«Қонжыққа көмектесейік»

«Қонжық» тобының ұйымдастырылған
оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: Сенсорика
Тақырыбы: «Қонжыққа көмектесейік»
Мақсаты: Білімділігі: Балаларға сезім дамыту оқу іс — әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Балаларды қамқорлыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: домалақ
Керекті құрал жабдықтар: магнитті тақта, түрлі — түсті магниттер, әр түрлі ойыншықтар, суреттер, Қонжық.
Билингвалды компонент: доп – мяч, қонжық — медвежонок

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қане, шеңбер құрайық
Алақанды ашайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған бар шуақты
Бір — бірімізге сыйлайық

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілі неше айдан тұрады?
— Қане, күз мезгілінің ай аттары қалай аталады?
— Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

«Ғажайып сәт»
— Балалар, бүгін бізге тағы бір қонақ келмекші еді, көрінбейді ғой. Қане, әйнек жаққа қарайықшы, бар ма?

— Енді есік жаққа қараңдар (Қонжықпен балаларды амандастыру және таныстыру. Қуыршақ Қонжықтың балалардан көмек сұрай келгенін айтамын.
— Балалар, Қонжық шарларды әдемілеймін деп магниттерді дайындап қойғанда қатты жел соғыпты да, магниттер араласып кетіпті. Енді ол қай магнитті қай шарға қоятынын білмей жылап отыр.
— Балалар Қонжыққа көмектесейік пе?

Балалар шаттық шеңберін орындайды.

-күз
-3 ай
-қыркүйек, қазан, қараша

-күн бұлтты, салқын, жаңбыр болады, жапырақтар ағаштардан түседі, жапырақтардың түсі сары болады.

(Балалар әйнек жаққа мойындарын бұрады)
— Жоқ.
Ол жақтан қонжықты көреді

(Көмектесуге келіседі.)
Ұйымдастыру-іздестіру 1 — ойын: «Әсем шарлар»
Шарларды сол түстес магнитпен әсемдеу.

— Балалар, қызыл шарға қандай магнитті орналастырдық?
— Ал көк шарға ше?
— Балалар, назар аударыңдаршы, магниттер көп пе, аз ба?
— Ал шарлар ше?
Қонжық: рахмет сендерге балалар, маған көмектестіңдер, енді сендердің қастарыңда жүріп көп нәрсе үйренгім келеді. Маған үйретесіңдер ме?
Ал мынау не?
-түстері қандай?
Қане осы мұнараны құрастырып ойнайық.
2-ойын
Ойынның аты: «Мунараны қурастыр»
Кім, тез, шапшаң, дурыс мунараны қурастырады. (2 бала шығару)

3 — ойын:
Үстел үстінде көлемдері әртүрлі ойыншықтар жатады. Қонжықты сол жерге жақындату және ең кішкене ойыншық допты тауып беруін сұрау.
— Балалар, Қонжық мына ойыншықтардың қалай аталатынын және олардың қайсысы кішкене, қайсысы үлкен екенін айыра алмай тұр. Сендер айта аласыңдар ма?

Билингвалды компонент: доп — мяч

Сөздік жұмыс — домалақ

Саусақ жаттығуы:
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Тәрелкені сындырдың
Үстел үстін бүлдірдің

Д\о: «Ұқсас заттарды тауып бер».
Мақсаты: балаларға бір затты көрсету, балалар алдарында тұрған суреттерден соған ұқсас затты көрсетеді. Мысалы: шар. Оған ұқсайтын доптың, күннің, алманың т. б. суреттерін көрсетулері керек.

— Балалар, Қонжық сендерге өте риза болды, балабақшада көп нәрсе үйреніпсіңдер. Енді балабақшаға мен де келем деп отыр. Ал қазір онымен қоштасайық. Магнитті тақтадағы салынған шарларға сол түстес магниттерді жапсырады
Қызыл магнитті
Көк магнитті

Магниттер көп
Шарлар аз

иә
мұнара
қызыл,сары, көк

ойынды қызыға ойнайды.

Балалар тұрған ойыншықтарды атайды, санайды және үлкен — кішісін көрсетеді.
Балалар «доп — мяч» деп қайталайды

Балалар екі қолдың саусақтарының бастарын біріктіріп доптың пішініне келтіреді, қол қимылдарымен домалаған доптың қимылын көрсетеді

Ойынды қуанып ойнап шығады

Балалар Қонжықпен қоштасады.
Рефлексивті-түзетушілік — Біз бүгін кімге көмектестік?
— Айсұлуға көмектеспесек не болар еді?
Балаларға Қонжыққа көмектесіп жақсы іс жасағандарын, үнемі бір — біріне көмектесіп жүрулері керектігін айтып мадақтау. Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: түсті ажыратуды, аз — көп ұғымдарын, үлкен — кішкене ұғымдарын, салыстыруды;

Игереді: ойлай білуді, қойылған сұраққа толық жауап қайтару керектігін;

Меңгереді: қайырымдылық жасауды, бір — біріне көмектесудің жақсы іс екендігін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.