Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • тьт ьб б

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»

  • Вариатив көңілді бояулар

  • Көркем әдебиет “Біздің балабақшада»”

  • Циклограмма Жаңартылған білім мазмұны бойынша

  • Рза Қунақова “Жемістер жыры”

  • Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар

Балабақша
Home›Балабақша›Шеберлік сынып «Дос іздеген бота»

Шеберлік сынып «Дос іздеген бота»

By admin
9 августа, 2020
179
0
Share:

Шеберлік сынып
Тақырыбы: «Дос іздеген бота»
Мақсаты: Қатысушыларға ертегі желісінің ерекшелігін көрсету, достықтың маңыздылығын түсіндіру.
Маған қазір шеберлік сыныпымды көрсету үшін 3тәрбиешіні ортаға шақырамын.
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы:
— Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес, — дейді.
Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.
(Алдымызда тұрған үлкен қорапшаны ашамыз.Ертегі желісі бойынша жалғастырамын.)
Жайылып жүрген құлынды көріп:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп бота боздайды.
— Иһ – һ – һі, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп құлын кісінейді.
(Құлын тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес, — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін бұзау болар, — деп құлын ботаны шығарып салады.
Бота бұзауға келіп:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп бота боздайды.
— Мө – ө – ө, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп бұзау мөңірейді.
(Бұзаудың тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес, — дейді бота.
— Мүмкін қозы болар, — деп бұзау ботаны шығарып салады.
Бота қозыға келеді:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Мә – ә – ә, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп қозы маңырайды.
(Қозының тапсырмасын орындау)
— Жоқ сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін күшік болар, — деп қозы ботаны шығарып салады.
Бота күшікке келіп:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Әуп – әуп, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп күшік үреді.
(Күшіктің тапсырмасын орындау)
— Жоқ сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін мысық болар, — деп күшік ботаны шығарып салады.
Бота мысыққа келіп:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Мияу – мияу, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп мысық мияулайды.
(Мысықтың тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін әтеш болар, — деп мысық ботаны шығарып салады.
Бота әтешке келіп:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Ку – ка – ре – ку! дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп әтеш айғайлайды.
(Әтештің тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін қарға болар, — деп әтеш ботаны шығарып салады.
Бота қарғаға келіп:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Қа – а – рр, қа – а – рр, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп қарға қарқылдайды,
(Қарғаның тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін бақа болар, — деп қарға ботаны шығарып салады.
Бота бақаға келіп:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
— Бақ – бақ, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп бақа бақылдайды.
(Бақаның тапсырмасын орындау)
— Жоқ, сен сияқты дос емес — дейді бота күлімдеп.
— Мүмкін ара болар, — деп бақа ботаны шығарып салады.
Бота араға келіп:
— Бө – ө – ө, мен дос іздеп жүрмін, — деп боздайды.
—З – з – з – зз, дос болғын келсе менің тапсырмамды орында, — деп ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.
Анасы: — Дос таптың ба, ботам? — деп сұрайды.
— Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен, — дейді.
Анасы жымиып:
— Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, — дейді. Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен дейді.

МКҚК «Алтын ұя» бөбекжайы

Шеберлік сынып
«Дос іздеген бота»

Өткізген: «Бәйтерек» ортаңғы топ тәрбиешісі

А.Абайқызы

Previous Article

«Қонжыққа көмектесейік»

Next Article

Қарттарын қадірлеген – ел ардақты

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    «Біздің айналамыздағы әлем-біздің үйіміз»

    30 июля, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Анашым – қуанышым

    20 марта, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Менің Отаным- Қазақстан!

    22 апреля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Балабақша топтарында психологиялық комфорт қалыптастыру

    10 августа, 2020
    By admin
  • Балабақша

    «Что посеешь, то и пожмешь» 2

    2 апреля, 2018
    By admin
  • БалабақшаТехнологиялық карта

    «Атасының ақылы» (әңгіме) С.Сейтенов

    2 октября, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    “Үлкен кіші құмыралар”

  • Балабақша

    Түлкі, тасбақа және кене

  • Балабақша

    Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың маңызы

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары
  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”
  • тьт ьб б
  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым
  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек
  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа
  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар
  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»
  • Вариатив көңілді бояулар

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика