінше еліктеу арқылы үйренеді.Көбіне балалар ата-анасына еліктейді ,олардың санасы суретті түрде қабылдап ,сіздің не істеп ,не айтқаныңызды қайталау арқылы санасына жазып алады. Балалардың ынытмақтастыққа еліктеуі , оқытудың негізгі механизмі болып табылады. Қоршаған ортаға ата-ана құрмет көрсетіп, сабырлы және қайырымды бола білсе,ашу-ызасын тежей білсе,балалары да ,басқалары да біртіндеп құрметтеуге бейімделіп үйренеді.Баланың бақылаудан шығып кеткен кезінде ата-ана сабырлы ,ұстамды болуды нақты білуі қажет.Жаңашыл балалар қорқыту мен жазалаудың себебін қажетсінбейді,оларда жақсыны жаманнан айыра білу қабілеттілігі туғаннан дамыған, тек оларға бұл қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беру қажет.Қорқыту мен жазалаудың орнына мақтау, мадақтау, арқылы және олардың ата-анасына қуаныш сыйлаймын деген ниеттері тууы қажет.Тәрбиенің ескі әдіс- тәсілдерінен арылып, оларды жаңа тәсілдерге ауыстыру қажет.Тәрбиенің жаңа әдіс-тәсілдері: балалармен сөйлесе білуді жақсарту, олармен ынытымақтастықты нығайту және олардың қабілеттерін толық ашуға мүикндік беру.Тәуелсіз қоғамда өмір сүрген әрбір адам тәрбиеге деген көзқарасын өзгерту қажет.Сонымен жаңа тәрбиенің 5 тәсілі мен 5 принципі: 1. Баламен ынытымақтастық қарым-қатынасты орнату үшін –сұраңыз /өтініңіз –бірақ бұйырмаңыз.
2. баланың қарсылығын азайтып және онымен сөйлесе білу сапасын нығайтуда,оны тыңдаңыз және түсіністік білдіріңіз.
3.Баланың мінезін қалыптастыруда оны мадақтаңыз-жазаламаңыз.
4.Жанұядағы басшы ата-ана екендігін білдіргіңіз келсе, бұйырыңыз-сұрамаңыз.
5. жағдаятқа бақылау жасағыңыз келсе, тайым-аут белгілеңіз,-баланы соқпаңыз.
Баламен ынытымақтастықты қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізетін 5 позитивтік әдіс-тәсіл бар. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.Осы маңызды 5 принципті балаға жеткізе білуіңіз қажет.
Ол 5 позитивтік принциптер мыналар:
1.Басқалардан өзгеше болу , — ол қалыпты.
2.Қателік жасау ол да,- қалыпты.
3.Жағымсыз эмоция /көңіл-күй/ байқату,-ол да қалыпты.
4.Көпті қажетсіну ,-ол да қалыпты.
5.Келіспейтініңді білідіру ,-ол да қалыпты. Бірақ есіңде болсын ең бастысы ол ата-анаң.
Бұл бес принцип балаңыздың қабілетін дамытуға еркіндік береді. Егер бұл позитивтік принциптер арқылы тәрбиелеудің әдісін өмірде дұрыс қолдана алсаңыз ,балаңыз өзіндегі жақсы қасиеттердің сапасын жетілдіріп,өмірде жетістікке ие болады. Бұл сапаның кейбір түрлері : Басқаларды, өзіңді кешіре білу, бөлісе білу, өзіңнің қажеттілігінің орындалуын күте білу ,намысыңды қорғай білу, шыдамдылық,төзімділік ,сөзге берік болу, ортаны және өзін құрметтей білу, ынтымақтастық рухы,елгезек өз күшіне сенетін,бақыты бола білуге қабілетті .Ұсынып отырған жәңа әдіс-тәсіл сіздің балаға деген сүйіспеншілігіңіз бен қамқорлығыңыздың бірлесуі балаңыздың толық есейуіне мүмкіндік береді. Әр баланың жүрегінде нүкте /кнопка/ бар. Оны басқан сәтте бала өзінің ата-анасымен ынытымақтастықты қажетсініп және оларды қуантқысы келеді.Тәрбиенің осы 5 әдісі мен 5 принципі кнопканы басуға жол ашады. Ол кнопканы пайдалана білген ата-ана балаларын бақылай да, басқара да біледі.Әр жастағы балалар еліктеуден және ынтымақтастықтан ықпал етуден үйренеді.Егер ата-ана сиырлы кнопканы баспаса ,онда баланың оқу қабілеттілігі мен өсуі шектеулі болады. Ата-ана болу әрине оңай емес.Бірақ позитив тәрбие сіздің алдыңызға күрделі мақсат қояды. Әрине сізге көп уақыт күш қайрат жұмсауға тура келеді. Баланың «Менін»ашу арқылы сіз оған ұлы сыйды тарта аласыз.Тарихтағы ғұлама адамдар –суртешілер, ғылымдар үлкен тұлғалар ерекше қабілетін шығармашылығын таныта білген. Бұл адамдарда да арман болған , сол арманды орындауға жол тапқан. Бұл адамдардың ерік-жігері ,күш-қайраты мол болған.Сенімсіщздікке және ортаға қарсы тұра алған. Биіктікке жете білуде кедергілерге төтеп бере білу керек. Жан-жақты қалыптасқан қабілетті адам ғана биіктік пен шығармашылыққа қол жеткізе алады. Қараңыз: 1 баланың басқалардан өзгеше болуы арқылы ,оның өз мақсатын көруіне ,ішкі потенцияларының дамуына және бағалауға мүмкіндік /жол/ бересіз .2 балаға қателік мүмкіндік бере тұра, өзінің сол қателігі арқылы жаңа жетістіктерге жетуге жол ашасыз.3 балаға негативтік сезімнің тудыра отырып, оның өзінің ,эмоциясын басқаруға үйретіп, сезімін түсіне білуге, сенімін жетілдіруге, ынытамқтастық рухын көтеруге мүмкіндік бересіз. 4.балаға көп нәррсені қажетсінуін болыдар отырып ол соған сай екенін және өз қажетін соңына қалдыруды үйрену мүмкіндігін береді. Балаңыз көп нәрсені қажет ететінді ,бірақ барға қуана білуді де сезінеді.5.Балаларға «жоқ» деп айту арқылы оның ерік-жігерін дамытып оның «менін» анықтауға мүмкіндік береді. «Жоқты» айта білу арқылы баланың ой танымы дамиды, жүрегі мен ерік –жігерін сезім мен ойын дамыта түседі. Авторитетке қарсы тұра алу -позитивтік тәрбиенің ірге тасы .Тәрбиенің бұл тәсілдері балалардың тәрбиесіне көп көмегі деген сенімдемін. Осы жаңа білімді танып білу тәсілдері арқылы ата-аналар өз балаларымен жақсы қарым-қатынас жасауға оларды талабын ашуға мүмкіндік береді. Ата-ана өте күрделі міндет /іс/ , дегенмен бұл міндет өте құрметті. Позитивті тәрбиені практика жүзінде қолданып жүрген ата-аналармен тығыз байланыста болыңыздар.Сіздің балаңыз өзіне сенімді елгезек және ынытымақтастыққа қабілетті болсын,ішкі және сыртқы дүниесінде жетістіктері мол болсын.Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпыға міндетті біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Мектепке дейінгі ұйымның негізгі мақсаты мен міндеті қазіргі заманға қоғамның талаптарына сай жан-жақты дамыған ұлттық сезімі бар, азаматты тәрбиелеу. Экономикалық және қоғамдық сұраныстарға сәйкес келетін заманауи білім беру жүйесі қажет. Алға қойған міндеттерді орындаудың тура жолдарының бірі оқу-тәрбие жұмысында инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану.
Оқу- тәрбие жұмысын инновациялық әдістерді ескере отырып жоспарлау:
-көкрем әдебиет мазмұны бойынша бөліктерге бөлінген;
-тіл адмыту, қоршаған ортамен таныс, экология негіздерімен таныстыру бойынша тапсырмалар мазмұндарына сәйкес топталынған көркем туындылардың тізімдері дайындалған;
-Дидактикалық және дамыту ойындарының жинағы әзірленген;
Сахналық ойындар әзірленген;
-өнер тапқыштық міндеттерді шешу теориясы мен технологиясы Ә.Жүнісбековтың , Н.Зайцевтің теъхнолгияларының элементтері қолданылады.
Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану баланың шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік құндылықтарын ашуға көмектеседі. Жобалық қызмет барысында ата-аналармен мектепке дейінгі ұйым арасында тығыз байланыстық орнайды. Ата-аналар тәрбие жұмысына белсене араласады. Баланың балабақшада болған алғашқы күндерінде, оны көрнекі материалдармен сүйемелдеусіз ,біртіндеп әңгімелермен ертегілерді оқуға көше отырып ,театрларндыру және сахналандыру арқылы жаңа туындылармен таныстырған жөн.Кіші жастағы балаларға бір ертегіні бірнеше мәрте тыңдау ұнайтындықтан, тәрбиеші бір ертегіні немесе тақақты қайта оқуға және әңгімелеуге көңіл бөлуі тиіс.Балабақшада тәрбиеленушілердің отбасымен немесе жазбасаша түрде қарым-қатынас жасаған дұрыс.Педагог отбасымен араласқан кезде әдептен тыс «күнделікті» қолдану қолайлы. Жүйелі түрде күнделікті ұсыныстарды байқауларды ескертулерді жазып отыруға болады. Бұндай өзгеше күнделік баланың «потфолиосын» өте жақсы толықтырады. Педагог ата-аналармен бірге жеке папакада суреттерді, қолдан жасалған ұсақ-түйектерді ,фофтосуреттерді ,қызықты сөздермен балаларға арналаған «жағымды жаңалықтарды » жинайды.Портфолиомен жұмыс істеу балаларға өздерінің жетістіктерін таладу, оларды жақсы көретін ,қорғай алатын және оларды қажет ететін жақын адамдардың бар екендігін түсіну үшін қажет. Бұл материалдар баланың женке тұлға ретінде өсу қарқынының көрсеткші болып табылады. Осылайша жаңа технологияларды қоладнудың , қазірігі замандағы балалардың білім деңгейінің ,шығармашылық қабілеті мен қызығушылығының артуына тиімді түрде әсер ететіні туралы айтуға болады. Болашақ ұрпақтың жаңа технологияларды қолданудың негізінде шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптастуы, жан-жақты білім алу үшін жағдайлар жасауы-әрбір педагогтың міндеті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.