Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Нөсерлеу сөз табы

  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)

  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді

  • «Құстарға қыста қамқор бол»

  • Бала өміріндегі ең басты әрекет

  • «Жарқын елдің шамшырағы”

  • Дала жануары

  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”

  • тьт ьб б

  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым

  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек

  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа

  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар

  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»

  • Вариатив көңілді бояулар

  • Көркем әдебиет “Біздің балабақшада»”

  • Циклограмма Жаңартылған білім мазмұны бойынша

  • Рза Қунақова “Жемістер жыры”

  • Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар

БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ
Home›БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ›“Абай-дана, Абай-дара қазақта “

“Абай-дана, Абай-дара қазақта “

By 640715
10 августа, 2020
242
0
Share:

Білім беру саласы: Әлеумет.

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: «Абай –дана, Абай –дара қазақта!

Мақсаты: 1.Балаларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлымен таныстыруды жалғастыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2.  Сөйлеу, мәнерлеп айту қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Балалар, қанекей, бүгін қандай өзгеріс байқадыңдар? Жан-жағымызға қарайықшы! Әрине, бүгін біздің топқа құтты қонақтар келіпті, ең алдымен амандасып алайық!

Сәлеметсіздер ме құрметті  қонақтар!.

Шаттық шеңбер:

Алақанда ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық.

Тәрбиеші:-Балалар мынау кімнің суреті.

Балалар:  Абай Құнанбайұлы.

Тәрбиеші:-Абай Құнанбай кім?

Балалар: Ақын, жазушы, аудармашы.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді.

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы.

Тәрбиеші:-Балалар Абай атамыздың тақпағын  кім оқып береді?.

Алихан.

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Аделя

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек , өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Тәрбиеші:-Абай атамыздың бес асыл сөзі бар .

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым.

Бес жаман нәрседен қашық бол дейді.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,  бекер мал шашпақ.

Тәрбиеші- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

 Балалар: төрт мезгіл бар.

 Күз, қыс, көктем, жаз.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тыныштық сәті: -Балалар көзімізді жұмамыз. Төрт жыл мезгілін көзімізге елестетеміз. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктері бар. (Күз, қыс, көктем , жаз).

Көзімізді ашамыз.

Тәрбиеші:- Біздің Абай атамыздың төрт мезгілге арнап шығарған тақпағы бар екен.

-Ал енді балалар біз қазір төрт топқа бөлінеміз.

Алдарыңда қағаз бетіне түсірілген төрт жыл мезгіліне арналған ағаштар бейнеленген.Осы ағаштарды жыл мезгіліне сай бейнелейміз.

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

Тәрбиеші:-Балалар қараңдаршы қандай тамаша көріністер.

Осы жыл мезгіліне арнап Абай атамыз тақпақ шығарған екен.

Суретті салып болған соң балалар жыл мезгіліне арналған тақпақтарын айтады.

Күз

Райяна

Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Қыс.

Жан, Айару

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы-ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Көктем

Інкар.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаз.

Асанали

Жаздыкүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек.

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда.

Жарайсыңдар балалар.

Абай атамыздың қырық бес қара сөзі бар екен.

Он төртінші сөз.

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?

Біздің қазақтың жүректі кісі дегені-батыр кісі дегені.

Қырық төртінші сөз. (Нұрдос)

Адам баласының ең жаманы-талапсыз.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметінде белсенділік таныттыңдар. Өте жақсы.

Тәрбиеші:-Балалар  бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Балалар: Ия.

– Бүгінгі оқу қызметінде қазақтың ұлы ғұламасын, керемет кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев аталарыңның шағармашылығы мен өмірі мен таныстық.

Тəрбиеші: -Біз Абай Құнанбаев атамыздың өлеңдерін тақпақтарын, асыл сөздерін мәңгілік  жадымызда сақтаймыз.

Тәрбиеші: -Ал енді,балалар оқу қызметінің соңында Абай Құнанбаев атамыздың өлеңін айтайық.

Ән: Көзімнің қарасы.

Previous Article

“ҚОЛҒАП” ертегісі

Next Article

Анамызға гүл суаруға көмектесеміз

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Әдемі кесе

    30 апреля, 2017
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Құстар біздің – досымыз!

    5 мая, 2017
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Математика әлеміне саяхат

    17 февраля, 2017
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІТехнологиялық карта

    Технологиялық карта: “Менің тату-отбасым”

    25 ноября, 2016
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Екі қасқыр (аңыз)

    17 февраля, 2017
    By admin
  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    «Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны»

    15 ноября, 2019
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Жалпы рубрика

    Өсімдік  шаруашылығының  негізгі  бағыты

  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Көктемгі гүлдер

  • Эссе жинағы

    Эссе «Жалынды жастар – жарқын болашақ»

Біздің Инстаграм каналымызға тіркеліңіз

Жаңа жарияланымдар

  • Нөсерлеу сөз табы
  • Мамандығым- мақтанышым (эссе)
  • 1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. 2. «Кім ұқыпты» ойыны. 3. «Түйілген орамал» ойыны. 4. «Күлімде, Күн» ойыны. 5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. — Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар. Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді
  • «Құстарға қыста қамқор бол»
  • Бала өміріндегі ең басты әрекет
  • «Жарқын елдің шамшырағы”
  • Дала жануары
  • Сөйлеуді дамыту “Ойыншықтар”
  • тьт ьб б
  • Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым
  • № 412 бұйрық. 24 қыркүйек
  • Үлгілік оқу жоспары. Жаңа
  • Әдістемелік нұсқау хат. Мектепке дейінгі ұйымдар
  • «Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы»
  • Вариатив көңілді бояулар

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика